Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi" туралы 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1209 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір
мәселелері» 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына және
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29
желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17
қыркүйектегі № 1209 қаулысына баспасөз хабарламасы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың жекелеген мамандарына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу қазіргі кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2003 жылғы 30 мамырдағы № 119-ө бұйрығының негізінде жүзеге асырылуда.
      ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1209 қаулысы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қарашадағы № 1132 және 2007 жылғы 20 желтоқсандағы № 1400 қаулыларында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоғарыда аталған біліктілік сипаттамаларын бекіту бойынша құзыретін бекіту үшін қабылданды.
      Сонымен қатар, азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдар тізілімі жекелеген лауазымдармен толықтырылды.
      ҚР Үкімет қаулысы мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарды кадрлық нығайту және мамандарын ынталандыру үшін қабылданды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз