Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1194 Қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес сыртқы жылу желілері республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөнінде қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 1194 қаулысына    
қосымша        

Республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілетін мүліктің тізбесі 
 


Объект атауы


Мүліктің атауы

Бастапқы құны, теңге

Соның ішінде: тозуы, теңге

«Ақорда», «Үкімет үйі», «Сенат», «Мәжіліс» ғимараттарын қалалық жылумен жабдықтау желілеріне қосу»

ЖЖ 1 сыртқы жылумен жабдықтау желілері

100 681 733

5 034 086,65

ЖЖ 2 сыртқы жылумен жабдықтау желілері

139 100 786

6 955 039,30

Жиыны:


239 782 519

11 989 125,95

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады