"Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 1371 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 563-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасында:
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылатын, алаңы бір жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны бір жүз елу еселенген ең төменгі есепті көрсеткіштен аспайтын жабдықты бергенде;»;
      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы Қағиданың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға берген кезде мүдделі тұлғаның объектіні сенімгерлік басқаруға беруге еркін нысандағы өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:»;
      28-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Жеке тұлға болып табылатын тендердiң ықтимал қатысушысы осы Қағиданың 27-тармағының 1), 2), 8), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ:».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С. Ахметов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады