Байланыс формасы

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1531 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:
      1) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - «ИТП» АЭА) жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
      2) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін қосалқы жер пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
      3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;
      4)  «ИТП» АЭА-ға қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен «ИТП» АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті уәкілетті органға ұсыну;
      5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;
      6) арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылым объектілерін салу және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;
      7) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;
      8) халыққа қызмет көрсету орталығының «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;
      9) «ИТП» АЭА-ны құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуын растау;
      10) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2012 жылға арналған республикалық бюджетте кезделген қаражат есебінен 80 900 000 (сексен миллион тоғыз жүз мың) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігімен бірлесіп, жарғыны бекітуді және оны Қазақстан
Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        С. Ахметова

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1531 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,№ 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларыньщ мемлекетгік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-144-жолмен толықтырылсын:
      «123-144. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-49-жолмен толықтырылсын:
      «237-49. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады