Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1655 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 қаулысымен

«Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1655 қаулысы бойынша пресс-релиз

      2012 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен «Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан әрі - қаулы) қол қойылды.
      Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын (бұдан әрі-Заң) іске асыру үшін әзірленді.
      Заңмен «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына хабарлама тәртібін енгізу туралы толықтырулар енгізілді.
      Қаулымен:
      - мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдау қағидалары және хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу қағидалары;
      - қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;
      - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке және заңды тұлға өтінішінің нысаны;
      - лицензия және лицензияға қосымшаның нысаны бекітіледі.
      Бұдан басқа, қаулы қаржы саласындағы қызметтің және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтің лицензиарын - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі деп айқындайды.
      Қаулы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 1-бабының 5-тармағына, 15-3-бабының 27-тармақтарына және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына10-бабына сәйкес әзірленді.

      Қазақстан Республикасы
      Экономикалық даму және сауда
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз