"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1589 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1472 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1589 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 187-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттауды осы салада маманданған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) жүзеге асырады.».
      көрсетілген Қағидалардың 4-қосымшасының бірінші абзацы мынадай
редакцияда жазылсын:
      «______________________________________________________________
_________________________________________ бұйрығына сәйкес мына құрамдағы (мамандандырылған ұйымының атауы) аттестаттау комиссиясы
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) аттестаттау (есептен шығару, есепке алу) мақсатында селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді тексерді.».
      көрсетілген Қағидалардың 12-қосымшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мамандандырылған ұйымның басшысы __________________».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады