Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1590 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысымен

"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті
лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы"
Қазақстан Республикасының Үкіметінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1590 қаулысына
Баспасөз-релизі

      Қаулымен біліктілік талаптары және теле-, радио арналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілген.
      Лицензияны алу үшін лицензиаттың (жеке немесе заңды тұлға) өтініштен басқа мәліметтер нысанын толтырылғаны, сондай-ақ тек қана 3-4 құжаттың сканерленген көшірмесін қоса тіркеп жіберу қажет. Бұрын лицензиаттың өзі дайындауы тиіс 10-ға жуық сканерленген көшірмелерін қоса тіркеп беру қажет болды.
      Бiлiктiлiк талаптарын растайтын құжаттарының тізбесі анықталғаннан кейін лицензияны алу үшін құжаттардың тапсырылуы жеңілденді.
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетін теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті іске асыру жөніндегі лицензиар болып табылады.
      Қаулы Қазақстан Республикасының ақпарат және мәдениет Министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан: www.mki.gov.kz («Нормашығармашылық қызметі» бөлімінің «Нормативтік-құқықтық актілер (Ақпарат басқармасы)» бөлімшесінде).

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз