2002 жылғы 20 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы Тауар номенклатурасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1166 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы Тауар номенклатурасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың  жобасы мақұлдансын.
      2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы Тауар номенклатурасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 1166 қаулысымен
мақұлданған    

Жоба

2002 жылғы 20 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы Тауар номенклатурасы
туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      2002 жылғы 20 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы Тауар номенклатурасы туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 4-бабын басшылыққа ала отырып,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-баптағы «Ресей Федерациясы Сыртқы экономикалық қызметiнiң он мәндi тауар номенклатурасын» деген сөздер «Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметiнiң он мәндi бірыңғай Тауар номенклатурасын (КО СЭҚ ТН)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеден одағында белгіленген тәртіпке сәйкес Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың СЭҚ TH жүргiзудi жүзеге асырады».

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны ЕурАзЭҚ Интергациялық комитеті болып табылатын депозитарийге сақтауға берген күнінен бастап күшіне енеді.
      20 ___ жылғы «__» _________________ _____________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Осы Хаттамаының түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшірмесін Тараптарға жіберетін депозитарийде сақталады.

      Қазақстан          Беларусь           Қырғыз
      Республикасының    Республикасының    Республикасының
      Үкіметі үшін       Үкіметі үшін       Үкіметі үшін

      Ресей Федерациясының       Тәжікстан Республикасының
          Үкіметі үшін                 Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады