Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қазандағы № 1250 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 1326 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.12.2013 № 1326 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың:
      1) мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін:
      ҚР СТ 1046-2008 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L.) бір тоннасына 40000 (қырық мың) теңге (ҚҚС төлеушілер үшін) мөлшерінде;
      2) мемлекеттік жемдік астық ресурстары үшін:
      ҚР СТ 1046-2008 4-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L.) бір тоннасына 36000 (отыз алты мың) теңге мөлшерінде;
      ГОСТ 28672-90 2-сыныпты арпаның бір тоннасына 32000 (отыз екі мың) теңге мөлшерінде;
      3) мемлекеттік тұқым ресурстары үшін:
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша сатып алу бағасы белгіленсін.
      2. «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы» және «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1118 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1496 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 136-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 1 қазандағы
№ 1250 қаулысына   
қосымша     

Жаздық жұмсақ бидайдың және арпаның сорттық тұқымдарын сатып
алу бағасы (1 тоннаға теңге)

Дақылдың атауы

I репродукция

II репродукция

III репродукция

1-сынып

2-сынып

1 -сынып

2-сынып

1-сынып

2-сынып

Бидай.

77 200

66 400

64 160

64 240

52 880

50 120

Арпа

70 080

57 280

58 240

49 600

43 840

38 720

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады