Жобалау-сметалық құжаттамаларды республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1645 Қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің теңгерімдік құны 607546000 (алты жүз жеті миллион бес жүз қырық алты мың) теңге жобалау-сметалық құжаттамаларды республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің теңгерімінен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1645 қаулысына   
қосымша          

Республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілетін жобалау-сметалық құжаттамалардың тізбесі
 

Р/с№

Атауы

Құны (теңге)

1.

ОҚО Түркістан қаласындағы тарихи-этнографиялық саябақтың құрылысына жобалау-сметалық құжаттама.

119500000

2.

ОҚО Түркістан қаласындағы «ОҚО туристік объектілері» ашық аспан астындағы карта мұражайының және инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің, ОҚО Отырар ауданындағы алаңы 176 га Отырар туристік кешенінің аумағын абаттандыра отырып, инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама.

119850000

3.

ОҚО Отырар ауданындағы туристерге қызмет көрсету орталығы бар этнографиялық кешеннің, ОҚО Отырар ауданындағы «Шарбақ» тарихи-мәдени мұражай кешенінің және Отырар оазисі археологиялық ескерткіштері этнопаркінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама.

54800000

4.

ОҚО Түркістан қаласындағы 10 мың орынға арналған зияратшылар ауылының (1,2 кезегі), ОҚО Отырар ауданындағы «Отырар» кәдесый өндірісін дайындау орталығының (халық қолөнері және кәсіпшілік мектебі), ОҚО Отырар ауданындағы туристерге қызмет көрсету орталығымен 60 орынға арналған маусымдық қонақ үйдің, ОҚО Отырар ауданындағы туристер келетін археологиялық объектілердің үстінен жабын конструкциялардың құрылысына жобалау-сметалық құжаттама.

209880000

5.

ОҚО Төлеби аудандағы «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама.

103516000




Барлығы:

607546000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады