Байланыс формасы

"Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1584 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-2) ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті адамдарды стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан және зерттеуден өткізу жөніндегі мемлекеттік ұйым;»;
      «4-3) ғарыш инфрақұрылымы объектілері;»;
      7-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарда:
      1-тармақ 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) сырғыма перде - үй-жайларды немесе аумақты бөгде адамдардың кіруінен қорғауға, мүліктің және терезелер мен есіктердің тұтастығын сақтауға арналған, адамдарды және материалдық бағалы заттарды кедергісіз эвакуациялауға мүмкіндік бере отырып, жедел жағдайларда ішкі жағынан тез ашылады;»;
      1-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) механикалық қорғау құралдары - ғимараттар мен үй-жайлардың әр алуан бекіту құрылғыларымен (құлыптар, жапсырмалар, торлар, сырғыма перделер және т.с.с) жабдықталған, объектілерді бұзып кіруден тиісінше қорғауды қамтамасыз ететін және кіруді, сондай-ақ ұрланған заттар мен бұйымдарды алып шығуды барынша қиындататын конструкциялық элементтердің (қабырғалар, еден, төбе, есіктер, терезе жақтаулары) жиынтығы;»;
      4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Монтаждау-ретке келтіру қызметтерін көрсету саласындағы нарықты одан әрі жетілдіруді және дамытуды ескере отырып, уәкілетті органдар мен бөлімшелер қосымша қорғау шебі ретінде объектілер қауіпсіздігінің осы талаптарда айтылмаған, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында декларацияланған және сертификатталған қазіргі заманғы өзге де техникалық жүйелері мен құралдарын ұсына алады.»;
      6-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) А санаты - мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер - медициналық препараттарды, есірткі құралдарын, жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлік және киім-кешек қоймалары; атом энергиясын пайдалану объектілері; әскери-өнеркәсіптік мақсаттағы өнім шығаратын сала объектілері;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) С санаты - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының әкімшілік ғимараттары және объектілері; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері, оның филиалдары мен сақтау қоймалары; шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер мен Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері; республикалық маңызы бар байланыс, теле және радиохабарларын тарату объектілері; ғарыш инфрақұрылымы объектілері.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қоршауға оның периметрінің бір бөлігі болып табылатын ғимараттардан басқа қандай да бір құрылыс жапсарлас орналаспауға тиіс, бұл ретте күзетілмейтін аумаққа шығатын ғимараттардың бірінші қабаттарының, сондай-ақ кіретін есік күнқағарынан, өрт сатысынан және жапсарлас құрылыстардың төбелерінен кіруге болатын келесі қабаттардың терезелері қажетті жағдайда жабылуы тиіс сырғыма перделермен жабдықталуға тиіс. Ғимарат маңындағы құрылыстардың жалпы кейпіне сәйкес келтіру қажет болған жағдайда, төбе жағы шыныланған, арнайы үлдірмен күшейтілген, сондай-ақ Бөлімшелермен келісілген өзге де техникалық шараларды пайдалануға рұқсат етіледі.»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. БӨП үй-жайы байланыс, өрт сөндіру құралдарымен жарақталады және ОБП-ға қосылған дабыл сигнализациясы жүйесімен жабдықталады.»;
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Қоймалар үй-жайларының, кассалардың, қару-жарақ бөлмелерінің, мекемелердің құпия бөлімдерінің терезе жақтаулары металл торлармен жабдықталады, торлар 150x150 ұяшықтарды құрайтын, диаметрі кемінде 16 мм болат шыбықтардан жасалады. Шыбықтардың қиылысатын жерлерін дәнекерлеу қажет. Тор шыбықтарының ұшы қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке бекітіледі және цементті ерітіндімен құйылады немесе металл конструкцияларға дәнекерленеді. Мұны орындау мүмкін болмаған жағдайда, тор мөлшері кемінде 30x30x5 бұрыштамамен көмкеріледі және периметрі бойынша қабырғаға диаметрі кемінде 12 мм және ұзындығы кемінде 120 мм болат анкермен 80 мм тереңдікке мықтап дәнекерленеді.»;
      47,48 және 49-тармақтар алынып тасталсын.
      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «95. Күзеттің әр шебінен келген дабыл хабарламасы ОБП-нің дербес нөміріне, бірнеше нөміріне (шептерді бірнеше аймақтарға бөлу кезінде) немесе объектінің ішкі күзет пультіне шығарылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С.Ахметов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады