Байланыс формасы

"Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 673 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1710 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 673 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 542-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталында қатысудың бақылау үлестерiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаратын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi – мемлекеттiк органдар):
      1) мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың 2011 – 2013 жылдарға арналған қаржы-шаруашылық қызмет жоспарына сәйкес 2011 жылға арналған өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыруын;
      2) мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидасына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың 2012 – 2016 жылдарға арналған даму жоспарларының бекiтілуін;
      3) мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне қосу үшiн мемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторға ұсынылуын қамтамасыз етсiн.»;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидасында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган), стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін тиiстi салалардың уәкiлеттi органдарын қоспағанда, мыналарды:
      1) мемлекеттiк органның (жергiлiктi атқарушы органның) стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту бағдарламасында) көрсетiлген мақсаттарға қол жеткізуге және міндеттерді орындауға әкелетін ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін;
      2) мемлекеттiк органның (жергiлiктi атқарушы органның) стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту бағдарламасында) көрсетiлген оның мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштерін әзiрлейдi және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың бiрiншi қыркүйегiне дейiн ұйымға жеткiзедi.
      Түйiндi көрсеткiштер тiкелей нәтижелердi (белгiлi бiр көлемдегi және сападағы ұсынылған өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi), сондай-ақ түпкiлiктi нәтижелердi (оларды алушылар үшiн ұсынылған өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) тиiмдiлiгi) көрсетуге тиiс.
      Түйiндi көрсеткiштер сапа көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) оны алушылардың үміттеріне сәйкес келу дәрежесі) және тиімділік көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өндірілетін бірлігіне пайдаланылатын ресурстарды төмендету) заттай немесе құндық мәнін қамтуы мүмкін.
      Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілген жағдайларда тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде, ұйым үшін мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ түйiндi көрсеткiштерді нақтылайды.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Тиiстi саланың стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін уәкiлеттi органдары жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың бiрiншi қыркүйегiне дейiн ұйымға:
      1) тиiстi саланың уәкiлеттi органының оның бюджеттік бағдарламасында көрсетiлген бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуге және міндеттерді орындауға әкелетін ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін;
      2) тиiстi саланың уәкiлеттi органының оның бюджеттік
бағдарламасында көрсетiлген оның мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштерін жеткiзедi.
      Түйiндi көрсеткiштер тiкелей нәтижелердi (белгiлi бiр көлемдегi және сападағы ұсынылған өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi), сондай-ақ түпкiлiктi нәтижелердi (оларды алушылар үшiн ұсынылған өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) тиiмдiлiгi) көрсетуге тиiс.
      Түйiндi көрсеткiштер сапа көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) оны алушылардың үміттеріне сәйкес келуіне) және тиімділік көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өндірілетін бірлігіне пайдаланылатын ресурстарды төмендету) заттай немесе құндық мәнінде қамтуы мүмкін.
      Бюджеттік бағдарламаға өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілген жағдайда тиiстi саланың уәкiлеттi органы бюджеттік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін немесе жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде, ұйымның мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ түйiндi көрсеткiштерін нақтылайды.»;
      67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Тиiстi жоспарланатын кезеңге арналған даму жоспарының жобасын әзiрлеудi, сондай-ақ даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді әзiрлеудi бiрыңғай оператор әзiрлеген бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, ұйымның атқарушы органы мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
      1) бiрiншi жыл: бiрiншi жоспарланатын жылдың қаржы-шаруашылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi толық (таратылып) жазылады, жоспарланатын келесi жылдары жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бөлiнiсінде көрсетiледi;
      2) екiншi жыл: бiрiншi жылдың бағалануы, екiншi жыл толық  (таратылып) жазылып, жоспарланатын келесi жылдары жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бойынша  бөлiнісі түрінде;
      3) үшiншi жыл: бiрiншi жылдың фактісі мен екiншi жылдың бағалануы, үшiншi жыл толық жазылып (таратылып), келесi жылдар жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бойынша бөлiнісі түрінде;
      4) төртiншi жыл: бiрiншi, екiншi жылдардың фактісі және үшінші  жылдың бағалануы, төртiншi жыл толық жазылып (таратылып), келесi жылдар жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бойынша бөлiнісі түрінде;
      5) бесiншi жыл: бiрiншi, екінші, үшінші жылдардың фактісі және  төртiншi жылдың бағалануы, бесiншi жыл толық жазылып (таратылып)  енгiзiлетiн түзетулердi көрсетеді.
      Даму жоспарында жиынтықталған көрсеткiштер, оның ішінде
мақсаттарға және мiндеттерге қол жеткізу бойынша көрсеткіштер, түйiндi көрсеткiштер көрсетіледі. Даму жоспарына түсіндірме жазба түзетулерді ескере отырып, өткен жылдардың жыл сайынғы бағалануын және жоспарланған кезеңнің аяғына дейін алдағы кезеңнің жиынтықталған көрсеткiштерiнің негіздемесін қамтиды.
      Егер даму жоспарына түзетулер жиынтықталған көрсеткiштерге қатысты болмаса, олар бүкіл жоспар кезеңіне өзгеріссіз қалады.
      7. Атқарушы орган жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi қазанына дейiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) даму жоспарының жобасын, сонымен қатар жыл сайынғы түзетулерді (даму жоспарының екінші - бесінші жылдары) қарауға және келiсуге жiбередi.
      Байқау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарда атқарушы орган даму жоспарының жобасын тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) келiсуге енгiзбестен бұрын оны алдын ала байқау кеңесiмен келiседi.
      Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының жобасы түскен күннен бастап оны он бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
      Атқарушы орган ескертулер болған жағдайда он жұмыс күні ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) қайтадан келісуге жібереді.
      Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған даму жоспарының жобасын он жұмыс күнi iшiнде қарайды.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Даму жоспарының жобасын, сондай-ақ бекітілген даму жоспарының түзетулерін акционерлiк коғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша тиiстi саланың уәкiлеттiк органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың жиырма бесiншi желтоқсанына дейiн бекiтедi.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Бiрыңғай оператор ұйымның электрондық есебі түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұйымның электрондық мекенжайына электрондық есепті тiзiлiмге енгізгені туралы немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді.
      Ұйымның электрондық есебін қабылдаудан бас тарту негіздемесі:
      1) электрондық есепке тіркелген осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген басқару органының даму жоспарын бекіту туралы сканерленген шешімінің болмауы;
      2) электрондық есепке ұйымға тиесілі емес ЭЦҚ-мен қол қоюы болып табылады.
      Бiрыңғай оператор электрондық есепті қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ұйым ескертулерді жояды және қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде электрондық есепті қайтадан енгізеді.»;
      12-тармақ алынып тасталсын;
      1314-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Қажет болған жағдайда даму жоспарын түзетуге жарты жылда бір рет қана жол берiледi:
      Атқарушы орган жартыжылдық аяқталатын күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей даму жоспарының өзгертілген жобасын тиісті негіздемелерімен қоса, акционерлiк коғамның директорлар кеңесiнің, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестіктiң байқау кеңесiнің, мемлекеттiк кәсiпорынның тиiстi саласының уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органға немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) қарауына енгізеді.
      Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган бес жұмыс күнi iшiнде даму жоспарының түзетiлген жобасын пысықтайды және акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiне, мемлекеттiк кәсiпорынның тиiстi саласының уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан ұсынады. Жартыжылдық аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорынның тиiстi саласының уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) түзетілген даму жоспарын бекітеді.
      Даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мынадай жағдайларға:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай мен iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауына, мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстерге, сондай-ақ ұйымның қызметiне елеулі әсерi бар iшкi және сыртқы ортаның өзгеруiне;
      2) ұйым қызметiнiң негiзгi бағыттарының өзгеруiне;
      3) мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне немесе көрсетілген құжаттарды жаңа редакцияда қабылдауға, оның ішінде мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың бюджеттен қаржыландырылуына немесе бюджеттік кредиттеуге байланысты жол беріледі.
      14. Жыл сайын атқарушы орган акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiне, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) тиiстi негiздемелерiмен қоса, даму жоспарының (даму жоспарының екінші-бесінші жылдары) түзетiлген жобасын қарауға ұсынады.
      Даму жоспарының түзетілген жобасы даму жоспарының алдыңғы жылдарда іске асырылуын бағалау туралы ұсыныстарды, жоспарланатын кезең аяқталғанға дейін даму жоспарының жиынтықталған көрсеткiштерiн қамтиды.
      Байқау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарда атқарушы орган даму жоспарының түзетiлген жобасын, оны тиiстi саланың уәкiлеттi органымен немесе жергiлiктi атқарушы органмен (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) келiсуге енгiзгенге дейiн, байқау кеңесiмен алдын ала келiседi.
      Акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының түзетiлген жобасын тиiстi негiздемелерiмен қоса келiп түскен күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
      Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган бес жұмыс күнi iшiнде даму жоспарының түзетiлген жобасын пысықтайды және оны акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiне, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан ұсынады.
      Акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының пысықталған жобасын он күн iшiнде қарайды.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Ұйымның даму жоспарының іске асырылу мониторингі директорлар кеңесi, байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) ұйымның даму жоспарын орындау жөніндегі есебін бекіткеннен кейін жыл сайын отыз күнтізбелік күннің ішінде жүргізіледі.
      Ұйымның даму жоспарының іске асырылу мониторингі даму жоспарының және директорлар кеңесi, байқау кеңесi, тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) бекіткен ұйымның даму жоспарын орындау жөніндегі есебі негізінде жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 17-1, 17-2, 17-3, 17-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «17-1. Ұйымның даму жоспарының іске асырылу мониторингі мыналарды:
      1) кызметтің жоспарланған және нақты қол жеткізілген түйiндi көрсеткiштері, оларға қол жеткізілмеу себептері туралы ақпаратты;
      2) еркін түрде жазылатын және мынадай мәліметтерді:
      есепті кезеңде даму жоспарын іске асыру қорытындылары туралы қызметтің түйiндi көрсеткiштері, мақсаттары мен міндеттері бөлінісінде, оның ішінде оларға қол жеткізілу дәрежесі туралы (нақты нәтижелердің жоспарланғандардан ауытқулары болған жағдайда, түпкілікті нәтижелерге әсер еткен себептер мен факторларды ашып көрсету қажет);
      даму жоспарын іске асыру процесінде туындаған проблемалар, олардың қызметтік мақсаттары мен түйiндi көрсеткiштеріне ықпалы, сондай-ақ анықталған проблемаларды шешу мен даму жоспарының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шараларды қамтитын талдама жазбаны;
      3) ұйымның даму жоспарын іске асыруды жалғастыру жөніндегі, ұйымның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шараларды уақтылы іске асыруды  қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы және басқа да ұсынымдарды;
      4) қажет болған жағдайда жекелеген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, ресурстарды қайта бөлуді, тиімсіз болған іс-қимылдарды тоқтатуды қайта қарауды және проблемаларды шешу мен осал жерлерді жөндеуде жаңа тәсілдер әзірлеуді қамтиды.
      17-2. Мониторингтің нәтижелерін тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган), мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң директорлар кеңесі (байқау кеңесi) ұйымның даму жоспарының мақсаттарына, міндеттеріне, көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында қолданады.
      17-3. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) мониторинг нәтижелерін, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуді (қол қойылған және мөрмен расталған қағаз түріндегі қорытындының сканерленген көшірмесін қоса бере отырып) пайдалана отырып, электронды түрде мемлекеттік мүлік тізіліміне қосу үшін жібереді, оларға тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.
      Бiрыңғай оператор мониторингтің нәтижелері түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы органның электрондық мекенжайына мониторинг нәтижелерінің тiзiлiмге енгізілгені туралы немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді. Бiрыңғай оператордың мониторинг нәтижелерін қабылдаудан бас тарту негіздемесі тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы органның осы Қағидада көрсетілген талаптарды бұзуы болып табылады.
      Бiрыңғай оператор мониторинг нәтижелерін қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган ескертулерді жояды және мониторинг нәтижелерін қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мониторинг нәтижесін бiрыңғай операторға қайтадан енгізеді.
      17-4. Ұйымның даму жоспарының іске асырылу мониторингінің нәтижелері мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін бағалау кезінде пайдаланылады.»;
      осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1710 қаулысына   
қосымша         

Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың
және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң,
мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын
әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың
мониторингi мен оны бағалау қағидасына қосымша

Қызметтің мақсаттары мен міндеттеріне, түйiндi көрсеткiштеріне қол жеткізу

1*

2*

3*

4*

5*

Мақсат

Міндеттер

Қызметтің түйiндi көрсеткiштерінің (бұдан әрі – ҚТК) атауыи**

Өлшем бірлігі

Өткен жыл бойынша есепті кезеңнің бірінші жылына

20__ж. (есепті кезең)

нақты есеп ___ ж. % нақты өткенесеп ___ ж.

жоспар

нақты

нақты өткен ___ ж. % өткен жылдың жоспарына ___ ж.

жоспар

нақты

нақты есеп ___ ж. % нақтыжоспар ___ ж.






1 мақсат

1-міндет

1-ҚТК














n-міндет

n- ҚТК














N мақсат

1-міндет

1-ҚТК














n-міндет

n- ҚТК

























* мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту жоспарында), бюджеттік бағдарламада көрсетiлген мақсаттар мен міндеттерді орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын көрсеткiштері
** қызметтің түйінді көрсеткіші ұйымның мақсатына байланысты болады

Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі

р/с №

Ұйымның атауы

Қызметітң басты түрі

Меншік түрі

Облыстық әкімшілік-аумақтық бірлік

Борыштық жүктемесі мың теңге

Салықтар, бюджетке түсетін басқада міндетті төлемдер, мың теңге

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %

1

ұйым










кестенің жалғасы

Инвестициялар:

меншікті мың теңге

бюджеттік мың теңге

заемдық мың теңге

барлығы мың теңге

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %

кестенің жалғасы

Жаңадан жұмыс орындарын ашу

Жергілікті қамтуды көбейту шаралары

Активтерді қайта құрылымдау

Кіріс мың теңге

Шығыс мың теңге

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %

сатып алу көлемі

жергілікті қамту

активтің түрі (бейінді, бейінсіз, өзге)

акциялар пакетін шығырылуының % (қатысу үлесі)

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %














кестенің жалғасы

Қаржылық нәтиже мың теңге

Дивидендтер мың теңге

Тізім бойынша қызметкерлердің орташа саны

пайда мың теңге

шығын мың тенге

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %













кестенің жалғасы

Еңбекақы төлеу қоры мың теңге

Қаржылай тұрақтылық

есепті жыл

есепті жылдың алдындағы жыл

есепті жылдың алдындағы жылға %

активтердің тиімділігі

Қаржы тұтқасының (қаржы леверидждің) әсері

EBITDA







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады