Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1465 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі - кәсіпорындар) заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындардың жарғыларын бекітуге енгізсін;
      2) әділет органдарында кәсіпорындардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімдегі реттік нөмірі 4, 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      «11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 20 қарашадағы
№ 1465 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады