"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1189 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 728 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасында:
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген кестеде:
      бесінші жолда:
      бірінші бағандағы «ҚИК» АҚ қорының тұрғын үйі – сатып алу құқығымен жалдау» деген сөздер «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі – сатып алу құқығымен жалдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Жауапты мемлекеттік орган» деген бағандағы «ҚИК» АҚ» деген аббревиатура «ҚИК» ИҰ» АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Халықтың Бағдарламаға қатысуын жоғарылату мақсатында жергілікті атқарушы органдар бұқаралық ақпарат құралдарында және интернетте негізгі бағыттарды кеңінен жариялауды, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуі қажет.
      Сонымен қатар, өтініш берген сәттен бастап пәтер беру туралы шешімді қабылдағанға дейін азаматтардың өтініштерін қараудың барлық кезеңдері туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың веб-сайттарында орналастыру арқылы барлық бағыттар бойынша Бағдарламаның шеңберінде тұрғын үй бөлу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету қажет.»;
      «ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» деген кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының шеңберінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алу шартымен ғана (жекешелендіру құқығынсыз) тұрғын үй беру туралы мәселе қаралатын болады.»;
      «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» деген кіші бөлімнің «Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер» деген 2) тармақшасында:
      бесінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жайлылығы 3-сыныпты Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңге (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 112,5 мың теңге (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), қалған өңірлерде 90 мың теңге (инженерлік желілердің құнын есептемегенде);»;
      «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың тұрғын үйі» деген кіші бөлімде:
      екінші бөлігінде:
      2-тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын әлеуметтік қорғау органының анықтама не жұмыс орнынан, оның ішінде мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйым қызметкерінің, әскери қызметшінің, құқық қорғау органы қызметкерінің және басқаларының жұмыс орнынан анықтама;»;
      3-тармақта:
      бірінші бөліктің үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы еншілес/тәуелді ұйымдар оның қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету үшін және кейіннен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында «ҚИК» ИҰ» АҚ құрылымынан бөліну мүмкіндігімен акционерлік қоғам және/немесе жауапкершілігі шектеулі серіктес түрінде құрылады.»;
      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚИК» ИҰ» АҚ» және/немесе оның еншілес/тәуелді ұйымдары сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салған кезде:»;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаның шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін құрылысы аяқталмаған тұрғын үй құрылыс объектілері салынған және пайдалануға берілмеген тұрғын үй құрылыс объектілері салынған және пайдалануға берілген дайын тұрғын үйді (бұдан әрі – сатып алынатын объектілер) әрі қарай сатып алу құқығымен жалға беру үшін үшінші тұлғалардан ала алады (сатып ала алады). Сатып алынатын объектілер жайлылығы 3 және 4-сыныпқа сәйкес келуге тиіс.»;
      төртінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) кірісі жеткілікті болмаған жағдайда қосымша жалдаушыларды тарту мүмкіндігі.»;
      «Қажетті ресурстар» деген 6-бөлімде:
      «Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген кіші бөлімде:
      екінші бөліктің 4) тармақшасындағы «ҚИК» АҚ» деген аббревиатура «ҚИК» ИҰ» АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген қосымшада:
      реттік нөмірі 4-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жалға берілетін тұрғын үйді және құрылысы аяқталмаған тұрғын үй құрылыс объектілерін, салынған және пайдалануға берілген (дайын) тұрғын үйді үшінші тұлғалардан алу (сатып алу) салуды қамтамасыз ету үшін «ҚИК» ИҰ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту.»;
      реттік нөмірі 8-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «56,504 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы – 27,563 млрд. теңге, 2016 жылы – 28,941 млрд. теңге сомасына мемлекеттік кепілдіктерді шығару».
      2. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады