"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1750 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Оңалту және банкроттық туралы

      Осы Заң жеделдетілген оңалту рәсiмiн және оңалту рәсiмiн қолдану, сондай-ақ борышкерді банкрот деп тану үшін негіздерді, оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізу тәртібі мен шарттарын және борышкердің кредитордың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігі кезінде туындайтын өзге де қатынастарды белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) ауыл шаруашылығы өндірушісі – жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның iшiнде төлдi өсiруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтардың), бал ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнiмiн, егер осы өнiмдi, оның iшiнде өңделген өнiмдi өткiзуден түсетiн кірісті жылдық кірістің жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраса, өндiретiн дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      2) оңалту және банкроттық рәсіміндегі аффилиирленген тұлғалар (бұдан әрі – аффилиирленген тұлғалар) – шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оңалту және банкроттық рәсімдерінің қатысушысы қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жасалған шартқа орай әсер ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттік шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда);
      3) әдейi банкроттық – заңды тұлғаның құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының және өзге органдарының іс-қимылы және (немесе) қабылдаған шешімдері нәтижесінде, сол сияқты дара кәсiпкердiң жеке мүддесiнде немесе өзге де тұлғалардың мүдделерiнде жасаған төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасауы немесе ұлғайтуы;
      4) әкімші – осы Заңда құқықтары мен міндеттері белгіленген, сотта іс қарау кезеңінде және оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізуде белгіленген тәртіппен тағайындалатын уақытша әкімші, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушылар;
      5) әкімшілік шығыстар – оңалту рәсіміне және банкроттық рәсіміне бастамашылық жасауға және өткізуге байланысты шығыстар;
      6) банкрот – дәрменсiздiгi заңды күшіне енген сот шешімімен белгiленген борышкер;
      7) банкроттық – борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi;
      8) банкроттық басқарушы – банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін кредиторлардың жиналысымен тағайындалған адам;
      9) банкроттық рәсімі – кредиторлардың талаптарын осы Заңда белгіленген тәртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;
      10) борышкер – төлемге қабiлетсiздiгi оған осы Заңда көзделген рәсiмдердi қолдануға негiз болып табылатын дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;
      11) бiртектi кредиторлар тобы – борышкерге қоятын бiрдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бiр-бiрiнiң алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.
      Бiртектi кредиторлар топтарын:
      өмiрге немесе денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтету туралы талаптар бойынша кредиторлар;
      еңбек шарттары бойынша еңбекақы және өтемақылар төлеу, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жалақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар;
      кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлар;
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредиторлар;
      тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзу шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар;
      кепiлмен қамтамасыз етiлмеген кредит (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар – қаржылық ұйымдар;
      кредиторлар – борышкердің облигацияларын ұстаушылар құрауы мүмкiн;
      12) дәрменсiздiк – кредиторлардың ақшалай мiндеттемелер бойынша талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргiзуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеудi қамтамасыз етуге борышкердiң сот белгiлеген қабiлетсiздiгi;
      13) жалған банкроттық – заңды тұлғаның басшысының, құрылтайшысының (қатысушысының) және өзге де органдарының әрекеті және (немесе) қабылдаған шешімдері нәтижесінде, сол сияқты дара кәсiпкердiң кредиторларға тиесілі төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруы немесе ұзартуы немесе борыштардан жеңілдік алуы үшін, сол сияқты борыштарды төлемеуі үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрінеу жалған хабарлауы;
      14) жеделдетiлген оңалту рәсiмi – сотқа дейiнгi тәртiппен кредиторлармен келiсiлген оңалту жоспары негiзiнде борышкерге қатысты сот тәртібімен қолданылатын рәсiм;
      15) жоқ борышкер – тұрақты жұмыс істейтін органының, сондай-ақ борышкер оларсыз өз қызметiн жүзеге асыра алмайтын қатысушылары мен лауазымды адамдарының тұрғылықты жерiн немесе тіркелген жерiн немесе орналасқан жерін алты ай iшiнде анықтау мүмкiн болмаған борышкер;
      16) кепiлдi кредитор – талаптары борышкердiң мүлкiн кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредитор;
      17) кредитор – еңбекақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзiнiң өзге де мiндеттемелерiнен туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға;
      18) кәдімгі коммерциялық операциялар – борышкердiң күнделiктi жұмыс iстеуiн сақтап тұру мақсатында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң айналымымен байланысты, тұрақты сипаты бар iс-әрекеттер;
      19) лауазымды адам – акционерлік қоғам директорлары кеңесінің мүшесі, заңды тұлғаның – дәрменсіз борышкердің басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін, заңды тұлғаны басқару жөніндегі өкілеттіктер берілген өзге де тұлға, заңды тұлғаның – дәрменсіз борышкердің бас бухгалтері;
      20) мемлекеттiк қолдау шаралары – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен ұйымға қатысты қолданылатын, қаржылық сауықтыруға бағытталған шаралар;
      21) уақытша әкімші – оңалту жоспарын әзірлеу кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін құру және кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілемелерді келісу үшін сот тағайындаған тұлға;
      22) мүліктік масса – борышкердiң (банкроттың) оңалту рәсімінде және банкроттық рәсімінде өндіріп алуға болатын мүлкi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалардың мүлкi;
      23) оңалтуды басқарушы – осы Заңда белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмiнiң кезеңiне дәрменсiз борышкердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк берiлетiн адам;
      24) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      25) оңалту жоспары – оңалту рәсiмiн, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған және жұмыс iстеп тұрған кәсiпорынның төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлардың, бiртектi кредиторлар тобының арасындағы өзара келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын, кредиторлар талаптарын өтеу кестесiн қоса алғанда, iске асырылу мерзiмдерi, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар және ықтимал тәуекелдер көрсетiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенi;
      26) оңалту рәсiмi – сот тәртібімен енгізілетін рәсiм, оның шеңберiнде төлемге қабiлетсiз борышкерге борышкердiң таратылуын болғызбау мақсатында оның төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдастырушылық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады;
      27) санация – оңалту жоспарында көзделген іс-шара, оның барысында борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар төлемге қабілетсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетедi, сондай-ақ борышкердiң резервтерiн жұмылдыру мен оның қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнiндегі өзге де шаралар кешенi iске асырылады;
      28) уақытша басқарушы – борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ банкроттықты басқарушыны тағайындағанға дейін банкроттық рәсімін жүргізу үшін сот тағайындаған адам;
      29) кредиторлар талаптарының тізілімі – оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерінде қалыптасатын олардың мөлшері, негіздері мен туындау күні көрсетіле отырып, кредиторлардың борышкерге қойылатын талаптарының тізбесі;
      30) камералдық бақылау – әкімші ұсынған рәсімді жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, әкімшінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерттеу, талдау және салыстыру негізінде уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау;
      31) бірыңғай өндірістік кешен – жиынтығында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу немесе өткізу кезінде бірыңғай циклді қамтамасыз ету үшін қажетті мүлік.

      2-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық
             туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда көрсетілген шарттың қағидалары қолданылады.
      Кредиторлар ретінде шетелдік тұлғалар қатысатын осы Заңмен реттелетін қатынастарға, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, осы Заңның ережелері қолданылады.
      3. Шет мемлекеттері соттарының оңалту және банкроттық туралы істер бойынша сот актілері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес танылады.

      3-бап. Заңның қолданылу ерекшелiктерi

      1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындардан және мекемелерден, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту және оңалту, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстерге қолданылады.
      Сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, оларды тарату банк заңнамасына, сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн өндiрiс циклi үздiксiз мақта өңдеу және нан қабылдау ұйымдарына, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлерге қатысты қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленуi мүмкiн.
      2. Банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту туралы iстердi сот оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгiленген ерекшелiктермен азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы қағидалары бойынша қарайды.
      3. Табиғи монополия субъектiлерi немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабілетті, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар мен дербес кәсіпкерлер банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау мақсатында мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн және мүліктік масса объектiлерiн сатып алушыларға қосымша талаптар белгiлеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар ұйымдардың банкроттығы кезiнде мүліктік массаны ұлттық басқарушы холдингтiң сатып алуы туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      4. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес олардың қызметiне мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi.

      4-бап. Банкроттықты тану

      1. Банкроттық борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде өз еркімен белгiленедi.
      2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкілеттік берiлген өзге тұлғалардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүрлеп белгiленедi.
      3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер сотқа өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
      4. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға осы Заңда белгiленген қағидалар бойынша сот тәртiбiмен таратылуға тиiс.
      5. Сот тәртiбiмен борышкердi банкрот деп жариялауға оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
      Дәрменсiздiк фактiсiн айқындау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындауындағы мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс.

      5-бап. Оңалту немесе банкроттық рәсiмдерiн қолдану
             негiздерi

      1. Борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.
      Борышкер мына:
      1) кредитордың өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, алименттерді өндіріп алу, еңбекақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар және жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары жөніндегі, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар жөніндегі талаптары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрау;
      2) кредитордың салық берешегі борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салық және басқа да бюджетке түсетін төлемдер бойынша талаптары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрау;
      3) өзге кредиторлардың борышкерге қатысты талаптары дара кәсіпкерлер үшін жиынтығында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес, заңды тұлғалар үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрау шарттарының бірі міндеттемелер туындаған сәттен бастап үш айдың ішінде оларды орындамаған жағдайда, ол төлемге қабілетсіз болып табылады.
      Осы тармақтың талаптары жоқ борышкердің банкрот деп тану туралы өтініш беру жағдайларына қолданылмайды.
      2. Борышкердiң қалпына келтiрілу мүмкiндiгi болмаған кездегі төлемге қабiлетсiздiгi оның өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.
      3. Борышкердiң қалпына келтiрілу мүмкiндiгi болған кездегі төлемге қабiлетсiздiгi немесе борышкерге таяу он екi айда ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталғанда оларды орындайтындай күйде болмайтын төлемге қабiлетсiздiк қаупiнiң төнуi оның оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.

      6-бап. Әдейi және жалған банкроттық үшін жауапкершілік

      1. Борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган), борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және/немесе лауазымды адамдары жеке мүдделерге өзге адамдардың мүдделеріне сай төлем қабiлетсiздiгiн әдейі жасағаны немесе арттырғаны (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиялық жауапқа тартылады.
      Банкроттың лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне залалды өтейдi.
      2. Егер банкрот деп тану туралы өтінішті борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға мүмкіндігі болған кезде кредиторларға тиесілі төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруы немесе ұзартуы және мүлікті беруі, берешектерден жеңілдіктер алуы, сол сияқты берешекті төлемеуі үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында берсе (жалған банкроттық), кредиторлар борышкерден сол арқылы келтiрiлген залалды өтеуiн талап етуге және осындай шешім қабылдаған адамдарды субсидиялық жауапкершілікке тарту туралы сотқа жүгінуге құқылы.
      3. Банкроттықты басқарушы банкроттық рәсімі барысында борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттік берген орган), құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адамдар төлемге қабiлетсiздiгiн әдейі жасау немесе арттыру фактілерін айқындаған жағдайда, осындай адамға қатысты банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша банкрот мүлкінің жеткіліксіз болуына қанағаттанбаған кредиторлар талаптарының сомаларын өндіріп алу туралы сотқа талап арызбен бір ай мерзімде жүгінуге міндетті, ал кредиторлар құқылы.
      4. Әкімші әдейi немесе жалған банкроттық белгiлерiн анықтаған сәттен бастап бір айлық мерзімде, сондай-ақ осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша прокурордың өтініші бойынша банкрот деп танылған жағдайда, лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тарту үшiн құқық қорғау органдарына жүгiнуге мiндеттi.

      7-бап. Борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тану және
             мүлiктi қайтару

      1. Мәмілелер, егер оларды борышкер немесе ол уәкілеттік берген адам Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы Заңда көзделген негiздер болған кезде банкроттық және (немесе) оңалту туралы істер қозғалғанға дейін үш жыл ішіндегі кезеңде жасалса, олар жарамсыз деп танылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар кезінде жасалған мәмілелерді анықтаған жағдайда әкімші осындай мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті, ал кредитор құқылы.
      3. Әкімші мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішті кредиторлар комитеті белгілеген мерзімде ұсынады.
      4. Талап қою мерзімінің өтуі оңалту, банкроттық туралы іс қозғалған күннен бастап осы Заңға сәйкес жарамсыз деп танылуға тиіс мәмілелерді әкімші анықтаған сәтке дейін тоқтатыла тұрады.
      5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделгендерден басқа, мәмiлелерді жарамсыз деп тану негіздемелері:
      1) жасалған мәміле салдары қаржы шығындарына әкеп соқтыруы;
      2) борышкердің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, құрылтай құжаттарымен шектелген қызметіне сәйкес келмеуі не жарғымен айқындалған құзыреті бұзыла отырып жасауы;
      3) мүліктің (оның ішінде уақытша пайдалануға) өтеусіз нарықтық бағасынан төмен бағалармен не кредиторлардың мүддесіне нұқсан келтіре отырып негізсіз берілуі болып табылады.
      6. Осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер осы Заңның 9-бабында айқындалған аффилиирленген тұлғаларға мүлікті беру жағдайларына да қолданылады.
      7. Мәміле жарамсыз деп танылған кезде жауапкер мәміле бойынша алғандарының бәрін қайтаруға тиіс, заттай қайтару мүмкін болмаған кезде – қайтарылуға тиіс мүліктің, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын өтеуге міндетті.
      Бұл ретте жауапкер осы Заңда көзделген тәртіппен қанағаттандырылуға тиіс, борышкерге талап қою құқығына ие болады.
      8. Осы бапта көзделген жағдайларда мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде немесе мүлікті оны жоғалтуға, бүлдіруге не кейіннен үшінші тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты ақысыз берген кезде талап етілетін мүліктің алғашқы сатып алушылары борышкер алдында жоғалған, бүлінген не үшінші тұлғалар адал жолмен сатып алған мүліктің құны шегінде осыған байланысты туындаған залалды өтеу бойынша жауапты болады.
      9. Бастапқы сатып алушылардың мүліктің құнын өтеуі мүмкін болмаған кезде борышкердің мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған адам, сондай-ақ осы мәмілені осы Заңда белгіленген жағдайларда келіскен уақытша әкімші және уақытша басқарушысы, сот тәртібімен субсидиарлық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
      10. Осы баптың талаптары жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерiне қолданылмайды.
      11. Әкімші банкроттық туралы істі қозғағанға дейін үш жыл ішінде жасалған және активтерді шығаруға әкеп соққан борышкердің қайта ұйымдастырылуын жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінуге құқылы.

      8-бап. Шарттардың құқықтық режимі

      1. Банкроттық туралы iсті қозғау борышкер контрагентінің бастамасы бойынша банкроттық туралы істі қозғағанға дейін борышкер жасасқан шартты орындаудан бір жақты бас тарту үшін негіз болып табылмайды және осы шарттың қолданысын тоқтатуға әкеп соқпайды. Банкроттық туралы істі қозғағанға дейін жасалған шартты орындаудан бас тарту және банкроттық туралы істі қозғау себебі бойынша осы шарттың қолданысын тоқтату туралы келісім жарамсыз болады.
      2. Оңалтуды басқарушы оңалту туралы iс қозғалғанға дейiн борышкердің жасаған, екi тараптың толық немесе iшiнара орындамаған шарттарын орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде:
      1) шарт аффилиирленген тұлғамен жасалса;
      2) бұрын жасалған ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыртпалық салатын жағдайлар болса;
      3) шарт ұзақ (бір жылдан астам) мерзiмді болса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi перспективаға есептелсе;
      4) борышкердiң шартты орындауы басқа кредиторлар үшiн жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы.
      3. Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитеті шешімінің негізінде банкроттық туралы істі қозғағанға дейін жасалған шартты өзгертуге, бұзуға, орындаудан бас тартуға немесе оның шынайылығына дауласуға міндетті.
      4. Осы баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда шартты орындаудан бас тартқан кезде контрагенттiң сот тәртiбiнде бас тарту негіздеріне қарсы болуы мүмкін.
      5. Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап және банкроттық туралы істі тоқтату туралы сот ұйғарымы не борышкерге оңалту рәсімдерін қолдану туралы немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін борышкер мен оның кредиторы арасындағы өзара талаптарды есепке алуға жол берілмейді.
      Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы егер талаптарды есепке алу кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін бұзбаса, талаптарды есепке алу туралы кредиторға мәлімдеуге міндетті. Ақшаны төлеу туралы талаптар бойынша ғана есепке алуға жол беріледі.
      6. Электр және жылу энергиясын, су шаруашылығы және кәріз жөніндегі, сондай-ақ кәсіпорынды қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынушы борышкерді банкрот деп тану немесе борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану себебі бойынша, егер осындай қызметтерді көрсетуге арналған шартта өзгеше көзделмесе, борышкермен жасалған шарттан бас тартуға құқылы емес. Осы шарттарды орындауға байланысты шығыстар оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін әкімшілік шығыстарға жатады.

      9-бап. Аффилиирленген тұлғалар

      Осы Заңның мақсатында:
      1) оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушының iрi акционерi, iрi қатысушысы (дауыс беретiн акцияларының немесе қатысу үлестерiнiң он және одан да көп пайызын иеленушi);
      2) осы баптың 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғаның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
      3) оңалту және банкроттық рәсімдерінің қатысушысымен шартпен байланысты тұлға, оған сәйкес ол борышкер қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы;
      4) оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушының немесе осы баптың 1), 3), 5) – 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды адамдары;
      5) оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушының iрi акционерi, iрi қатысушысы немесе лауазымды адамы болып табылатын адамның бақылауындағы заңды тұлға;
      6) оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушының iрi акционерi, iрi қатысушысы немесе лауазымды адамы болып табылатын адам оған қатысты мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар iрi акционер, iрi қатысушы болып табылатын заңды тұлға;
      7) оңалту және банкроттық рәсімдерінің қатысушысы оған қатысты iрi акционер, iрi қатысушы болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;
      8) осы баптың 7) тармақшасында көрсетілген заңды тұлға оған қатысты iрi акционер болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;
      9) оңалту және банкроттық рәсімдерінің қатысушысымен бірге үшінші тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
      10) дербес немесе өзінің аффилиирлерген тұлғаларымен бірлесіп, оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушының не осы баптың 1), 5) – 9) және 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызына иелік ететін, пайдаланатын, билік ететін тұлға;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушының аффилиирленген тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға.

      10-бап. Құпиялылық

      1. Борышкердің оны банкрот деп танығанға дейінгі кезеңді қоса алғанда қаржылық-шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді уәкілетті органға және әкімшіге берген кезде борышкердің осындай мәліметтерді беретін адамның келісімін алуы талап етілмейді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді уақытша және банкроттықты басқарушы не уәкілетті органның оған сеніп тапсырған немесе қызметі немесе жұмысы бойынша белгілі болған лауазымды адамының жария етуі, сол сияқты осындай мәліметтерді қамтитын құжаттардың жоғалтуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Осы бап әкімші тартқан адамдарға қолданылады.
      3. Уәкілетті орган және әкімші оларға ұсынылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға береді.
      4. Осы Заңда көзделген рәсімдерді жүргізу кезінде мынадай:
      1) әкімші болып тағайындаған тұлға туралы;
      2) кредиторлар комитетінің құрамы және олар қабылдаған шешімдер туралы;
      3) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптар сомасы мен кезек бойынша оларды қанағаттандыру мөлшері туралы;
      4) рәсімдерді өткізу мерзімдері туралы;
      5) кредиторлар алдында берешекті өтеу кестесін орындау туралы;
      6) әкімшінің іс-қимылына шағымдардың болуы және оларды қарау нәтижелері туралы;
      7) әкімшіні анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы;
      8) оңалту рәсімін тоқтату негізі туралы;
      9) әкімші шешім қабылдау үшін кредиторлар комитетіне ұсынатын;
      10) осы Заңда белгіленген құқықтарды іске асыру шеңберінде оған уәкілеттік берілген адамдар бастамашылық жасаған сот талқылауы туралы ақпарат құпия болып табылмайды.

      11-бап. Борышкердің құқықтық жағдайы

      1. Борышкер:
      1) өзінің төлем қабілетсіздігі салдарынан ақшалай міндеттемелерді және (немесе) еңбек және соған байланысты қатынастардан туындайтын міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындауға жағдайының болмайтынын куәландыратын мән-жайлар болған кезде сотқа оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш беруге;
      2) сотта оңалту жоспары бекітілген кезден бастап борышкердің мүлкін және істерін басқару құқығын сақтау туралы қолдау көрсетуге;
      3) сотта кредиторлық берешек сомаларына дауласуға, сондай-ақ осы мақсаттар үшін тәуелсіз аудиторлар тартуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.
      2. Борышкер:
      1) оның мүлкінің меншік иесі, ол уәкілеттік берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе құзыретті орган оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
      2) егер бір кредитордың немесе бірнеше кредитордың талаптарын қанағаттандыру борышкердің басқа кредиторлардың алдындағы ақшалай міндеттемелерін немесе міндетті төлемдері және (немесе) өзге де төлемдерін төлеу бойынша міндеттемелерінің толық көлемде орындалуы мүмкін болмауға әкелсе борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
      3) борышкер төлемге қабілетсіздігінің басталғаны туралы білген немесе білуге сәттен бастап алты ай ішінде өзін банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге;
      4) әкімшіні тағайындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа және әкімшіге қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде борышкерде бар мүлік туралы, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, жалдауда және (немесе) лизингте тұрған мүлік туралы, банктік шоттарда жатқан ақшалай қаражат туралы, шот нөмірлері және банктердің орналасқан жерлерін, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді ұсынуға;
      5) оңалтуды немесе уақытша басқарушыға оны тағайындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
      6) уақытша басқарушыға оны тағайындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде есепке алу құжаттамасының көшірмесін беруге;
      7) бухгалтерлік құжаттаманың, бухгалтерлік есеп жүйелерінің және қаржылық есептіліктің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз етуге;
      8) оңалту жоспарын кредиторлар жиналысында қарастыру күнінен кейінгі күннен кеш емес, оны уақытша әкімшіге таныстыру үшін ұсыну керек;
      9) құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, оңалту рәсімін өткізу кезінде борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрауы негізінде сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өз қызметін жүзеге асыру барысы туралы ақпарат беруге;
      10) сотқа, оңалтуды, уақытша немесе банкроттықты басқарушыға және кредиторлар комитетіне ақпаратты, түсіндірмені ұсынуға;
      11) әр айдың 15-і күнінен кешіктірмей кредиторлар комитетінің назарына оңалтуды өткізу кезеңінде қаржылық жағдайы, алдыңғы айдағы қарапайым коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мәмілелердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты жеткізуге;
      12) оңалту рәсімін өткізу кезеңінде кәсіпорынның мүлкін пайдалануға немесе кредиторлар жиналысының шешімінсіз, егер осындай әрекеттер оңалту жоспарымен көзделмесе, оны пайдалануға жол бермеуге;
      13) оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде әдеттегі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді уақытша әкімшімен келісуге;
      14) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.
      3. Борышкердің мүлкін және істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) қалған жағдайларда осы Заңның 65-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, борышкердің органдарына заңнамада белгіленген құзырет шегінде өкілеттіктер және осы Заңда оңалтушы басқарушы үшін көзделген жауапкершілік қолданылады.
      4. Борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы), борышкер мүлкінің меншік иесі немесе оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда көрсетілген адамдар олардың іс-қимылдары нәтижесінде келтірілген залалды өтей отырып, тиісті жауапкершілікке тартылады.
      5. Осы баптың 2-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау міндеттеріне кіретін борышкердің лауазымды адамдары осы баптың 2-тармағының 1)-6) тармақшаларындағы ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес субсидиарлық жауапкершілікке ортақ тартылады.

      12-бап. Әкімші

      1. Осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалту рәсiмiн, борышкердiң қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды немесе банкроттық рәсімін жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткiзу үшін оларды өткізу кезеңiнде борышкердің барлық органдары басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктері әкімшіге берiледi.
      Әкімші борышкердiң бiрден-бiр басқарушы органы ретiнде әрекет етедi және өз өкiлеттiктерiн борышкердiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.
      Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 69-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
      2. Әкімшінің құқықтары мен мiндеттерi осы Заңмен реттеледi.
      3. Осы Заңда белгіленген тәртіппен уәкiлеттi органда тiркелген тұлға әкімші болып тағайындалады.
      Осы Заңның 119-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшіге осы Заңмен жүктелген өкiлеттiктердi өзге тұлғаларға беруге болмайды.
      4. Аффилиирленген тұлғалар, сондай-ақ өтелмеген соттылығы бар, наркологиялық және (немесе) психиатриялық диспансерлерде есепте тұрған, әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі тұлғалар әкімші болып тағайындалмайды.
      5. Әкімші ретінде қызметiн жүзеге асыру мақсатында тұлғаларды тіркеуді уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      6. Әкімші ретінде қызметiн жүзеге асыру үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жоғары заң немесе экономикалық бiлiмiнiң болуы;
      2) экономикалық, қаржылық немесе заң қызметі саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы.
      7. Біліктілік емтиханын тапсыру әкімші ретінде тіркелу үшін негіз болып табылады.
      Біліктілік емтиханы уәкілетті орган тіркеу туралы өтінішті алған кезден бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
      8. Уәкiлеттi орган әкімшілерді тiркеудi уәкілетті орган айқындаған тәртіппен біліктілік емтиханы тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
      Уәкiлеттi орган осы тармақта көзделген мерзiм iшiнде өтiнiш берушiге – тiркелгенi туралы растауды, ал тiркеуден бас тартқан жағдайда бас тартудың себептерi көрсетiлген дәлелдi жауапты жiбередi.
      Тiркеу туралы өтiнiште көрсетiлген деректер өзгерген кезде, уәкiлеттi органда тiркеуде тұрған тұлға өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш беру арқылы бес жұмыс күнi iшiнде хабарлауға мiндеттi.
      9. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайларда:
      1) құжаттардың толық пакеті берілмегенде;
      2) өтiнiш берушi осы бапта белгiленген талаптарға сай болмағанда;
      3) біліктілік емтиханының қорытындылары қанағаттанарлықсыз болғанда;
      4) өтiнiш берушi бұрын осы баптың 10-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген негiздердiң бiрi бойынша тiркеуден шығарылғанда тіркеуден бас тартады.
      Осы тармақшаның ережелерi осы баптың 10-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшасында көзделген негiздер бойынша тiркеуден шығарылған өтiнiш берушiге үш жыл бойы қолданылады.
      10. Әкiмшiнің қызметiн жүзеге асыру мақсатында тiркелген тұлғаны тiркеуден шығаруды уәкiлеттi орган мынадай:
      1) тiркеу кезiнде оның дәйексiз мәлiметтер ұсыну фактiсi анықталған;
      2) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне залал келтіруге әкеп соққан осы Заңмен белгіленген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;
      3) әкімші ретінде қызметті жүзеге асырудан бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бас тартқан;
      4) қайтыс болған;
      5) өз еркімен тiркеуден шығару туралы өтiнiш берген жағдайларда жүргiзедi.
      11. Уәкілетті орган тіркеуден шығарғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде:
      1) сотқа – уақытша басқарушыны тіркеуден шығару туралы;
      2) кредиторлар жиналысына – тіркеуден оңалтуды не банкроттықты басқарушыны алып тастау туралы хабарлама жібереді.
      12. Әкімші мынадай жағдайларда:
      1) уәкілетті органда тіркеуден алып тастағанда;
      2) осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталғанда;
      3) кредиторлар жиналысы оны шеттету туралы шешім қабылдағанда өз өкілеттіктерін орындаудан шеттетіледі.
      13. Әкімші өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берген жағдайда, осы Заңда белгіленген тәртіппен жүктелген өкілеттіктерін орындаудан босатылады.
      14. Әкімші жүктелген өкiлеттiктердi орындаудан шеттетiлген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған әкімші алдыңғысының құқық мирасқоры болып табылады.
      15. Әкімші уәкілетті органда тіркелген кезден бастап әрбір 3 жыл сайын уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмесін ұсына отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен экономикалық, қаржы немесе заң салаларында өз біліктілігін арттыруға міндетті.

      13-бап. Әкімші сыйақысы

      1. Әкімшінің негізгі сыйақысының ең төменгі мөлшері мен оны төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      2. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақыны (салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша сыйақыны қоспағанда) тиісті кезектегі кредиторлар айқындайды және кредиторлардың қаражаты немесе олардың талаптарын өтеу есебіне оларға тиесілі төлемдер есебінен төленеді.
      Қосымша сыйақы төлеу туралы шешім осы Заңның 27-бабында көзделген тәртіппен тиісті кезектегі кредиторлардың дауыс беруі арқылы қабылданады.
      3. Кредиторлар жиналысының шешімінсіз әкімшіге борышкердің мүлкінен қосымша сыйақы мынадай:
      1) банкроттың мүлкін (активтерін) сомасының бір пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде бірыңғай лотпен өткізген;
      2) банкроттың мүлкін (активтерін) ағылшын тәсілі бойынша өткізу - осындай өткізуден түскен соманың бір пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс;
      3) заңсыз шығарылған мүлікті қайтарған және осындай мүлікті және мәмілелерді анықтау бойынша әкімшінің жүргізген жұмыстарының нәтижелері бойынша мәмілелерді жарамсыз деп таныған жағдайларда:
      банкроттық басқарушыға – қайтарылған мүлікті өткізуден түскен соманың екі пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс;
      оңалтушы басқарушыға – қайтарылған мүлікті өткізуден түскен соманың үш пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы;
      4) дебиторлық берешекті өндіріп алу:
      банкроттық басқарушыға – осындай берешектің өндіріп алынған сомасының екі пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс;
      оңалтушы басқарушыға – осындай берешекті өндіріп алу сомасының үш пайызы мөлшерінде төленеді, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

      14-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оңалту және
              банкроттық саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, оның iшiнде акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезiнде ерекше шарттар белгілейді және мүліктік массаны өткізу тәртiбiн және мүліктік масса объектiлерiн сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгілейді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар ұйымдардың банкроттығы кезiнде мүліктік массаны ұлттық басқарушы холдингтiң сатып алуы туралы шешiм қабылдайды;
      3) борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату тәртібін айқындайды;
      4) заңды тұлғаларды қала негізін қалаушы ұйымдарға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      5) әкімшілердің негізгі сыйақысының ең аз мөлшерін және төлеу тәртібін бекітеді;
      6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      15-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:
      1) әкiмшiнiң қызметiн жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тiркеудi және оларды тiркеуден шығаруды жүргiзедi;
      2) оңалтуды басқарушыны тағайындайды және шеттетедi;
      3) оңалту рәсiмiнің және банкроттық рәсiмiнің жүргiзiлуiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      4) оңалтуды басқарушының оңалту рәсiмiнің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асырудың және банкроттық рәсімінің барысы туралы, банкроттық басқарушының банкроттық рәсiмiн жүргiзу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарайды;
      5) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебiнiң және олардың рәсімдерді жүргізу барысы туралы ағымдағы ақпаратты ұсыну нысандарын бекiтедi;
      6) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратады;
      7) борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату бойынша сауда-саттық жүргiзу тәртiбiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      8) осы Заңда көзделген жағдайда уақытша басқарушының банкроттың мүлкін сатуын келіседі;
      9) жалған және әдейi жасалған банкроттық белгiлерiн анықтайды;
      10) әкiмшiнiң iс-әрекеттерiне жасалған шағымдарды қарайды;
      11) осы Заңның 7-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезінде жасалған мәмiлелердi анықтау бойынша шаралар қолданады;
      12) тiркеуге, тiркеуден шығаруға, тiркелген тұлғаның деректерiне өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiштердiң нысандарын, сондай-ақ тiркелгендiгiн растау және тiркеуден бас тарту нысандарын белгiлейдi;
      13) әкімшілерді есепке алу және тіркеу, оңалтуды басқарушыны тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды;
      14) мониторингтi, оның iшiнде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметiне қатысты ақпаратты және құжаттарды талап ету арқылы жүзеге асырады;
      15) мемлекеттiк органдардан және олардың лауазымды адамдарынан төлем қабiлетi жоқ және дәрменсiз борышкерлер туралы ақпаратты сұратады және алады;
      16) осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшінің шешiмдерi мен iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) сотта даулайды;
      17) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
      18) заңмен белгiленген жағдайларда және тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және олар туралы iстердi қарайды, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жаза қолданады;
      19) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, тексерулер жүргізудің жарты жылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      20) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдерді енгізу, жүргізу және тоқтату жөнінде түсініктеме мен түсіндіруді жүзеге асырады және береді;
      21) уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жай-күйі туралы қорытындысының үлгі нысандарын бекітеді;
      22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      16-бап. Уәкілетті органның мемлекеттік органдармен өзара
              іс-қимылы

      1. Уәкілетті орган мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
      2. Мемлекеттік органдар өз қызметін жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындауда уәкілетті органға жәрдем беруге міндетті.
      3. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға құқылы.

      17-бап. Әкімшінің қызметін мемлекеттік бақылау

      1. Әкімшінің Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарын сақтауын және орындауын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Әкімшінің қызметіне мемлекеттік бақылау:
      1) тексеру нысанында;
      2) өзге мемлекеттік бақылау нысандарында жүзеге асырылады.
      3. Өзге мемлекеттік бақылау нысандарына:
      1) әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдарды есепке алу;
      2) камералдық бақылау;
      3) сұрау салуларды жолдау;
      4) рәсімдердің өткізілу барысы туралы ақпаратты қабылдау жатады.
      4. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      18-бап. Камералдық бақылау

      1. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
      2. Әкімшіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.
      3. Камералдық бақылауды уәкілетті орган тұрақты негізде жүзеге асырады.
      4. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді.
      5. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды әкімші ол табыс етілген (алынған) күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады, ол туралы уәкілетті органға рәсімдерді жүргізу барысы туралы ақпаратты және жоюды растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
      6. Әкімшінің анықталған бұзушылықтар жататын кезеңде рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты немесе олар бойынша түсініктемені ұсынуы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою деп танылады.
      Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда әкімші уәкілетті органға анықталған бұзушылықтар жататын кезең ішінде рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты ұсынады.
      Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда әкімші уәкілеттік органға анықталған бұзушылықтар бойынша түсініктемені қағаз тасығышта береді.
      7. Егер хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен әкімшінің келіспеуі үшін негіз ретінде растау құжаттары көрсетілсе, мұндай құжаттардың көшірмелері түсіндірмеге қоса беріледі.

      19-бап. Сұрау салуларды жіберу және рәсімдердің жүргізілу
              барысы туралы ақпаратты қабылдау

      1. Әкімшілердің қызметін бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган сұрау салуларды жүзеге асырады.
      2. Атына сұрау салу келіп түскен мемлекеттік орган, заңды және жеке тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен уәкілетті органға кез келген құпия ақпаратты (банктік, салық, коммерциялық құпияны) ашуға және борышкерге және әкімші жүзеге асыратын оңалту және банкроттық рәсімдерге қатысты құпия ақпарат жазылған кез келген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
      3. Сұрау салуды орындау мерзімі он жұмыс күніне дейінгі уақытты құрайды.
      4. Әкімші уәкілетті органға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күннен кешіктірмей ұсынылатын ақпаратқа енгізілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
      Әкімшінің рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты ұсынған күні, оны ұсыну тәсіліне қарай:
      1) тікелей келу тәртібінде – уәкілетті органның рәсімдерді жүргізу барысы туралы ақпаратты қабылдаған күн;
      2) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен – почталық немесе өзге байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгісі қойылған күн болып табылады.

      20-бап. Хабарламалар

      1. Хабарламалар әкімшіге мынадай мерзімде:
      1) әкімшіге тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы тексеру нәтижелері жөніндегі акті табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) рәсімдерді жүргізу барысы туралы ақпаратты осы Заңда белгіленген мерзімде ұсынбау туралы осы Заңда белгіленген оны ұсыну мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
      3) өзге бақылау нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
      2. Хабарлама уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада жасалады. Бір данасы әкімшіге, екіншісі кредиторлар жиналысына жіберіледі, үшіншісі әкімшінің алғаны туралы белгісімен уәкілетті органда сақталады.
      3. Хабарлама әкімшіге жеке қолы қойылып немесе жөнелту және қабылдап алу фактісін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.

2-тарау. Кредиторлар

      21-бап. Кредиторлардың оңалту және банкроттық рәсімдерге
              қатысуы

      1. Жеделдетілген оңалту рәсімі, оңалту рәсімі, банкроттық рәсімі барысында барлық кредиторлардың мүдделерін осы Заңға сәйкес құрылатын кредиторлар жиналысы білдіреді.
      2. Жеделдетілген оңалту рәсімі, оңалту рәсімі, банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап, кредиторлар тек осы Заңда белгіленген тәртіппен өзінің талаптарын қанағаттандыру мақсатында борышкерге және (немесе) әкімшіге жүгінуге құқылы.

      22-бап. Кредиторлар жиналысы

      1. Жеделдетілген оңалту рәсімі кезінде кредиторлар жиналысына қатысу құқығы оңалту жоспарына енгізілген барлық кредиторларға тиесілі.
      2. Оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі кезінде кредиторлардың жиналысына қатысу құқығы талаптары кредиторлар жиналысын өткізу күніндегі кредиторлар талаптары тізіліміне енгізілген кредиторларға тиесілі.
      Кредиторлар жиналысына борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), уәкілетті орган қатысуға құқылы.
      3. Кредиторлар жиналысының өкілеттігі осы Заңның 31, 77, 95-баптарында көзделген.

      23-бап. Кредиторлар жиналысын шақыру тәртібі

      1. Кредиторлар жиналысын ұйымдастыруды және өткізуді осы Заңда көзделген жағдайларда борышкер немесе әкімші жүзеге асырады.
      2. Жиналыс:
      1) борышкердің;
      2) әкімшінің;
      3) кредиторлар комитетінің;
      4) талаптары тізілімге енгізілген кредиторлар талаптарының жалпы сомасының кемінде 10 %-ын не кредитордың жалпы санының кемінде 10%-ын құрайтын кредиторлардың бастамашылығы бойынша шақырылуы мүмкін.

      24-бап. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық
              хабарлама

      1. Осы Заңның мақсаттары үшін кредиторларға, сондай-ақ кредиторлардың жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де тұлғаларға кредиторлар жиналысы өткізілетіні туралы хабарламаның кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей почта арқылы тапсырыс хатпен жіберілуі тиісінше хабардар ету болып табылады. Кредиторлар саны елуден астам болған жағдайда, кредиторлар жиналысы өткізілетіні туралы хабарландырудың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрған жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей қазақ және орыс тілдерінде жариялануы тиісінше хабардар ету болып танылады.
      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерде орналасқан кредитор үшін кредиторға хабарламаның кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей почта арқылы тапсырыс хатпен жіберілуі тиісінше хабардар ету болып танылады.
      Тұрақты немесе көбінесе тұратын жері немесе тұрған жері бойынша жеке хабардар ету үшін қажет мәліметтерді анықтау мүмкін болмаған кезде не мұндай хабардар етуді мүмкін емес ететін өзге мән-жайлар болған кезде кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы мәліметтерді осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жариялау осындай тұлғаларды тиісінше хабардар ету болып табылады.
      Борышкер интернет-ресурс бар болған кезде кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы хабарламаны кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей аталған интернет-ресурста жариялау міндетті болып табылады.
      Осы тармақтың күші оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі кезінде алғашқы кредиторлар жиналысын өткізу туралы кредиторларды хабардар етуге қолданылмайды. Кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы хабарламаны кредиторларға жіберу тәртібі осы Заңның 94-бабының 1-тармағында айқындалады.
      Кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама кредиторларға жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әкімші уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жібереді.
      Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
      2. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламада мынадай мәліметтер:
      1) борышкердің атауы, заңды мекенжайы;
      2) кредиторлар жиналысының өткізілетін күні, уақыты мен орны;
      3) кредиторлар жиналысының күн тәртібі;
      4) кредиторлар жиналысының қарауына жататын материалдармен танысу тәртібі қамтылуға тиіс.
      3. Алғашқы кредиторлар жиналысын қоспағанда, жиналысқа тікелей қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда, кредитор почта арқылы тапсырыс хатпен немесе электрондық тәсілмен сырттай дауыс беруге құқылы.
      Егер кредитор сырттай дауыс беретін болса, ол бұл туралы борышкерге, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыға жиналыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.
      Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы жиналыс өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей осындай кредиторға күн тәртібіне қатысты материалдарды танысу үшін жіберуге немесе ұсынуға міндетті.

      25-бап. Кредиторлар жиналысының шешімдер қабылдауы

      1. Борышкер немесе әкімші кредиторлар жиналысы ашылғанға дейін жиналысқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.
      2. Кредиторлар жиналысы оған кредиторлар талаптары жалпы сомасының кемінде жетпіс бес пайызын құрайтын дауысқа ие кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Қайта шақырылған кредиторлар жиналысы оған кредиторлар талаптарының жалпы сомасының жартысынан астам дауысқа ие кредиторлар қатысқан жағдайда, кредиторлар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы кредиторларға тиісті түрде хабарландырылған жағдайда заңды болып табылады.
      3. Кредиторлар жиналысының шешімдері хаттамамен ресімделеді.
      4. Кредиторлар отырысын оған қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланған төрағалық етуші жүргізеді. Хаттаманы оған қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланатын хатшы жүргізеді. Төраға мен хатшы жай көпшілік дауыспен сайланады. Хаттамаға төрағалық етуші, әкімші, хатшы қол қояды және ол борышкердің мөрімен куәландырылады.
      5. Тәртібі осы Заңның 102-бабының 6-тармағында айқындалатын борышкердің мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешім қабылданатын жағдайды қоспағанда, кредиторлар жиналысының шешімдері кредиторлар жиналысына қатысушы кредиторлардың жалпы дауыс санының көпшілік дауысымен қабылданады.
      Әкімші кредиторлардың шешім қабылдауы үшін әрбір кредитордың дауыс санын «талаптардың 1 теңгесі – 1 дауыс» қағидаты бойынша айқындайды.
      Тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар), төлеу мерзімін кешіктіргені үшін пайыздар, жіберіп алынған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін есепке алынбайды.
      6. Кредиторлар жиналысының хаттамасы үш данада жасалады, олардың біреуі - уәкілетті органға, екіншісі - кредиторлар комитетіне, үшіншісі әкімшіге беріледі. Әкімші хаттаманы уәкілетті органға оған қол қойылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жібереді.
      Кредиторлар жиналысының хаттамасына:
      жиналысқа қатысушыларды тіркеу ведомості;
      жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың;
      кредиторларға кредиторлар жиналысы өткізілетін күн мен уақыты туралы тиісті хабар берілгені туралы куәландыратын құжаттардың;
      борышкердің немесе әкімшінің қалауы бойынша өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.

      26-бап. Кредиторлар комитеті

      1. Кредиторлар комитеті жеделдетілген оңалту рәсімі, оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі кезінде осы Заңда белгіленген тәртіппен құрылады.
      2. Кредиторлар комитетінің құрамын кредиторлар жиналысы қалыптастырады және бекітеді. Кредиторлар комитетінің құрамына әрбір біртекті кредиторлар тобынан өкілдер кіреді. Кредиторлар комитетінде ең аз мүшелер саны үш адамнан кем болмауға керек. Кредиторлар комитетінің мүшесі үлестес тұлға болып табылмауға тиіс.
      Кредиторлар комитетінің құрамына борышкердің облигация ұстаушы кредиторлары тобынан бағалы қағаздар туралы заңнамаға сәйкес таңдап алынған өкіл кіреді.
      3. Қалыптастырылған және бекітілген кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізуге:
      1) кредиторлар комитетінің құрамына кіретін кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындау;
      2) кредиторға кредиторлар комитетінің құрамында болуға кедергі жасайтын мән-жайлар (заңды күшіне енген сот актілері, кредитордың таратылуы не қайтыс болуы және басқалар);
      3) аффилиирленген тұлғаларды анықтау негіздер болып табылады.
      4. Кредиторлар комитетінің отырысын өткізу туралы хабарламаны әкімші отырыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей почта арқылы тапсырыс хатпен жібереді.
      5. Кредиторлар комитетінің өкілеттігі осы Заңның 78 және 97-баптарында көзделген.

      27-бап. Кредиторлар комитетінің шешім қабылдауы

      1. Кредиторлар комитетінің отырысы комитет мүшелерінің кемінде 3/4 қатысқан кезде заңды болып табылады.
      2. Кредиторлар комитетінің шешімі «комитеттің бір мүшесі – бір дауыс» қағидаты бойынша кредиторлар комитеті мүшелерінің жалпы дауыс санының көпшілік дауысымен қабылданады.
      Дауыс беру рәсімінде дауыстар тең болған кезде кредиторлар комитетінің төрағасына шешуші дауыс құқығы беріледі.
      3. Кредиторлар комитетінің отырысы хаттамамен ресімделеді.
      Хаттамада отырыстың өткізілген күні мен орны, дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің мүшелері туралы мәліметтер, күн тәртібі, дауыс беру нәтижелері және қабылданған шешімдер қамтылуға тиіс. Хаттамаға дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің барлық мүшелері мен әкімші қол қояды және ол борышкердің мөрімен куәландырылады.
      Әкімші дауыс беруге қатысқандар хаттамаға қол қойған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға, кредиторлар комитетінің мүшелеріне жібереді. Хаттаманың бір данасы әкімшіде болады.
      4. Кредиторлар, борышкер мүлкінің меншік иесі, құрылтайшылар (қатысушылар) (олар уәкілеттік берген органдар) кредиторлар комитетінің отырысына қатысуға құқылы.

3-тарау. Жеделдетілген оңалту рәсімі

      28-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану

      1. Жеделдетiлген оңалту рәсiмi борышкер мынадай:
      1) борышкерге қатысты банкроттық туралы немесе оңалту туралы iс қозғалмау;
      2) борышкердің коммерциялық ұйым болып табылуы;
      3) борышкердің төлемге қабiлетсiз болуы не таяудағы он екi ай iшiнде ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған кезде оларды орындауға қабiлетсiз болуы шарттарына сәйкес болған жағдайда қолданылады.
      2. Өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптарын қоспағанда, борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рәсiмi еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген тұлғаларға еңбекақы және өтемақылар төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi төлеу бойынша, жалақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бiртектi кредиторлар тобы (топтары) алдындағы мiндеттемелер бойынша қолданылады.
      3. Мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рәсiмi осындай шараларды қолдану талаптарына сәйкес кез келген бiртектi кредиторлар тобының (топтарының) мiндеттемелерi бойынша қолданылады.
      4. Мыналар:
      1) борышкер;
      2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына (топтарына) кiретiн кредиторлар жеделдетiлген оңалту туралы iске қатысушы тұлғалар болып табылады.
      5. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнде сот:
      1) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолданады және тоқтатады;
      2) мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкердiң жоспарын қоспағанда, оңалту жоспарын бекiтедi;
      3) мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкердiң жоспарын қоспағанда, оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;
      4) борышкер жауапкер ретінде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстердi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды;
      5) жеделдетілген оңалту рәсiмiне қатысушылар арасындағы дауларды шешедi;
      6) қорытынды есепті бекiтедi.

      29-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi

      Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң жүзеге асырылу ұзақтығы екi жылдан аспауға тиiс. Сот борышкердiң өтiнiшi бойынша рәсiмнiң жүзеге асырылу мерзiмiн кредиторлар жиналысының келiсiмiмен алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
      Борышкерге мемлекеттiк қолдау шаралары қолданылған жағдайда, сот рәсiм мерзiмiн бекiтiлген оңалту жоспарына сәйкес белгiлейдi.

      30-бап. Борышкердің жеделдетілген оңалту рәсiмiн қолдану
              туралы өтiнiшi

      1. Төлемге қабiлеттiлiктi қалпына келтіру, төлемге қабiлетсiздiктiң басталуының алдын алу мүмкiндiгi бар болған кезде борышкер жеделдетілген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
      2. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда берiледi. Оған борышкердің басшысы не құрылтай құжаттарына сәйкес оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
      3. Борышкердiң өтiнiшiнде:
      1) өтiнiш берiлетiн соттың атауы;
      2) кредиторлық берешек сомасы туралы мәлiметтер;
      3) кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағаны туралы ақпарат;
      4) алда тұрған төлемдердi уақтылы өтеу мүмкiн еместiгiнiң себептерiн қоса алғанда, кредиторлар талаптарын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiнiң негiздемесi;
      5) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде кепіл ауыртпалығы салынған, жалдауда және (немесе) лизингте тұрған мүлiк, банк шоттарындағы ақшалай қаражат туралы мәлiметтер, шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрған жері, дебиторлық берешек сомасы туралы мәлiметтер;
      6) борышкердiң орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтер;
      7) шешiмдердi қабылдау үшін қажетті ақпаратты кредиторлар алдында ашуы туралы борышкердiң жазбаша мiндеттемесi;
      8) оңалту жоспарына енгiзiлмеген бiртектi кредиторлардың топтарына жататын кредиторлардың әдеттегi коммерциялық операциялар шеңберінде тиесiлi төлемдердi алатыны және ұсынылған оңалту жоспары олардың құқықтарын өзгертпейтiнi және қозғамайтыны туралы борышкердiң мiндеттемесi;
      9) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi қамтылуға тиіс.
      Егер борышкер оларды сотта iстi қарау үшін қажет деп есептесе, борышкердiң өтiнiшiнде өзге де мәліметтер көрсетiлуi мүмкiн.
      Осы тармақтың 4), 5), 6), 8) тармақшаларының талаптары мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      4. Жеделдетілген оңалту рәсiмiне бастамашылық ету жөнiндегi шығыстар борышкердiң қаражаты есебiнен жабылады.
      5. Борышкердiң жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
      1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
      2) берешектiң бар екенін не оның басталғанын, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiн растайтын басқа да құжаттар;
      3) борышкердiң өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.
      Мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкер осындай шараларға қатысушының мәртебесiн растайтын құжатты қосымша түрде табыс етедi.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      6. Борышкердiң өтiнiшiне:
      1) оңалту жоспары;
      2) берешектiң сомасы, оның пайда болған күнi көрсетiлген және бiртектi кредиторлардың топтары бойынша бөлiнген кредиторлар тiзбесi;
      3) отырыстың хаттамасы және (немесе) талаптарының сомасы оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлардың әрбiр тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын құрайтын кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағаны туралы жазбаша растауы;
      4) борышкерге қойылған талап арыздарды соттардың iс жүргiзуге қабылдағаны туралы, сондай-ақ даусыз (акцептісiз) есептен шығарылуға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;
      5) егер кредиторлардың оңалту жоспарын қарау және келiсу кезеңiнде кредиторлар мұндай органды құрған болса, осындай орган мүшелерiнiң тiзiмi;
      6) құрылтай құжаттарының көшiрмелерi қоса берiледi.
      Осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      7. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн барлық құжаттарға өтiнiш берген тұлға қол қояды және олар мөрмен куәландырылады.
      8. Борышкердiң жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшін сот, егер:
      1) борышкер осы Заңның 28-бабында белгiленген шарттарға сәйкес келмеген;
      2) өтiнiш осы бапта белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қарамай қайтарады.

      31-бап. Жеделдетiлген оңалту туралы iс бойынша iс
              жүргiзудi қозғау және оның салдары

      1. Сот осы Заңның 30-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiштi алып, өтiнiш келiп түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей iстi қозғау туралы ұйғарым шығарады.
      2. Жеделдетiлген оңалту туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған кезден бастап:
      1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлiктi әдеттегі коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс пайдалануға және сатуға тыйым салынады;
      2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредиторлардың, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (олар уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкердің мүлкiне қатысты талап арыздары бойынша соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi;
      4) борышкер мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы мәртебесiн алған жағдайда, кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi;
      5) борышкер оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобының әрбiр кредиторына iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы хабарламаны бес жұмыс күнi iшiнде жiберуге мiндеттi;
      6) кредиторлар хабарламада көрсетiлген кредиторлық берешек сомасымен келiспеген жағдайда, жеделдетiлген оңалту туралы iстi қарайтын сотқа хабарлама алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарсылық жiберуге құқылы;
      7) жеделдетiлген оңалту рәсiмiне тартылған кредиторлардың талаптары бойынша, оның iшiнде даусыз (акцептiсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптар бойынша борышкердiң банктiк шоттарынан ақшаны өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкер мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi.
      3. Борышкердiң кредиторларға жiберетiн хабарламасында:
      1) жеделдетiлген оңалту туралы iс қозғалғаны туралы ақпарат;
      2) жеделдетiлген оңалту туралы iс қозғау туралы ұйғарым шығарған соттың атауы және оның тұрған жерi;
      3) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшке қоса тiркелген құжаттарда көрсетiлген кредиторлар талаптарының сомасы, сондай-ақ жеделдетiлген оңалту рәсiмiне қатысатын бiртектi кредиторлар тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасы;
      4) көрсетiлген кредиторлық берешек сомасымен келiспеген жағдайда, кредиторлар хабарламаны алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде сотқа қарсылық бере алатыны туралы ақпарат қамтылуға тиiс.
      4. Борышкер жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс қозғалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде хабарландырулардың көшiрмелерiн, хабарламалардың түпнұсқаларын оларды кредиторлардың алғанын, не кредитордың тұрған жерi бойынша болмау себебi бойынша оларды табыс ету мүмкiн болмағанын растаумен бiрге сотқа ұсынуы тиiс.

      32-бап. Iстiң сотта қаралуы

      1. Жеделдетiлген оңалту туралы iстi сот талқылауына дайындау кезiнде сот Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген iс-әрекеттерден басқа, жеделдетiлген оңалту рәсiмiне тартылған кредиторларды және прокурорды iстiң сотта қаралатын уақыты мен орны туралы хабардар етедi.
      2. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ ол қозғалғаннан кейiнгi күнтізбелік он бес күннен кешiктiрiлмей, жеделдетiлген оңалту туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.
      Сот жеделдетiлген оңалту туралы iстi iс қозғалған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде қарауға тиiс.
      3. Жеделдетiлген оңалту туралы iстi алдын ала дайындау мерзiмi iс қозғалған кезден бастап күнтізбелік он бес күннен аспауға тиiс.
      4. Сот мынадай шарттар орындалғанда:
      1) сот талқылауы барысында борышкер төлемге қабiлетсiздiгiн не орындау мерзiмi таяу он екi айда басталатын ақшалай мiндеттемелердi орындаудың мүмкiн еместiгiн дәлелдеген;
      2) борышкер iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалғандығы туралы кредиторларды хабардар ету бойынша талаптарды толық көлемде орындаған;
      3) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдануға келiсiм бермеген кредиторлардың мүлiктiк мүдделерi оңалту жоспарында ескерiлген;
      4) оңалту жоспарын мақұлдаған кредиторлардың талаптары бiртектi кредиторлардың тиiстi тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраған кезде жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот шешiмiн шығарады.
      Осы тармақтың 1), 4) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      5. Сот шешiмi:
      1) борышкердiң атауын, оның тұрған жерiн, банктiк шоттары туралы мәлiметтердi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн), басшының тегiн, атын, әкесiнiң атын, телефонның байланыс нөмiрiн;
      2) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы нұсқауды;
      3) мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану жағдайларын қоспағанда, оңалту жоспарын бекiту туралы нұсқауды;
      4) жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi туралы мәлiметтердi;
      5) оңалту жоспарына енгiзiлген кредиторлар тiзбесiн;
      6) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобы (топтары) талаптарының сомасын;
      7) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолданудың осы Заңда көзделген салдарының басталғаны туралы нұсқауды;
      8) борышкердiң оңалту жоспарын орындау нәтижелерi бойынша қорытынды есеп беруi туралы нұсқауды қамтуға тиiс.
      6. Сот мынадай:
      1) сот талқылауы барысында борышкер төлемге қабiлетсiздiгiн және (немесе) алдағы төлемдердi уақытылы өтеу мүмкiндiгi жоқтығын растамаған;
      2) борышкер осы Заңның 31-бабы 4-тармағының талаптарын орындамаған және борышкер кредиторды оның тұрған жерi бойынша болмауы себептi хабардар етудiң мүмкiн болмағанын дәлелдемеген;
      3) кредиторларға жiберiлген iс бойынша iстi қозғау туралы хабарламалар осы Заңның 31-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
      4) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдануға келiсiм бермеген кредиторлардың мүлiктiк мүдделерi оңалту жоспарында ескерiлмеген;
      5) оңалту жоспарына келiсiм берген бiртектi кредиторлар тобына жатпайтын кредиторлардың құқықтарын оңалту жоспары өзгерткен және қозғаған;
      6) борышкер ұсынған құжаттар оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлардың әрбiр тобы талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын бiлдiретiн кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағанын растамаған жағдайларда, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолданудан бас тартады.
      Осы тармақтың 5), 6) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      7. Сот талқылауы барысында осы баптың 6-тармағында көрсетiлген мән-жайлар анықталмаған жағдайларда, сот жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм шығарады.

      33-бап. Кредиторлардың жеделдетiлген оңалту рәсiмiндегі
              жиналысы

      1. Кредиторлардың бірінші жиналысы соттың жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiмi шығарылған кезден бастап бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде өткiзiлуге тиiс.
      2. Мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге жеделдетiлген оңалту рәсiмi қолданылған жағдайда, борышкердiң жоғарыда көрсетілген шаралар шеңберiнде қалыптастырылған кредиторлар органдарына кредиторлар жиналысының және комитетiнiң осы Заңда белгiленген өкiлеттiктерi қолданылады.
      3. Кредиторлардың жиналыстарын, кредиторлар комитетiнiң отырыстарын өткiзу, кредиторларды хабардар ету жөнiндегi шығыстар борышкердiң қаражаты есебiнен жабылады.
      4. Кредиторлар жиналысының ерекше құзыретiне:
      1) кредиторлар комитетiн құру туралы шешім қабылдау;
      2) кредиторлар комитетiнiң санын және кредиторлар комитеті төрағасының кандидатурасын айқындау, құрамын қалыптастыру және бекiту;
      3) кредиторлар комитетiнiң құрамына өзгерiстер енгiзу;
      4) оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды келiсу;
      5) кредиторлар комитетi мүшелерiнiң жеделдетiлген оңалту рәсiмiн жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты кредиторлардың назарына жеткiзу тәртiбiн айқындау;
      6) оңалту жоспарында көзделмеген, әдеттегі коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу;
      7) жеделдетiлген оңалту рәсiмiнің мерзімін ұзартуға келісім беру;
      8) қорытынды есепті келісу;
      9) осы Заңда көзделген өзге де өкiлеттiктер жатады.

      34-бап. Оңалту жоспары

      1. Оңалту жоспары борышкердiң төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру (оңалту шаралары), орындау мерзiмi басталмаған мiндеттемелердi өтеу мүмкiн еместiгiне байланысты төлемге қабiлетсiздiктiң туындауын болғызбау бойынша нақты iс-шараларды және жеделдетiлген оңалту рәсiмiне қатысатын бiртектi кредиторлардың топтары алдындағы берешектi өтеу және (немесе) алдағы төлемдер кестесiн қамтуға тиiс.
      Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар кредиторлар жиналысының келiсiмiмен енгiзiледi және оны сот бекiтедi.
      2. Оңалту шаралары санацияны, сауда-саттық жүргiзу арқылы мүлiкті (активтерді) сатуды, борышкердiң талап ету құқықтарын басқаға берудi, негiзгi борыш сомасының бiр бөлiгiн есептен шығаруды, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға айырбастауды, бiтiмгершiлiк келiсiм жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердiң төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де iс-шараларды қамтуы мүмкiн.
      3. Егер оңалту жоспары ақшалай қаражат көзi ретiнде кредиттер (микрокредиттер) алуды қамтыған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттiк қолдау шараларын көздесе, оңалту жоспарына кредит (микрокредит) алуға арналған шарт не қаржылық ұйымның оң шешiмi не мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы мәртебесiн алғандығын растайтын құжат қоса беріледi.

      35-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту
              жоспарын бекiту салдары

      1. Сот жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм шығарған және оңалту жоспарын бекiткен кезден бастап мынадай салдар басталады:
      1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына кредиторлар жиналысының немесе борышкерге мемлекеттiк қолдау шараларын қолдану кезiнде құрылған кредиторлардың өзге органдарының келiсiмiнсiз, оңалту жоспарында көзделгендердi қоспағанда, мүлiктi әдеттегі коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;
      2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредиторлардың, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (ол уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкiне қатысты талап арыздары бойынша соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi;
      4) борышкерге мемлекеттiк қолдау шаралары қолданылған жағдайда, кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi.
      2. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi iшiнде борышкер әр айдың 15-iнен кешiктiрмей өткен айдағы қаржылық жағдайы, әдеттегі коммерциялық операциялар барысында жүргiзiлген мәмiлелер туралы ақпаратты кредиторлар комитетi мүшелерiнiң назарына жеткiзуге, кредиторлар комитетiнiң талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға мiндеттi.
      3. Оңалту жоспарына қосылған кредиторлармен есеп айырысу оңалту жоспарында көзделген өтеу кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiне тартылмаған, қалған кредиторлармен есеп айырысу кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнде жүзеге асырылады.

      36-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн тоқтату

      1. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн:
      1) кредиторлар жиналысымен келiсiлген қорытынды есеп табыс етiлген;
      2) егер мерзiмдi ұзарту үшiн негiз болмаса, жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi өткен;
      3) оңалту жоспарын орындау кезiнде, сондай-ақ осы Заң нормаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда кредиторлар жиналысының шешiмi негiзiнде жиналыс уәкiлеттiк берген тұлғаның өтiнiшi бойынша;
      4) оған қатысты борышкер өтеу кестесiн үш айдан астам мерзiм iшiнде орындамаған кредитордың өтiнiшi бойынша;
      5) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына жатпайтын кредитордың не талаптары жеделдетiлген оңалту рәсiмiн өткiзу кезеңiнде туындаған кредитордың өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғалған жағдайларда;
      6) оңалту жоспары құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған және (немесе) ескермеген, оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына жататын кредитордың өтiнiшi бойынша сот тоқтатады.
      2. Жеделдетілген оңалту рәсiмi тоқтатылған кезден бастап осы Заңның 35-бабында белгіленген шектеулер алып тасталады, кредиторлар өз құқықтарын іске асыруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

4-тарау. Оңалту немесе банкроттық туралы iстердi сот тәртiбiнде
қарау

      37-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғау тәртiбi

      1. Оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу сотта осы Заңның 5-бабында көзделген негіздер бар болған кезде борышкердің өтініші негізінде қозғалады.
      Борышкер банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымының көшірмесін алған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті сотқа жіберуге де құқылы.
      2. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу сотта осы Заңның 4-бабында көзделген негіздер болған кезде – борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың), осы Заңның 46-бабында көзделген жағдайларда – прокурордың, осы Заңның 84-бабында көзделген жағдайда оңалтуды басқарушының өтiнiшi негiзiнде қозғалады.
      3. Борышкерді банкрот деп тану туралы кредитордың өтінішін сотқа беру құқығына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер жөніндегі кредиторлар - жеке және заңды тұлғалар ие болады.
      4. Сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы немесе борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi іс жүргiзуге қабылдау туралы ұйғарым шығарған кезден бастап оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалды деп есептеледі.
      5. Банкрот деп тану туралы борышкер, оңалтуды басқарушы берген өтiнiш соттың тиiстi шешiмiнсiз кері қайтарып алынбайды. Осы Заңның 84-бабында көзделген негіздер бойынша өтiнiш берiлген жағдайларды қоспағанда, кредитордың (кредиторлардың), прокурордың өтiнiшiн ол (олар) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.

      38-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iске қатысушы
              тұлғалар

      Мыналар:
      1) борышкер;
      2) кредиторлар;
      3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөнiндегi өкiлi;
      4) прокурор;
      5) борышкер мүлкiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган;
      6) уәкiлеттi орган;
      7) уақытша басқарушы;
      8) оңалтуды басқарушы оңалту немесе банкроттық туралы iске қатысушы тұлғалар бола алады.

      39-бап. Борышкердiң өтiнiшi

      1. Борышкер өзiн банкрот деп тану туралы:
      1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген органның;
      2) борышкер мүлкi иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның шешiмдерi негiзiнде сотқа жүгiнуге құқылы.
      2. Борышкер:
      мүлкiнiң иесi, ол уәкiлеттiк берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе құзыреттi органы оны тарату туралы шешiм қабылдаған, ал мүлiктің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, өзiн банкрот деп тану туралы;
      егер бір кредитордың немесе бірнеше кредитордың талаптарын қанағаттандыру борышкердің басқа кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін немесе міндетті төлемдері және (немесе) өзге төлемдерін төлеу бойынша міндеттемелерінің толық көлемде орындалуы мүмкін болмауға әкелсе борышкерді банкрот деп тану;
      ол төлемге қабілетсіздігі басталғаны туралы білген немесе білуі тиіс болған кезден бастап үш айдың ішінде өзін банкрот деп туралы сотқа жүгінуге мiндеттi.

      40-бап. Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны

      1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған борышкердiң - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы адам қол қояды.
      2. Борышкердiң өтiнiшi:
      1) өтiнiш берiлетiн соттың атауын;
      2) кредиторлар талаптарын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiнiң негiздемесiн;
      3) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, жалдауда және лизингте тұрған мүлiк, банк шоттарындағы ақша туралы мәлiметтердi; шоттардың нөмiрлерiн және банктердiң тұрған жерiн, дебиторлардың тұрған жерi мен берешек сомасы көрсетiлген тiзбесiн;
      4) борышкердiң орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi;
      5) борышкер қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкердiң тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатыны туралы ақпаратты;
      6) қоса берiлетiн құжаттар тiзбесiн қамтуға тиiс.
      Борышкердiң өтiнiшiнде, егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарауға қажет болса өзге де мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар қолдаухаттар көрсетiлуi мүмкiн.
      Борышкер уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерiн жiберуге мiндеттi.

      41-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттар

      1. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
      1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
      2) берешектiң бар-жоғын, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiн;
      3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.
      2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
      1) борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болған, меншiк иесiнiң немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлға органдарының шешiмi;
      2) соңғы үш жылдағы және өтiнiш берген кезге қаржылық есептiлiк, көрсетiлген кезең үшiн борышкердiң барлық мiндеттемелерi бойынша салық есептiлiгі, тиiстi берешектiң сомасы мен түзiлу күнiн көрсете отырып (еншілес ұйымдар болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептілік те қоса беріледі), барлық кредиторлар мен дебиторлардың тiзбесi (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, толық атауы, заңды мекенжайы);
      3) еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлардың банкроттық туралы iске қатысу үшiн өкiлi жасырын дауыс беру арқылы сайланған жиналысының (конференциясының) хаттамасы;
      4) құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
      5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, табиғи монополия салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап күнтізбелік он күн iшiнде беретiн қорытындысы;
      6) егер борышкер тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайда, монополияға қарсы органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он күн iшiнде беретiн қорытындысы;
      7) борышкерге қойылған, соттар iс жүргiзуге қабылдаған талап арыздар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер де қоса берiледi.
      3. Оңалту рәсiмiн тоқтату және борышкердi банкрот деп тану туралы оңалтуды басқарушының өтiнiшi, осы баптың 2-тармағының 1), 3) және 7) тармақшаларында көзделгендердi қоспағанда, осы баптың 1, 2-тармақтарында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды қамтуға тиiс.
      4. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
      1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
      2) берешектiң бар-жоғын, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiн не ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi таяу он екi айда басталған кезде оған оларды орындайтын күйде болмайтын төлемге қабiлетсiздiк қатерiнiң төнгенiн;
      3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.
      5. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
      1) борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болған, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң (ол уәкiлеттiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлға органдарының шешiмi;
      2) соңғы үш жылдағы қаржылық есептiлiк, тиiстi берешектiң сомалары мен түзiлген күнiн көрсете отырып, барлық кредиторлор мен дебиторлардың тiзбесi (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, толық атауы, заңды мекенжайы), сондай-ақ өтiнiш берiлген кездегi активтер, мiндеттемелер мен меншiк капиталы туралы мәлiметтердi қамтитын қаржылық жағдай туралы мәлiметтер (еншілес ұйымдар болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептілік те қоса беріледі);
      3) борышкерге қойылған, соттар iс жүргiзуге қабылдаған талап арыздар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;
      4) құрылтай құжаттарының көшiрмелерi қоса берiледi.

      42-бап. Борышкер өтiнiшiнiң қаралмай қайтарылуы

      1. Борышкердiң банкрот деп тану немесе оңалту рәсiмiн қолдану туралы, осы Заңның 40 және 41-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi өтiнiштi қарамай қайтаруға негiз болып табылады.
      2. Борышкер үшiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну осы Заңға сәйкес мiндеттi болып табылған және қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса тiркелмеген жағдайларда мұндай өтiнiштi сот iс жүргiзуге қабылдайды, ал жеткiлiксiз құжаттарды сот қарауына iстi дайындау тәртiбiмен сот сұратып алады.

      43-бап. Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi

      1. Азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер бойынша кредитордың (кредиторлардың) өтiнiштерiнiң негiзiнде банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн.
      2. Кредитордың өтiнiшi сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жалпы ережелер бойынша берiледi.
      3. Кредитордың өтiнiшiнде:
      1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;
      2) борышкердiң-дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жерi немесе борышкердiң - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi;
      3) кредитордың-жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жерi немесе кредитордың - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi;
      4) борышкердiң кредитордың алдындағы оның талабынан туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;
      5) осы кредитордың борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;
      6) мiндеттеме бойынша берешек сомасы және осы сомаға есептелген сыйақы (мүдде), борышкерден өндiрiп алуға жататын тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiм);
      7) кредитор талаптарының белгiленген құқықтық негiздерi (сот шешiмi, бұл талаптарды борышкердiң мойындауы, ал олар жоқ болған кезде – кредитор талаптарының негiздiлiгiн және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);
      8) борышкерде бар мүлiк туралы кредиторға белгiлi мәлiметтер;
      9) жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішті берген кезде борышкердің болмауы туралы ақпарат;
      10) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi;
      11) борышкерге талаптар қою айғағы;
      12) егер банкроттық туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
      4. Кредитор сотқа өтініш берумен бір уақытта өтiнiштiң және оған қоса тiркелетiн құжаттардың көшiрмелерiн уәкiлеттi органға жiберуге мiндеттi.
      5. Кредитордың осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмейтiн, сондай-ақ қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген өтiнiшiн сот қарамай қайтарады.

      44-бап. Кредитордың өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар

      Кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
      1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленгенiн;
      2) кредитордың өтiнiшi мен оған қоса тiркелген құжаттардың көшiрмелерінiң борышкерге және уәкiлеттi органға жiберiлгенiн;
      3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерi, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар-жоғы мен сомасын;
      4) кредитор талаптарының орындылығын (орындау құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитор талаптарын борышкердiң жазбаша түрде мойындауы);
      5) борышкердің жоқ екендігін растайтын құжаттар;
      6) кредитор өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi.

      45-бап. Бiр немесе бiрнеше кредитордың талаптарын
              бiрiктiру

      1. Кредитордың әртүрлi мiндеттемелер бойынша борышкерге қойған бiрнеше талапты бiр өтiнiшке бiрiктiруге құқығы бар.
      2. Кредитордың борышкерге қойған өз талаптарын бiрiктiруге және сотқа бiр өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар. Мұндай өтiнiшке өз талаптарын бiрiктiрген кредиторлар қол қояды.

      46-бап. Прокурордың мәлiмдемесi

      1. Прокурор:
      1) әдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда;
      2) кредитор-Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың мүдделері көзделгенде борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың мәнінен туындамаса, прокурордың мәлiмдемесi сотқа осы Заңда кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген талаптарды сақтай отырып берiледi.

      47-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс
              жүргiзудi қозғау

      1. Борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсiмiн қолдану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш келiп түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей iс қозғау туралы, осы Заңның 52-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда, анықтама шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
      Iс қозғау туралы ұйғарым мүлiкке құқықты тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк және өзге де органдардың осы Заңның 49-бабының 1-тармағында көзделген шектеулердi қолдану туралы мiндетiн қамтуға тиiс.
      2. Сот iс қозғау туралы сот ұйғарымының көшiрмелерiн борышкерге, өтiнiш берушiге, уәкiлеттi органға, мүлiкке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк және өзге де органдарға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасына және борышкердiң тұрған жерi бойынша аумақтық атқарушылық iс жүргiзу органына жiбередi.
      3. Сот iс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында олар туралы ұйғарымды шығару күніне мәліметтер орналастырылған, уәкілетті органда тіркелген адамдар санынан уақытша басқарушыны тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
      4. Уақытша басқарушыны тағайындау туралы сот ұйғарымында:
      1) уақытша басқарушының тағайындалған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банкроттау туралы іс қозғау туралы хабарландыруды жіберуі және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы;
      2) уақытша басқарушының осы Заңның 93-бабында белгіленген тәртіппен кредит берушілер талаптарының тізілімін қалыптастыруы туралы нұсқау қамтылуы тиіс.
      Егер банкроттау туралы іс кредит берушінің немесе прокурордың өтініші бойынша қозғалған жағдайда уақытша басқарушыны тағайындау туралы сот ұйғарымында сондай-ақ:
      1) уақытша басқарушы тағайындалған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде оның борышкердің қаржылық ахуалы туралы мәліметтерді жинақтауды жүзеге асыруы және сотқа уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды ұсынуы;
      2) уақытша басқарушының уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша борышкердің қаржылық ахуалы туралы мәліметтерді жинақтауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қорытындыны сотқа ұсыну күні туралы нұсқауды қамтуы тиіс.
      5. Сот осы Заңның 12-бабының 12 және 13-тармақтарында көзделген негіздердің бірі басталғаны туралы сотқа белгілі болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уақытша басқарушыны шеттетеді.
      Сот осы Заңда белгіленген тәртіппен уақытша басқарушыны шеттеткен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде басқа уақытша басқарушыны тағайындайды.

      48-бап. Уақытша басқарушының қорытындысы

      Уақытша басқарушы борышкердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша мынадай:
      1) борышкер төлемге қабілетті, борышкерді банкрот деп тану туралы кредитордың талабы негізсіз болып табылады;
      2) борышкер төлемге қабілетсіз және оңалту рәсімдерін қолдану үшін негіздер бар;
      3) борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкер жоқ және оны банкрот деп тану үшін негіздер бар, бірақ есебінен банкроттық рәсімі жүзеге асырылуы мүмкін мүлкі (активтері) жоқ;
      4) борышкердің өтініш берушіден басқа өзге де кредиторларының болмауы;
      5) борышкердің оның қаржылық жай-күйіне талдау жүргізуге кедергі келтіретін құрылтай құжаттары, мөрі және (немесе) есепке алу құжаттамасы жоқ не борышкер уақытша басқарушыға бермеген;
      6) борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжайда борышкер жоқ деген тұжырымдарды қамтитын талдамалық сипаттағы қорытынды жасайды.
      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген қорытындыны негіздер болған кезде ол тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде уақытша басқарушы жасайды.

      49-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс
              қозғаудың салдары

      1. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап:
      1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлiктi әдеттегі коммерциялық операциялардан тыс пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;
      2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе борышкер органдарының борышкер мүлкiне қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) кепілдер мен кепілдемелерді орындау бойынша талаптарды қоспағанда, кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болған жағдайларда, кепіл мәніне өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн;
      4) кредиторлардың, салық органы мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердiң банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi;
      5) борышкердiң акцияларын, жарғылық капиталындағы үлестерiн иелiктен шығаруға тыйым салынады.
      2. Сот Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында оңалту туралы iс бойынша iс қозғалғандығы жөнiндегi хабарландыруды қазақ және орыс тiлдерiнде күнтізбелік жетi күн iшiнде жариялауға мiндеттi.
      Хабарландыруды жариялау оңалту рәсімін қолдану туралы өтiнiш берген тұлғаның осы Заңның 61-бабында белгiленген тәртіппен өтелуге жататын қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      50-бап. Кредиторлар талаптарын қамтамасыз ету

      Кредитордың, прокурордың не iске қатысушы өзге адамның өтiнiшi бойынша сот кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету бойынша мынадай:
      1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (мүліктің бiр бөлiгiне), оның iшiнде ақшаға тыйым салу;
      2) борышкерге оның мүлкiнiң азаюына ұшыратуы не өзгеше түрде кредитордың мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн әрекеттер жасауына тыйым салу;
      3) өндiрiп алу даусыз (акцептсiз) тәртiппен жүргiзiлетiн орындау құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұру;
      4) істі қарау кезеңіндегі борышкердің активтерін сақтауға бағытталған уақытша басқарушының ұсынымдары бойынша өзге де әрекеттерді жасау шараларын қолдануға құқылы.

      51-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы істi сот
              талқылауына даярлау

      1. Оңалту туралы iстi сот талқылауына дайындау кезiнде Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген әрекеттерден басқа сот:
      1) iстi сот отырысында қаралатын уақыты мен орнын iске қатысатын уәкілетті органға, кредиторларға, прокурорға және өзге де тұлғаларға хабарлайды;
      2) iстi мәнi бойынша қарау үшiн сот отырысын тағайындайды.
      2. Банкроттау туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымның көшірмелері уәкілетті органға, борышкерге, кредиторларға, прокурорға және іске қатысатын өзге адамдарға жіберіледі.

      52-бап. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата
              тұру және қайта бастау

      1. Сот уақытша басқарушының қорытындысын және банкроттық туралы іске бастамашылық жасаған кредитордың келісімін ескере отырып, борышкердің банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу шеңберінде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішін алып, өтініш келіп түскеннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады.
      2. Соттың банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымының көшірмелерін сот борышкерге, өтініш берушіге, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасына және борышкердiң тұрған жерi бойынша аумақтық атқарушылық iс жүргiзу органына жiбередi.
      3. Сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді осы Заңның 84-бабының 2, 3, 4, 6-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсiмi тоқтатылған жағдайда қайта бастайды.

      53-бап. Сот талқылауы

      1. Алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн банкроттық туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.
      Борышкердің өтініші бойынша банкроттық туралы іс сот отырысында бір айдан аспайтын мерзiмде қаралуға тиiс.
      Кредитордың не прокурордың өтініші бойынша сот талқылауына тағайындау туралы ұйғарым шыққан күннен бастап екі айдан аспайтын мерзiмде банкроттық туралы іс сот отырысында қаралуға тиiс.
      2. Борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берген кредитор сот отырысына келмеген жағдайда сот өтінішті қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
      Борышкер жоқ болып табылатын жағдайларды қоспағанда, борышкер сот отырысына келмеген жағдайда сот мәжбүрлеп алып келу туралы ұйғарым шығарады.
      Банкроттық туралы іс сырттай iс жүргiзу тәртібінде тек жоқ борышкерге қатысты қаралуы мүмкін.
      3. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ ол қозғалғаннан кейінгі күнтізбелік он бес күннен кешiктiрiлмей, оңалту туралы iс сот талқылауына тағайындалуы тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.
      Оңалту туралы iс сот отырысында ол қозғалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзiмде қаралуға тиiс.

      54-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша сот
              қаулылары

      1. Сот оңалту немесе банкроттық туралы iстi сот отырысында қарап, мынадай сот актiлерiнiң бiрiн:
      1) борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімдерді қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм;
      2) борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімдерді қозғамай отырып, оны тарату туралы шешiм;
      3) борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм;
      4) оңалту рәсімін қолдану туралы шешім;
      5) оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешім;
      6) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым қабылдай алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген сот шешiмдерi мен ұйғарымдары, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.

      55-бап. Борышкердi банкрот деп тану және оны банкроттық
              рәсімін қозғай отырып тарату туралы шешiм

      1. Кредитордың не прокурордың өтініші бойынша борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы шешімді сот борышкердің төлемге қабілетсіздігі туралы және оны банкрот деп тану негіздері бар уақытша басқарушының қорытындысын ескере отырып, ұйғарым шығарады.
      2. Борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы шешімді сот Заңның 119-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда да шығарады.
      3. Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінде:
      1) банкроттық рәсімін қозғай отырып, борышкерді тарату туралы;
      2) борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығының уақытша басқарушыға ауысуы туралы;
      3) шешім шыққанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы туралы;
      4) борышкердiң лауазымды тұлғаларының құрылтай, қаржы және оның мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарын, сондай-ақ борышкердiң мөрiн уақытша басқарушыға борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кеш емес мерзiмде беру туралы;
      5) банкроттың мүлкіне салынған барлық шектеулерді, оларды салған органдардың тиісті шешімдерін қабылдамастан, әкімшінің өтініші негізінде (банкроттың шотына қаржылық және мемлекеттік органдардың инкассалық өкімдері, сот орындаушылары салған мүлікке тыйым салулар және басқалары) алу туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.
      4. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша банкроттық рәсімі қозғалған жағдайда, сот шешімінде уәкілетті органға кредиторлардың бірінші жиналысын өткізу туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
      5. Уақытша басқарушы борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде борышкерді банкрот деп таныған күннен бастап екі жұмыс күнінен кеш емес мерзімде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға жібереді.
      Уәкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
      Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
      1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған соттың атауы;
      2) банкроттың атауы және орналасқан жерi;
      3) банкротты сәйкестендіретін мәліметтер (салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы).

      56-бап. Борышкердi банкрот деп тану және оны банкроттық
              рәсімін қозғамастан тарату туралы шешiм

      1. Борышкердi банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғамастан тарату туралы шешiмді сот егер уақытша басқарушы борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екендігіне және есебінен банкроттық рәсімін жүзеге асыру мүмкін болатын борышкердің мүлкі (активтері) жоқтығына қорытынды берген жағдайда шығарады.
      2. Банкроттық рәсімін қозғамастан борышкерді таратуды осы Заңның 119-бабында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүргізеді.

      57-бап. Борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы
              сот шешiмi

      1. Егер уақытша басқарушы:
      1) борышкерді банкротты деп тану туралы кредитор талаптарының негізсіздігі туралы тұжырым қамтылған борышкердің қаржылық жағдайы туралы;
      2) борышкердің өтініш берушіден басқа, кредиторларының жоқ екені туралы қорытынды берген жағдайларда сот борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша сот борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешімді шығарған жағдайда, соңғысы өтініш берушіден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
      3. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртiппен борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды.

      58-бап. Оңалту туралы іс бойынша шешім

      1. Борышкер сот талқылауы барысында өзінің төлемге қабілетсіздігін дәлелдеген немесе ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі келген кезде таяу он екі айда борышкердің оларды орындайтын күйде болмайтын төлемге қабілетсіздік қаупі төнген жағдайда, сот оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімін шығарады.
      2. Борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот шешімінде:
      1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы;
      2) борышкердің оңалту рәсiмi қолданылған кезден бастап үш айдан кеш емес мерзімде кредиторлар жиналысымен келісілген борышкерді оңалту жоспарын ұсынуы туралы;
      3) оңалту рәсімін қолданудың осы Заңда көзделген салдарының басталғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс;
      3. борышкердің оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оңалту рәсiмiн қолдану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртіппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруы туралы;
      Осы Заңның 12-бабындағы 12, 13-тармақтарында көзделген негіздердің бірі келгені туралы сотқа белгілі болғанда сот үш жұмыс күні ішінде уақытша әкімшіні босатады.
      Сот уақытша әкімшіні босатқаннан соң бір жұмыс күні ішінде осы Заңда белгіленген тәртіп бойынша басқа уақытша әкімшіні тағайындайды.
      4. Уақытша әкімшіні тағайындау туралы сот шешімінде:
      Уақытша әкімшіні тағайындағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарын өтіну тәртібін уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыруы бойынша хабарлама жіберуі туралы;
      Уақытша әкімші оңалту рәсімін қолданған кезеңнен бастап екі айдан аспайтын мерзімде кредиторлар талаптары тізілімін қалыптастыруы туралы және оны интернет-ресурста орналастыру үшін уәкілетті органға ұсыну туралы нұсқау болуы тиіс.
      5. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы жарияланымда:
      1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешімді шығарған соттың атауы;
      2) борышкердің атауы және тұрған жері;
      3) уақытша әкімшіні тағайындау;
      4) кредиторларға жарияланым күнінен бастап бір ай мерзімде өздерінің борышкерге талаптарын қою қажеттігі туралы өтініш қамтылуға тиіс.
      6. Егер борышкер сот талқылауы барысында өзінің төлемге қабілетсіздігін дәлелдемеген не оларды орындау мерзімі таяу арадағы он екі айда басталатын ақшалай міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда сот оңалту рәсiмiн қолданудан бас тартады.
      Соттың оңалту рәсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешiмінде кредитордың борышкерден оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтініш беру нәтижесінде келтірілген шығындарының орнын толтыруды талап ету құқығына нұсқау қамтылуға тиіс.

      59-бап. Жалған банкроттық кезiндегi сот шешiмi

      1. Жалған банкроттық белгiлерi болған кезде кiнәлi лауазымды тұлғалардан барлық сот шығындарын өндiрiп ала отырып, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады.
      2. Сот шешiмiнде кредиторлардың осы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес жалған банкроттықтан келтiрiлген шығындардың орнын толтыруды борышкерден талап ету құқығы көрсетiлуге тиiс.

      60-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым

      1. Банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ осы Заңның 37-бабының 5-тармағына сәйкес борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiш керi қайтарып алынған жағдайда тоқтатады.
      2. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ:
      1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтініш кері қайтарып алынған;
      2) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда қамтылған дәйексіз мәліметтердің ұсынылу фактілері анықталған жағдайларда тоқтатады.

      61-бап. Әкiмшiлiк шығыстарын бөлу

      1. Борышкердi банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы шешiм қабылданған кезде әкiмшiлiк шығыстар борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстары осы тәртіппен өтеледi.
      2. Негіздердің болмауына байланысты борышкердi банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген шығындар сотқа жүгінген кредиторға жатқызылады және талаптарына қарай олардың арасында тепе-тең бөлiнедi.

      62-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi.
              Шешiмдi (ұйғарымды) қайта қарау

      Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi мен оларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша кассациялық, апелляциялық және қадағалау тәртiбiмен қайта қарау азаматтық сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша жүзеге асырылады.

5-тарау. Оңалту рәсiмi

      63-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану

      Оңалту рәсiмi сот тәртiбiмен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.

      64-бап. Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi

      Сот оңалту рәсiмiн жүргiзу мерзiмiн оңалту жоспарына сәйкес белгiлейдi. Сот оңалтушы басқарушының қолдаухаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсiмiмен осы мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол алты айдан аспауға тиiс.
      Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабiлеттi ұйымдар үшiн сот оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн екi жылға дейiн ұзартуға құқылы.
      Ұйым мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы мәртебесiн алған жағдайда, сот оңалтушы басқарушының өтiнiшi бойынша, кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен оңалту рәсiмiн жүргiзудi тоқтата тұруға құқылы.

      65-бап. Мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы үшiн
              оңалту рәсiмiн тоқтата тұру және қайта бастау

      1. Оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы өтiнiштi сот ол түскен күннен бастап он жұмыс күнiнен кеш емес мерзiмде қарауға тиiс.
      Оңалту рәсiмiн тоқтата тұру үшiн борышкердiң мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы мәртебесiн алуы және кредиторлар комитетiнiң шешiмi негiз болып табылады.
      2. Сот оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап, мынадай салдарлар басталады:
      1) оңалтуды басқарушы борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiледi және басқару борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) өтедi;
      2) осы Заңның 68-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрады;
      3) ұйымды оңалту жоспарының орындалуы тоқтатыла тұрады;
      4) кредит берушілердің талаптарын өтеу мемлекеттiк қолдау шаралары шеңберiнде қабылданған оңалту жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
      3. Кредиторлар комитетi оңалту рәсiмiн қайта бастау туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну туралы шешiм қабылдауға құқылы. Осындай өтiнiшпен кредиторлар комитетi уәкiлеттiк берген тұлға жүгiнедi.
      Оңалту рәсiмiн қайта бастау туралы сот ұйғарымы күшiне енген күннен бастап, осы баптың 2-тармағының қолданысы тоқтатылады.

      66-бап. Оңалту рәсіміне қатысушылар

      Оңалту рәсіміне қатысушылар болып табылады:
      1) сот;
      2) кредиторлар;
      3) борышкер;
      4) борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар);
      5) уақытша әкімші;
      6) оңалтуды басқарушы;
      7) уәкілетті орган;
      8) және басқа да мүдделі тұлғалар.

      67-бап. Оңалту рәсіміндегі сот өкілеттігі

      Сот оңалту рәсімінде:
      1) оңалту рәсімін қолданады, тоқтата тұрады және тоқтатады;
      2) уақытша әкімшіні тағайындайды және босатады;
      3) оңалту жоспарын бекітеді;
      4) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
      5) борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды;
      6) кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде борышкердің мүлкін және істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) сақтап қалады немесе уәкілетті органға оңалтуды басқарушыны тағайындауды тапсырады;
      7) оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.

      68-бап. Оңалту рәсімін қолданудың салдары

      1. Сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарған кезден бастап мынадай салдар басталады:
      1) мүлікпен әдеттегі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер жасасуға тыйым салынады;
      2) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есептеу тоқтатылады;
      3) төлеу мерзімі оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін басталған моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, олардың алдында өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ борышкер мүлкінің меншік иелерінің (олар уәкілеттік берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) оның мүлкіне қатысты қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
      4) оңалту рәсімі қолданылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріндегі салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтың тексерулердің нәтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленеді.
      2. Оңалту жоспары бекітілгеннен кейін:
      1) оңалту жоспарында көзделгендерді қоспағанда, мүлікпен әдеттегі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер кредиторлар жиналысының келісімімен жасалады;
      2) кредиторлық берешекті өтеу кестесі оңалту жоспарына сәйкес орындалмаған жағдайда, оңалту жоспарында көрсетілген кредиторлық берешекті өтеу күнінен немесе кезеңінен кейінгі күннен бастап осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген шектеулер алынады.

      69-бап. Оңалту рәсiмiнде борышкердiң мүлкi мен iстерiн
              басқару

      1. Борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң (ол уәкiлеттiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) өтiнiшi бойынша, кредиторлар жиналысының келiсiмiмен, оңалту жоспары бекiтiлген сәттен бастап сот борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығын борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтайды.
      Борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқықтарын сақтау туралы өтiнiш кредиторлар жиналысының шешiмi қоса тiркеле отырып, оңалту жоспарын ұсынумен бiр мезгiлде сотқа жiберiледi.
      Кредиторлар жиналысы борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкi мен iстерiн басқару құқығының күшiн жою туралы шешiм қабылдаған жағдайда, кредиторлар жиналысы уәкiлеттi органда тiркелген тұлғалар арасынан өздерiнiң оңалтуды басқарушы кандидатурасын ұсынуға мiндеттi. Кредиторлар жиналысының борышкер мүлкi мен iстерiн басқару құқығының күшiн жою туралы шешiмi оңалту жоспарын ұсынумен бiр мезгiлде сотқа жiберiледi.
      Борышкер мүлкiнiң меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар) борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiлген жағдайда да кредиторлар жиналысы оңалтуды басқарушы кандидатурасын ұсынуға мiндеттi.
      Кредитор (кредиторлар) органның осы Заңда көзделген мiндеттердi бұзғанын анықтаған жағдайда, борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар) кредиторлар жиналысының шешiмi бойынша борышкердiң басқару органдарының мүшелерiн ауыстыру жүргізуге мiндеттi.
      2. Оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде кредиторлар жиналысы уәкiлеттi органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың кәсiптiк бiрлестiктерiнен алуы мүмкiн.
      3. Уәкілетті орган оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым немесе борышкер мүлкiнiң меншiк иесiн, құрылтайшыларды (қатысушыларды) борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттету туралы ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды басқарушы етiп тағайындауға мiндеттi.
      Егер кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатура осы Заңның 12-тармағында көзделген негіздер бойынша оңалтуды басқарушы етіп тағайындалуы мүмкін болмаса, уәкілетті орган оңалтуды басқарушының кандидатурасы ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысына уәжделген бас тарту жіберуге міндетті.
      Уәкілетті орган ұсынылған кандидатураны тағайындаудан бас тартқан жағдайда кредиторлар жиналысы оңалтуды басқарушы етiп тағайындау үшін басқа кандидатура беруге міндетті.
      4. Кредиторлық берешектi өтеу кестесi үш айдан астам мерзiмде орындалмаған және (немесе) уәкiлеттi орган анықтағандарды қоса алғанда, осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайларда, сот борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығын сақтаған борышкер мүлкiнiң меншiк иесiн, құрылтайшыларды (қатысушыларды) кредиторлар жиналысы уәкiлеттiк берген тұлғаның өтiнiшi бойынша өтiнiш келiп түскен күннен бастап он бес күн iшiнде басқарудан шеттетедi.
      Сот ұйғарымында мыналар:
      уәкiлеттi органға ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап бес күн мерзiмде оңалтуды басқарушыны тағайындауды тапсыру;
      борышкердiң есепке алу құжаттамасын, құрылтайшылық, сондай-ақ борышкер мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды беруi туралы нұсқаулар қамтылуға тиiс.

      70-бап. Уақытша әкімшінің өкілеттіліктері

      1. Уақытша әкімші мыналарға:
      1) оңалту жоспарымен танысуға;
      2) кредиторлардан негіздерін растайтын құжаттарды мен мәлімделген талаптардың сомасын сұратуға құқылы.
      2. Уақытша әкімші мыналарға:
      1) борышкердiң мәмілені кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс келісу туралы өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарауға;
      2) сотқа уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындыны ұсынуға;
      3) кредиторлар талаптары мәлімделген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде оларды қарауға және мойындалған талаптарын тізілімге енгізуге;
      4) кредитордың назарына оның талаптарын қарау нәтижелерін (толық көлемде немесе бір бөлігін мойындау немесе мойындамау туралы) шешім қабылдаған күннен кейінгі күні жазбаша (мойындамау себептерін көрсете отырып) жеткізуге;
      5) оңалту рәсімі қолданылған сәттен бастап екі айдан аспайтын мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруға және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға және борышкерге кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары мойындалмаған кредиторлардың тізбесін ұсынуға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.

      71-бап. Оңалтуды басқарушы

      Осы Заңда белгіленген жағдайларда оңалтуды басқарушыны оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган тағайындайды.

      72-бап. Оңалтуды басқарушының өкiлеттiктерi

      1. Оңалтуды басқарушы:
      1) осы Заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде борышкердің мүлкіне иелік етуге;
      2) ұйымдардан, мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан борышкер туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
      3) ақпараттық жүйені қолдана отырып, оңалту және банкроттық туралы заңнамамен реттелетін қатынастарға қатысуға;
      4) кредиторлар жиналысының шешімі бойынша оңалту жоспарында көзделмеген мәмілелерді қоспағанда, әдеттегі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді жасауға;
      5) кредиторлар жиналысының келісімімен борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкердің қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдауға;
      6) кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізділігін және сомасын растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.
      2. Оңалтуды басқарушы:
      1) борышкердiң мүлкiн басқаруға, қабылдауға және қорғау мен бақылауды қамтамасыз етуге;
      2) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастыруға;
      3) сотқа оңалту рәсіміне кредиторлар жиналысымен келісілген өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қолдаухат жіберуге;
      4) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге;
      5) кредиторлар комитетінің барлық мүшелеріне осы Заңның 77-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде өткізілетін комитеттің бірінші отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлауға;
      6) осы Заңның 26-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кредиторлар комитетінің мүшелеріне хабарлама жіберуге;
      7) осы Заңның 20-бабының 1-тармағында белгіленген іс-әрекеттерді жасауға;
      8) осы Заңның 7-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде борышкер жасасқан мәмiлелердi анықтауға және сот тәртібімен оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi қайтару туралы талаптар қоюға;
      9) осы Заңда белгіленген жағдайларда оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге;
      10) осы Заңда көзделген жағдайларда оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы сотқа жүгінуге;
      11) осы Заңда белгіленген жағдайларда оңалту рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
      12) өткен айдағы қаржылық жағдайы, кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жасалған мәмілелер туралы ақпаратты әр айдың он бесінен кешіктірмей кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына жеткізуге, кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға;
      13) өзінің қызметін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрауы негізінде беруге;
      14) ұсынылған ақпаратқа енгізілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерін қоса бере отырып уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын уәкілетті органға ұсынуға;
      15) оңалтуды басқарушы шеттетілген (босатылған) немесе ауыстырылған жағдайда шеттету (босату) немесе ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
      16) кредитордың назарына оның талаптарын (толық көлемде немесе бір бөлігінде тану немесе танымау туралы) қараудың нәтижелерін шешім қабылдаған күннен кейінгі күні (танымау себептерін көрсете отырып) жеткізуге;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.
      3. Егер борышкердiң оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерінiң жалпы сомасы оңалту рәсiмi қолданылған кездегi кредиттік берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асып кетсе, оңалтуды басқарушы борышкердiң жаңа ақшалай мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен ғана жасаса алады.

      73-бап. Оңалтуды басқарушының жауапкершiлiгi

      Оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмiн тиісті түрде жүргiзбегендiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.

      74-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру

      1. Уақытша әкімші оны тағайындаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оңалту рәсiмiн қолдану туралы хабарламаны және уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде кредиторлар талаптарын мәлімдеу тәртібінде уәкілетті органға жібереді;
      Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өз интернет-ресурсына орналастыруға міндетті.
      Борышкердің интернет-ресурсы бар болған жағдайда, борышкерге оңалту рәсiмiнің қолданылуы және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарламаны аталған интернет-ресурста жариялау міндетті болып табылады.
      2. Кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары олар кредиторлар талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы жариялаған сәттен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей мәлімдеуі тиіс.
      Кредиторлардың талаптарында талаптың сомасы туралы мәліметтер салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын бір мезгілде ұсына отырып (талаптың негіздемесі мен сомасын растайтын құжаттардың (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелерін қоса негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының және өзге айыппұл санкцияларының, залалдарының сомалары туралы жеке) қамтылуы тиіс.
      Кредиторлар, сондай-ақ талаптың негіздемесі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды ұсынуға құқылы.
      Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсім арқылы тарату туралы сот шешім қабылдаған сәтте белгілеген бағам бойынша теңгемен есептеледі.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақытша басқарушы оларды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қарауы тиіс және мойындалған талаптар тізілімге енгізіледі.
      Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 2-тармағының екiншi абзацында көрсетілген талаптарға жауап беретін болса, кредит олардың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
      Кредиторлардың талаптары тізіліміне осы Заңның 93-бабының 5-тармағында қарастырылған талаптар енгізілмейді.
      4. Кредиторлар борышкерге берешектің сомасын және осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамаудан келтірілген шығындарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар, өсімпұлдар) және өзге айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды қоюға құқылы.
      Сыйақылардың (мүдденiң) сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi қабылданған кезде айқындалады.
      Кредиторлардың банкроттық рәсiмге қатысуына байланысты шығыстар өтеуге жатпайды.
      5. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (талаптарды толық көлемде тану немесе мойындамау себептерін көрсете отырып бір бөлігінде танымау туралы) уақытша әкімші шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторға жазбаша хабарлауға міндетті.
      Уақытша әкімшінің шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оны он жұмыс күні ішінде банкроттық туралы істі қарайтын сотқа шағымдануға құқылы.
      6. Уақытша әкімші оңалту рәсімі қолданылатыны туралы сот шешімі шығарған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей кредиторлардың талаптары тізілімін, сондай-ақ талаптары ескерілмеген кредиторлар тізімі уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру үшін уәкілетті органға жіберуге міндетті.
      Уәкілетті орган кредиторлардың талаптары тізілімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

      75-бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі

      1. Оңалту жоспарында борышкердің төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша нақты іс-шараларды (оңалту шараларын) және осы Заңның 79-бабының 2-тармағында көрсетілген кредиторлардың алдындағы берешекті өтеу кестесі қамтылуға тиіс.
      Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабілетті ұйымдардың оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала негізін құраушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісілуге тиіс.
      Оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар кредиторлар жиналысының келісімімен енгізіледі және сот бекітеді.
      2. Оңалту жоспарын борышкер оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде кредиторлармен бірлесіп әзірлеуі тиіс.
      3. Оңалту жоспарын іске асыру мерзімі бес жылдан аспауға тиіс.
      4. Оңалту шараларына санацияны, сауда-саттық жүргізу жолымен мүлікті (активтерді) сатуды, борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруді, борыштың бір бөлігін кешіруді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға айырбастауды, бітімгершілік келісімін жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердің төлемге қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін.
      5. Егер оңалту жоспары ақшалай қаражат көзі ретінде кредиттер (микрокредиттер) алуды қамтыса, оңалту жоспарына кредит (микрокредит) алу шарты қоса тіркеледі.
      6. Оңалту жоспары кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін кредиторлар жиналысына келісу үшін берілуге тиіс.
      7. Борышкер оңалту жоспарын кредиторлар жиналысында мақұлдағаннан күннен кешіктірмей уақытша әкімшіге ұсынуға міндетті.
      Уақытша әкімші сотқа оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қорытынды ұсынуға міндетті.
      8. Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабілетті ұйымдардың оңалту жоспары тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органымен, ал қала негiзiн құраушы кәсiпорындар бойынша - тиiстi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiмен келiсiлуге тиiс.
      Ұсынылған оңалту жоспары он жұмыс күні ішінде қаралады.
      9. Борышкер оңалту жоспарын кредиторлар жиналысында мақұлдағаннан кейін осы Заңның 58-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей сотқа ұсынуға міндетті.
      10. Кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту жоспары оны ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сот ұйғарымымен бекітіледі.
      11. Сот осы Заңда белгіленген талаптардың бұзылғандығы анықталған жағдайларда, сондай-ақ уақытша әкімші оңалту жоспарының тиімсіздігі туралы қорытынды ұсынуға қатысты оңалту жоспарын бекітуден бас тартуға құқылы.
      12. Соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымында:
      1) оңалту жоспарын бекіту туралы;
      2) оңалту рәсімін аяқтау және қорытынды есеп беру мерзімдері туралы;
      3) уақытша әкімшіні босату туралы;
      4) уәкілетті органның оңалтуды басқарушыны тағайындау туралы немесе басқару құқығының борышкер мүлкінің меншік иесіне, қатысушыларға (акционерлерге) сақталғандығы туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.

      76-бап. Борышкер талаптарының құқығын беру

      Оңалту жоспарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін ашық сауда-саттықтарда бұл осы талаптарды сату жолымен борышкер талаптарының құқығын беру көзделуі мүмкін.

      77-бап. Оңалту рәсіміндегі кредиторлар жиналысының
              ерекшеліктері

      1. Оңалту рәсімі кезінде кредиторлардың бірінші жиналысын оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірілмеген мерзімде борышкер өткізеді.
      2. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:
      1) оңалту жоспарын бекіткен кезден бастап борышкер мүлкін және істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) сақтау немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдау;
      2) кредиторлар комитетін құру туралы шешім қабылдау;
      3) кредиторлар комитеті құрамының санын айқындау, құрамын қалыптастыру және бекіту;
      4) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу;
      5) оңалту жоспарын келісу;
      6) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;
      7) оңалту рәсімінің мерзімін ұзартуға келісім беру;
      8) кредиторлар комитеті мүшелерінің оңалту рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты кредиторлардың назарына жеткізу тәртібі мен мерзімін айқындау;
      9) өзге мәмілелерді әдеттегі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс жасалатындардың санатына жатқызу;
      10) оңалту жоспарында көзделмеген, әдеттегі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу;
      11) борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiту;
      12) уәкілетті органда тіркелген тұлғалардың ішінен оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау;
      13) оңалтуды басқарушыға және уақытша әкімшіге негізгі сыйақы төлеу мөлшерін айқындау;
      14) борышкер мүлкін және істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған жағдайда, борышкерді басқару органдары мүшелерінің ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;
      15) оңалтуды басқарушының (борышкердің) қорытынды есебін келісу;
      16) өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешектің сомасын бекiту;
      17) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.

      78-бап. Оңалту рәсіміндегі кредиторлар комитетінің
              ерекшеліктері

      Кредиторлар комитетi мынадай өкілеттіктерді:
      1) оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетi мүшелерiнiң арасынан кредиторлар өкiлiн сайлайды;
      2) оңалтуды басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы мен оңалту рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ақпарат беруді талап етеді;
      3) оңалтуды басқарушының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағымданады, сондай-ақ оларды атқаратын міндеттерінен шеттету туралы уәкілетті органға жүгіну жөнінде шешім қабылдайды;
      4) оңалтуды басқарушының қосымша сыйақы сомасын және оны төлеу тәртібін айқындайды;
      5) кредиторлардың талаптарын есепке алу туралы шешім қабылдайды;
      6) аудиторлық тексерудің және түгендеудің нәтижелерін назарға алады;
      7) борышкердің мемлекеттік қолдау шараларына жүгінуі және оңалту рәсімін тоқтата тұруы туралы келісім береді;
      8) оңалту жоспарында көзделгендерді қоса алғанда, борышкердің мүлкін (активтерін) әдеттегі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс сату тәртібін айқындайды;
      9) оңалту рәсімін өткізу үшін тартылатын қызметкерлердің саны мен әкімшілік шығыстарының сметасын бекітеді;
      10) оңалтушы басқарушымен келісім жасасады;
      11) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      79-бап. Кредиторлармен есеп айырысу

      1. Оңалту рәсімін қолданған кезден бастап:
      1) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, жалақыдан және (немесе) өзге де кiрiстен ұсталған алименттердi төлеу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
      2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн басталған, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқан адамдармен өтемақылар және еңбекақы төлеу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар төлеу бойынша және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысу жүргізіледі;
      3) кредиторлардың мiндеттемелерден, оның iшiнде оңалтуды басқарушы (борышкер) жасасқан мәмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде басталатын талаптары қанағаттандырылады.
      2. Осы Заңның 107-бабында белгіленген кепіл кредиторлардың талаптарын өтеу тәртібін қоспағанда, борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша басқа да барлық есеп айырысулар, оның iшiнде өндіріп алынуы атқару парақтары бойынша немесе даусыз (акцептісіз) тәртiппен жүргiзiлетiн берешектер осы Заңның 103 және 104-баптарында белгiленген кезектiлiк пен есеп айырысу қағидалары сақтала отырып, оңалту жоспарына сәйкес кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Өткен салық кезеңдері және оңалту рәсімі қолданылған салық кезеңі үшін салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде кредиторлар талаптарының тізіліміне, сондай-ақ оңалту жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
      3. Кредиторлардың оңалту рәсiмi енгізілгенге дейiн туындаған талаптарын қанағаттандыру, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жарияланғаннан кейiн жүргiзiледi.
      4. Кепілді кредитор:
      1) өзінің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін, осы Заңды бұзушылық анықталған;
      2) өзінің алдындағы берешекті өтеу кестесі бұзылған;
      3) кепіл нысанасы болып табылатын мүлік құнының өз мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтыратындай төмендеуі;
      4) егер өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлік борышкер-кәсіпорынның қызметін жалғастыру үшін немесе оңалту жоспарын іске асыру үшін талап етілмеген жағдайларда өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.

      80-бап. Санация

      1. Егер дәрменсiз борышкердi оңалту жоспарында, оңалту шаралары ретiнде оның санациясын қамтыса, санацияға қатысушының борышкерге және/немесе кредиторларға оңалту жоспарына сәйкес сомасы мен мерзiмдерін көрсете отырып, ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi жоспарға қоса берiлуі тиiс.
      2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына ала алады. Бұл жағдайда борышкерді басқаруды санацияға қатысушы немесе оңалтуды басқарушы үшін көзделген өкілеттіктер шегінде ол тағайындаған тұлға жүзеге асырады. Осы Заңның 12-бабының 3-тармағында белгіленген ережелер санацияға қатысушыға қолданылмайды.
      3. Сот, сондай-ақ уәкілетті орган санацияға қатысушыдан оның осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi орындау мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.

      81-бап. Санацияға қатысушылардың келiсiмi

      Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алған екi және одан да көп тұлғалар қатысса, олар кредиторлардың алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлудi, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауапкершiлiктi, борышкер мүлкiн басқаруға қатысу тәртiбiн көздейтiн келiсiм жасасуға тиiс.

      82-бап. Санацияға қатысушылардың жауапкершiлiгi

      1. Осы Заңның 80-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өз мойнына алған санацияға қатысушы борышкер таратылғаннан кейiн, егер ықтиярсыз күштiң салдарынан немесе кредиторлардың, не борышкердiң (борышкер мүлкiнің меншік иесiнiң) iс-әрекеттерi салдарынан санация мақсаттарына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдей алмаса, оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауапкершілікті көтереді.
      Егер келiсiмде басқаша көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда, мұндай жауапкершiлiктi олар бiрiгiп көтередi.
      2. Дәрменсiз борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндетiн өз мойнына алмаған санацияға қатысушының жауапкершiлiгi қатысушының оңалтуды басқарушымен уәкiлеттi орган және кредиторлар комитетi бекiткен келiсiммен айқындалады.

      83-бап. Санацияға қатысушының құқықтары

      1. Санацияның мақсатына жетуге байланысты банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған кезде өзіне осы Заңның 80-бабының 2-тармағында көзделген міндеттемені алған және борышкер мүлкінің меншік иесі болып табылмайтын қатысушы өзі инвестициялаған қаражат сомасында санация басталғанға дейін шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешімнің негізінде шаруашылық серіктестігі қатысушысының, акционерлік қоғам акционерінің құқығына ие болады, ал егер борышкер мемлекеттік кәсіпорын болып табылса, мемлекеттік орган мүлкінің уәкілетті меншік иесі шешімінің негізінде борышкер алдын ала шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылғаннан кейін шаруашылық серіктестігінің, акционерлік қоғам акционерінің қатысушы құқығына ие болады. Егер борышкер өндірістік кооператив болып табылса, санацияға қатысушы кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы шешімінің негізінде шаруашылық серіктестігі борышкер болып, алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін шаруашылық серіктестігінің қатысушысы құқығына ие болады.
      Аталған шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiрге ұсынылуы тиiс.
      Бұл жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгiнің жарғылық капиталының мөлшерi жарғылық капитал екi жыл бойы белгiленген мөлшерге дейiн толықтырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ең төменгi мөлшерден аз болуы мүмкiн.
      2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлғалар қатысқан жағдайда борышкердiң мүлкiндегi үлес мөлшерi олардың әрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына қарай белгiленедi.

      84-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату

      1. Оңалтуды басқарушы:
      1) егер борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізілсе;
      2) егер ол бұл мақсатқа қол жеткізу мүмкін еместігіне көз жеткізсе, кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.
      Оңалтуды басқарушының өтiнiшiне оңалтуды басқарушының қорытынды есебi қоса беріледi.
      Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде бекітілген оңалту жоспары орындалған жағдайда, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен жүгінеді.
      2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне залал келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттік берген орган) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгіне алады.
      3. Кредиторлар жиналысының өткізілуі туралы тиісті түрде хабардар етілмеген жағдайда, талап қою сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрайтын кредитордың оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге құқығы бар.
      4. Кредитор (кредиторлар):
      1) борышкердің кредиторлар талаптарының тізілімін, оңалту жоспарын құру жөніндегі iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделеріне залал келтіретінін растайтын негіздер болған кезде;
      2) кредиторлық берешекті өтеу кестесі үш айдан астам орындалмаған кезде;
      3) оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда қамтылған дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактілері анықталған кезде;
      4) борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделерiне залал келтiретінін растайтын негіздер болған кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуі мүмкін.
      5. Сотқа осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімін тоқтату туралы өтініш берілген кезде өтініш беруші тұлға борышкерді банкрот деп тану туралы талапты өтініште көрсетуге міндетті.
      Осы тармақтың талаптары орындалмаған жағдайда сот оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішті қараусыз қалдырады.
      6. Кредиторлар жиналысы оңалту рәсімін келісуден бас тартқан не борышкер осы Заңның 58-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімде оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, сот оңалту рәсімін тоқтатады.

      85-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтатудың салдарлары

      Осы Заңның 84-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімі тоқтатылған және банкроттық туралы іс қозғалған (қайта басталған) жағдайда:
      1) осы Заңның 68-бабында көзделген салдарлар сақталады;
      2) борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарылғанға және банкроттық басқарушы тағайындалғанға дейін борышкер мүлкін және істерін басқару құқығы оңалту рәсімінде басқаруды жүзеге асырған тұлғада сақталады.

6-тарау. Банкроттық рәсім

      86-бап. Банкроттық рәсімді өткізу мерзімі

      1. Банкроттық рәсімді өткізу мерзімі сот шешімімен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді кредиторлар жиналысының келісімімен банкроттық басқарушының қолдаухаты бойынша сот 3 айдан артық ұзарта алмайды.
      Банкроттық рәсімді өткізу мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
      2. Банкроттық рәсімді өткізу мерзімін ұзартуға:
      1) борышкердің және оның кредиторларының мүліктік мүдделерін қозғайтын істің сот өндірісінде болуы;
      2) өткізілмеген мүліктің болуы;
      3) банкроттық басқарушының қылмыстық қудалау органдарына борышкердің және оның кредиторларының мүдделеріне қарсы арнайы немесе жалған банкроттық, өзге де құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар белгілері бойынша жүгінуі;
      4) қорытынды есепті бекітуден бас тартуы туралы сот ұйғарымында көрсетілген Қазақстан Республикасының заң бұзушылықтарын жою қажеттігі;
      5) уәкілетті орган анықтаған Қазақстан Республикасының заң бұзушылықтарын жою қажеттігі негіз болып табылады.

      87-бап. Банкроттық рәсімге қатысушылар

      Банкроттық рәсімге қатысушылар:
      1) банкроттық туралы істі қарайтын сот;
      2) уәкілетті орган;
      3) банкрот;
      4) банкрот мүлкiнің меншiк иесі, қатысушылар (құрылтайшылар);
      5) кредитор;
      6) уақытша және банкроттық басқарушы болып табылады.

      88-бап. Банкроттық рәсімдегі соттың өкiлеттiгi

      Соттың банкроттық рәсімде мынадай өкiлеттiктерi бар:
      1) банкроттық рәсімді қозғайды, ұзартады және тоқтатады;
      2) заңды тұлғалардың тiркелуiн жүзеге асыратын әдiлет органына, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының алқасына және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды;
      3) банкрот мүлiктiк сипаттағы жауапкер ретiнде болатын даулар бойынша iстердi өзiнiң жүргiзуiне қабылдайды;
      4) уақытша басқарушыны тағайындайды және шеттетеді;
      5) банкроттық рәсімге қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.

      89-бап. Банкроттық рәсімді қозғаудың салдарлары

      1. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімді қозғау туралы сот шешiм шығарған күннен бастап:
      1) банкроттың лауазымды тұлғаларына мүлiктi иелiктен айыруға (иеліктен айыруға рұқсатты кредиторлар жиналысы берген кездегі жағдайлардан басқа) және беруге және міндеттемелерді өтеуге тыйым салынады;
      2) банкроттың барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп саналады;
      3) банкрот берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыларды (мүдделерді) есептеу тоқтатылады;
      4) егер банкроттың қатысумен сотта қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, олар тоқтатылады;
      5) кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау бойынша талаптарды, сондай-ақ кепіл беруші үшінші тұлғалар болған кездегі жағдайларда өндіріп алуды кепіл затына айналдыруды қоспағанда, банкроттық рәсімдер шеңберінде ғана банкротқа талаптар қойылуы мүмкін;
      6) әкімші өтінішінің негізінде банкроттың мүлкіне қойылған барлық шектеулер (борышкердің шоттарына қаржылық және мемлекеттік органдар қойған инкассалық өкімдер, сот орындаушыларының мүлікке тыйым салуы және басқалар) оларды салған органдардың тиісті шешімдерін қабылдамастан алып тасталады;
      7) банкроттың мүлкіне жаңа тыйым салуларға және банкроттың мүлкіне билік етуге өзге шектеулерге мәмілені жарамсыз деп тану туралы және банкротқа қойылған мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы талап қоюы бойынша ғана жол беріледі.
      2. Банкроттық рәсімді қозғау сәтінде сатып алушыға тапсырылмаған банкроттың мүлкі банкроттың мүліктік массасы құрамына енгізіледі, ал кредитор немесе орындалмаған міндеттеме бойынша дәрменсіз сатып алушы банкроттық рәсімнің шеңберінде борышкерге өз талаптарын қоюға құқылы.

      90-бап. Уақытша басқарушының өкілеттіктері

      1. Уақытша басқарушы:
      1) мемлекеттік органдарда заңды және жеке тұлғалардан борышкер, оның мүлкі туралы, оған өтеусіз негізде берілуі тиіс растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса сұрау салу берілген сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылуы тиіс ақпаратқа сұрау салуға;
      2) борышкердің оны банкрот деп танығанға дейін осы Заңды бұза отырып жасаған мәмілелерін анықтауға және оларды жарамсыз деп тану туралы және сот тәртібінде мүлікті қайтару туралы талап қоюға;
      3) әдейі немесе жалған банкроттық жағдайлары анықталған кезде сотқа жүгінуге;
      4) мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды кредиторлардан сұратуға құқылы.
      2. Сот тағайындаған сәттен бастап және банкроттық туралы істі қарау аяқталғанға дейін уақытша басқарушы:
      1) сот шешімі шығарылғанға дейін оның төлем қабілетсіздігі белгілерінің бар не жоқ екенін растау мақсатында бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік құжаттарының негізінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыруға;
      2) сотқа борышкердің қаржылық жағдайы туралы қорытындыны ұсынуға;
      3) оны тағайындау туралы сот анықтама шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банкроттық туралы істі қозғау және кредиторлардың талап қоюды мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымдарды қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға жіберуге;
      4) сот талқылауы кезеңінде құрылтайшылардың (қатысушылардың), борышкер мүлкінің меншік иесінің оларды шығаруына жол бермеу мақсатында борышкердің активтерін бақылауды қамтамасыз етуге міндетті;
      5) әдеттегі коммерциялық шеңберінен тыс мәмілелерді келісу туралы борышкердің өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарауға.
      3. Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шығарылғаннан кейін уақытша басқарушы:
      1) Борышкер банкрот деп танылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде борышкерді банкрот деп тану туралы жарияланымды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға жіберуге;
      2) банкрот қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес алдағы еңбек шартының тоқтатылатыны туралы хабардар етуге;
      3) банкроттың мүлкін күзетуді және бақылауды қамтамасыз етуге;
      4) кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру;
      5) кредиторлардың талаптарын қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлардың талаптарының жасалған тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлар тізбесін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға жіберуге;
      6) банкроттың мүліктік массасына түгендеуді жүргізуге және түгендеу бойынша есепті кредиторлардың алғашқы жиналысына ұсынуға;
      7) егер банкроттық басқарушы тағайындалғанға дейін мұндай мүліктің құны елеулі төмендеген (тез бұзылатын, маусымдық тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) жағдайларда уәкілетті органмен келісім бойынша банкроттың мүлкін сатуды жүзеге асыруға;
      8) банкроттық рәсімді жүзеге асыру барысы туралы ағымдағы ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, сондай-ақ ұсынылған ақпаратқа енгізілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын уәкілетті органға ұсынуға;
      9) кредитордың және борышкер мүлкінің меншік иесінің жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рәсімін жүзеге асырылу барысы туралы сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға;
      10) кредиторларға кредиторлардың жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны туралы хабарлауға;
      11) сот борышкердің және оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын акті шығарған жағдайда, өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалған кредиторға не борышкерге оны алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оның көшірмесін осы сот актісіне қайта шағымдану үшін ұсынуға;
      12) кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастыруға және өткізуге;
      13) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банкроттық рәсімнің өту барысы және растайтын құжаттар көшірмелері туралы қажетті ақпаратты беруге;
      14) банкроттық басқарушыға (уәкілетті органға) оны тағайындаған (борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешім шығарған) күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттарын, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге құндылықтарды беруге;
      15) сот іс бойынша өндірісті тоқтата тұру немесе тоқтату туралы анықтама, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған, не борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі жойылған жағдайда құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттарын, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге құндылықтарды беруге;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.

      91-бап. Банкроттық басқарушының өкілеттіктері

      1. Банкроттық басқарушы кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұрауға құқылы.
      2. Банкроттық басқарушы:
      1) оны тағайындаған сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уақытша басқарушыдан банкроттың мүлкіне құрылтай, қаржы және құқық белгілейтін құжаттарды, мөрді және банкроттың мүлкін қабылдауға;
      2) оны тағайындағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан банкрот, оған тиесілі мүлік туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшірмелерін талап етуге, егер көрсетілген ақпарат пен құжаттарды оған уақытша басқарушы бермеген болса, оларды сұрау салу жіберілген сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ақысыз негізде оған ұсынуға тиіс.
      3) борышкердің мүлкін қорғау мен бақылауды қамтамасыз етуге;
      4) кредиторлар комитеті дебиторлық берешекті сатып туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар адамдарды белгілеген сәттен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талап қоюға;
      5) борышкер оны банкрот деп танығанға дейін осы Заңның талаптарын бұза отырып жасаған мәмілелерді анықтауға және оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті сот тәртібімен қайтару туралы талап қоюға;
      6) кредиторлар комитетінің шешімі негізінде банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін борышкермен жасалған шарттарды өзгертуге немесе бұзуға;
      7) банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын әзірлеуге және оны іске асыруды жүзеге асыруға;
      8) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге;
      9) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында белгіленген адамдарды анықтауға;
      10) кредиторлар комитеті есеп-айырысуға көшу туралы шешім қабылдағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде кредиторлармен есеп-айырысуды жүзеге асыруға;
      11) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша оған растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы қажетті ақпаратты ұсынуға;
      12) уәкілетті органға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ұсынылатын ақпаратқа енгізілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты ұсынуға;
      13) кредиторға оның жазбаша сұрау салуы негізінде сұрау салу түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы хабарлауға;
      14) егер, банкроттық басқарушымен келісімде өзгеше белгіленбесе, сот банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын актіні шығарған жағдайда, оны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар комитетіне осы сот актісіне шағымдану туралы мәселені қарау үшін оның көшірмесін ұсынуға;
      15) кредиторларға кредиторлар жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны туралы хабарлауға;
      16) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға, салық төлеушінің куәлігін және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкілерін (олар болған кезде) салық органына тапсыруға, банкроттың мөрін жоюға;
      17) борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі жойылған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің жойылуы туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкерге құрылтай құжаттарды, есептеу құжаттамасын, мөрді, мөртабанды, материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
      18) банкроттық басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда, қайта тағайындалған банкроттық басқарушыға шеттету (босату) туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарды, есептеу құжаттамасын, мөрді, мөртабанды, материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге өкілеттіктерді орындауға міндетті.

      92-бап. Уақытша және банкроттық басқарушының
              жауапкершілігі

      Уақытша және банкроттық басқарушы өз өкілеттіктерін орындамаған және тиісінше орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      93-бап. Банкроттық рәсімде кредиторлар талаптарының
              тізілімін жасау

      1. Уақытша басқарушы борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде банкроттық рәсімді қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға жібереді.
      Уәкілетті орган хабарлама алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
      Борышкерде интернет-ресурс болған кезде аталған интернет-ресурста хабарламаны жариялау міндетті болып табылады.
      2. Уақытша басқарушы сот орындаушыларынан заңды күшіне енген сот шешімдерін немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осындай кредиторларға борышкерді банкрот деп тану және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жазбаша хабардар етеді.
      Уақытша басқарушы борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өмірге және денсаулыққа зиян келтірілгені үшін борышкер жауапкершілікте болатын азаматтарды, борышкерді банкрот деп тану және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабардар етеді.
      3. Кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы жарияланған сәттен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей кредиторлар банкротқа қоятын талаптарын мәлімдеулері тиіс.
      Кредиторлардың талаптарында сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының және өзге айыппұл санкцияларының, залалдарының сомалары көрсетілсе, ондай кредиторлар борышкерді банкрот деп таныған күннен бастап он бес календарлық күн ішінде қайта сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының және өзге айыппұл санкцияларының, залалдарының сомаларымен өз талаптарын мәлімдейді.
      Кредиторлардың талаптарында талаптың сомасы туралы мәліметтер салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын бір мезгілде ұсына отырып (талаптың негіздемесі мен сомасын растайтын құжаттардың (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелерін қоса негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының және өзге айыппұл санкцияларының, залалдарының сомалары туралы жеке) қамтылуы тиіс.
      Кредиторлар, сондай-ақ талаптың негіздемесі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды ұсынуға құқылы.
      Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсім арқылы тарату туралы сот шешім қабылдаған сәтте белгілеген бағам бойынша теңгемен есептеледі.
      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақытша басқарушы оларды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қарауы тиіс және мойындалған талаптар тізілімге енгізіледі.
      Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 3-тармағының екiншi абзацында көрсетілген талаптарға жауап беретін болса, кредит олардың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
      5. Кредиторлардың талаптары тізіліміне;
      1) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және мынадай мүлiктi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтарын (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы туындаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мәмiлелер бойынша не өзге де негiздер бойынша оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын кепiлге қоюмен қамтамасыз етiлген ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың талаптары;
      2) кредиторлардың мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары;
      3) борышкер құрылтайшыларының (қатысушылардың) талаптары енгізілмейді.
      6. Кредиторлар борышкерге берешектің сомасын және осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамаудан келтірілген шығындарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар, өсімпұлдар) және өзге айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды қоюға құқылы.
      7. Сыйақылардың (мүдденiң) сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi қабылданған кезде айқындалады.
      8. Залалдардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдар, өсiмпұлдар) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм қабылданған сәтте айқындалады.
      Кредиторлардың банкроттық рәсiмге қатысуына байланысты шығыстар өтеуге жатпайды.

      94-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау

      1. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (талаптарды толық көлемде тану немесе мойындамау себептерін көрсете отырып бір бөлігінде танымау туралы) уақытша басқарушы борышкерді банкрот деп тану шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторға жазбаша хабарлауға міндетті. Борышкерді банкрот деп танығаннан кейінгі кредиторлар талабы бойынша, уақытша басқарушы шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторға жазбаша хабарлауға міндетті.
      Кредиторлардың талаптарын (толық көлемде немесе бір бөлігінде) тану туралы хабарламада уақытша басқарушы кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу күнін, уақытын, орнын және күн тәртібін көрсетуге міндетті.
      2. Уақытша басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оны он жұмыс күні ішінде банкроттық туралы істі қарайтын сотқа шағымдануға құқылы.

      95-бап. Кредиторлардың талаптары тізілімін жариялау

      1. Уақытша басқарушы борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешім шығарған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей кредиторлардың талаптары тізілімін уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру үшін уәкілетті органға жіберуге міндетті.
      Уәкілетті орган кредиторлардың талаптары тізілімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
      2. Кредитор жарияланған тізілімге енгізілген кез келген кредитордың талабының мөлшері мен негіздемесіне шағымдануға құқылы.

      96-бап. Кредиторлар жиналысының банкроттық рәсімдегі
              өкілеттіктері

      1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша басқарушы қырық бес күнтізбелік күн мерзімнен кешіктірмей өткізеді.
      2. Кредиторлардың алғашқы жиналысында:
      1) кепіл мүлікке бағалау жүргізу туралы шешім қабылдау;
      2) уәкілетті органда тіркелген тұлғалардың ішінен банкроттық басқарушы кандидатура таңдалады және тағайындалады;
      3) кредиторлар комитетін құру туралы шешім қабылданады;
      4) кредиторлар комитетінің саны айқындалады, құрамы қалыптастырылады және бекітіледі;
      5) кредиторлар комитетінің жұмыс регламенті бекітіледі;
      6) уақытша басқарушыға негізгі сыйақы төлемінің мөлшері айқындалады.
      3. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:
      1) Кепілді мүлікті бағалау нәтижесіне сүйене отыра кепіл мүлікті кепілді кредиторға олардың талаптарын қанағаттандыру үшін беру туралы мәселені қарау;
      2) Банкроттық басқарушысы кандидатурасын таңдау;
      3) Кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      4) банкроттың мүліктік массасын түгендеу туралы есепті мақұлдау;
      5) мүлікті (активтерді) бағалау жүргізу туралы шешім қабылдау;
      6) мүлікті сату жоспарын бекіту;
      7) банкроттың мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешім қабылдау;
      8) мүлікті теңгерімдік құны бойынша сауда-саттыққа қою туралы шешім қабылдау;
      9) борышкердің өндіріп алу мүмкін емес дебиторлық берешегінің сомасын бекіту;
      10) банкроттық басқарушыға негізгі сыйақы төлемінің сомасын айқындау;
      11) қорытынды есепті келісу;
      12) банкроттық рәсімді жүргізу мерзімін ұзартуға келісім беру;
      13) борышкердің кредиторлармен есеп айырысуға өту туралы шешім қабылдау;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар жатады.
      4. Кредиторлар жиналысы банкроттық басқарушы кандидатурасын уәкілетті органда тіркелген тұлғалар қатарынан ұсынуы тиіс.
      Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған банкроттық басқарушы кандидатурасын кредиторлар жиналысы ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тағайындауы тиіс.
      Егер кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатура осы Заңның 12-бабымен қарастырылған негіздер бойынша оңалту басқарушы болып тағайындалмаса, уәкілетті орган оңалту басқарушысының кандидатурасы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысына кандидатураны қабылдамағаны туралы дәлелдеме жіберуі тиіс.
      Кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатурадан уәкілетті органның бас тартуы туралы шешімінен кейін, оңалту басқарушысына басқа кандидатура ұсынуы тиіс.

      97-бап. Кредиторлар комитетінің банкроттық рәсімдегі
              өкілеттіктері

      Кредиторлар комитеті мынадай өкілеттіктерді:
      1) банкроттық рәсімді жүргізу мен банкроттық басқарушының қызметін жедел бақылауды;
      2) банкроттық басқарушымен келісім жасасады;
      3) келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын банкроттық рәсімді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
      4) әкімшілік шығыстар сметасын және банкроттық рәсімді жүргізу үшін тартылатын қызметкерлер санын бекітеді;
      5) банкроттың жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлкін (активтерін) бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдауды;
      6) жария сауда-саттық кезінде сауда-саттықты ұйымдастырушыны тартуға келісім беру;
      7) банкроттық басқарушы сатып алатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізбесін айқындайды;
      8) есеп айырысуға ауысу туралы шешім қабылдайды;
      9) талаптарды борышкер мен кредитордың арасында өзара есепке жатқызу туралы шешім қабылдайды;
      10) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      98-бап. Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі
              мүдделерін білдіру.

      1. Борышкерге еңбекақы төлеу жөнінде талаптары бар адамдар жиналыста (конференцияда) құпия дауыс беру арқылы борышкердің, оның кредиторларының алдында өздерінің мүддесін қорғауға уәкілетті өкілді сайлайды.
      Кредитордың еңбекақы төлеу жөніндегі өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен сайланған өкіл банкроттау рәсімін жүргізу кезеңінде осы Заңмен өзіне берілетін кредитордың барлық құқықтарын пайдаланады. Өкіл кредиторлардың талаптары тізілімінде еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бекіту нәтижесі және оларды қарау нәтижелері бойынша оны сайлаған жиналыс (конференция) алдында есеп береді.

      99-бап. Мүліктік масса

      1. Мүліктік массаның құрамына:
      1) осы Заңның 107-бабының 2-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, оның ішінде қаржылық құжаттарда көрсетілмеген, бірақ талап қою құқықтарын (дебиторлық берешек) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар банкроттың мүлкі;
      2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген жағдайларда банкроттың жерді тұрақты және уақытша пайдалану құқығы енгізіледі.
      2. Мүліктік массаға толық серіктестіктердің жеке мүлкі, толық және коммандитті серіктестіктердің бұрынғы қатысушыларының мүлкі, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкі жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес одан өндіріліп алынуы мүмкін мүлкі енгізіледі және жеке есепке алынады.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында борышкерді банкроттыққа жеткізгені үшін өзге тұлғалардың субсидиарлық жауапкершілігі көзделген жағдайларда бұл жауапкершіліктің мөлшері кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен банкроттың мүліктік массасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Банкроттық басқарушы борышкердің барлық кредиторлары мүдделерінде осындай тұлғаларға талаптар қоюға міндетті. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерiн көздеп мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi.
      4. Мүліктік массаға:
      1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары;
      2) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру кезiндегi арнайы қаржы компаниясының облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларға меншiк құқығы оларды ұстаушыларда оларға мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетiлген мүлiк пен бөлiнген активтердi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне береді;
      3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;
      4) концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;
      5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде көзделген шығарындыларды азайту, шығарындылардың сертификатталған азайтулары, шығарындыларды iшкi азайту, парниктiк газдарды сiңiру квоталарының бiрлiктерi;
      6) осы Заңның 107-бабында көзделген тәртіпте және шарттарда оны кепілді кредиторға берген жағдайда кепіл мүлкі енгiзiлмейдi.

      100-бап. Банкроттың мүліктік массасын түгендеу

      1. Уақытша басқарушы банкроттың мүліктік массасын түгендеуді жүргізеді және кредиторлардың алғашқы жиналысына түгендеу туралы есепті ұсынады.
      2. Түгендеу туралы есеп негізінде кредиторлар жиналысы:
      1) түгендеу туралы есепті мақұлдау және банкроттық басқарушыға мүліктік массаны бағалау мен өткізуге кірісуді тапсыру туралы;
      2) түгендеу туралы есепті нақтылау және банкроттық басқарушыға қайталап түгендеу туралы он жұмыс күнінен аспауы тиіс есеп беру мерзімін белгілеу туралы шешім қабылдайды.
      3. Жаңадан анықталған не борышкерге қайтарылған мүлікке (активтерге) қатысты банкроттық басқарушы түгендеу туралы есепті осы мүлікті өзінің қорғауына және бақылауына алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар комитетіне ұсынуға міндетті.

      101-бап. Банкрот мүлкінің (активтерінің) құнын бағалау

      1. Уақытша басқарушының түгендеу туралы есебінде көрсетілген мүлікті (активтерді) бағалауды жүргізу туралы шешімді кредиторлар жиналысы қабылдайды.
      Жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлікті (активтерді) бағалауды жүргізу туралы шешімді банкроттық басқарушының түгендеу туралы есебін қарау кезінде кредиторлар комитеті қабылдайды.
      2. Жиналыстың не кредиторлар комитетінің бағалау туралы шешімінде:
      1) конкурстық комиссияның саны мен құрамы туралы мәліметтер;
      2) бағалаушыны таңдау бойынша конкурс жариялау және өткізу мерзімдері қамтылуы тиіс.
      3. Жиналыстың не кредиторлар комитетінің шешіміне сәйкес банкроттық басқарушы конкурстық негізде тиісті мамандарды тарта отырып, дебиторлық берешекті қоса борышкердің мүлкін (активтерін) бағалауды жүргізеді.
      4. Банкроттық басқарушы кредиторлардың жиналысының шешімі негізінде мүлікті оның теңгерімдік құны бойынша сауда-саттыққа қоюға құқылы.

      102-бап. Банкроттың мүліктерін (активтерін) сату

      1. Банкроттың талап ету құқықтарын қоса алғанда мүлкiн сатуды банкроттық басқарушы сату жоспарына сәйкес не тікелей сату әдісімен электрондық сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
      Техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда электрондық сауда-саттық жүргізу жария сауда-саттық жүргізуге ауыстырылуы мүмкін, ол туралы сату жоспарында көрсетіледі.
      Борышкердің мүлкiн (активтерiн) сату бойынша сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      2. Сату жоспарын банкроттың мүліктік массасын түгендеу және бағалау деректері негізінде, сондай-ақ мүлікті теңгерімдік құны бойынша сауда-саттыққа қою туралы кредиторлар жиналысының шешімі негізінде банкроттық басқарушы жасайды.
      Банкроттық басқарушы кредиторлар жиналысы белгілеген мерзімде сату жоспарын жасауға және кредиторлар жиналысына ұсынуға міндетті.
      Сату жоспарын жасау кезінде ағылшын және голландиялық сауда-саттық әдісі бойынша сатылатын объектілердің бастапқы бағалары бағалау құнынан төмен емес, ал бағалау болмаған кезде – теңгерімдік құнынан төмен емес мөлшерде белгіленеді.
      Дебиторлық берешек оның номиналдық мәні мөлшерінде бастапқы бағасымен голландиялық әдіс бойынша сауда-саттыққа қойылады.
      Жария сауда-саттықты кредиторлар комитетінің келісімімен сауда-саттықты ұйымдастырушыны тартуға құқылы банкроттық басқарушы жүргізеді.
      3. Банкроттың айналымы шектеулі мүлкін сату жабық сауда-саттықта жүзеге асырылады. Мүлікті сатып алуға құқығы бар адамдар жабық сауда-саттыққа қатысушы бола алады.
      4. Банкроттың сатуға ұсынылған, мүлкі мүлікті сату жоспарына сәйкес бірақ сатылмай қалған өздерінің талаптарын толық көлемде қанағаттандырмаған тиісті кезектің кредиторларына, олардың келісімімен:
      1) егер сауда-саттық ағылшын әдісімен өткізілмесе, сату жоспарында көрсетілген бастапқы бағасы бойынша;
      2) егер сауда-саттық голландиялық әдіспен өткізілмесе, сату жоспарында көрсетілген ең аз бағасы бойынша жалпы үлестік меншікке беруге жатады.
      5. Стратегиялық объекті сатылған кезде Қазақстан Республикасы осындай мүлікті сатып алуға басым құқыққа ие болады.
      Банкроттық басқарушы стратегиялық объектіні сатуды «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін алғаннан кейін жүзеге асырады.
      6. Банкроттың мүлкі (активтері) тікелей сатылған кезде сату бағасы және басқа да шарттары, сондай-ақ сатып алушы онымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі кредиторлар жиналысының бір ауыздан қабылданған шешімімен және мүліктің меншік иесінің келісімімен айқындалады.
      7. Банкроттың мүліктік массасында банкроттық басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде құны елеулі төмендейтін мүлік (тез бұзылатын, маусымдық тауарлар, мал және жедел сатуды талап ететін өзге де тауарлар) болған жағдайларда уақытша басқарушы осындай мүлік анықталған күннен бастап осындай мүлікті сату жоспарын жасауға және келесі күні оны, талаптары мойындалған және кредиторлардың талаптары тізіліміне енгізілген кредиторларға, ал олар болмаған кезде – өтініші бойынша борышкер банкрот деп танылған тұлғаға бекітуге ұсынуға міндетті.
      Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде уақытша басқарушының сату жоспарын келісу туралы өтінішін қарауға міндетті.

      103-бап. Мүліктік массаны бөлу кезегі

      1. Әкiмшiлiк және сот шығыстары банкрот мүлкiнiң есебiнен кезектен тыс өтеледi.
      Банкроттық рәсімдерді жүргізумен байланысты әкiмшiлiк шығыстар, олар бойынша төлеу міндеті банкроттық туралы іс қозғалған сәттен бастап және одан кейінгі кезең ішінде туындаған тартылатын мамандардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, уақытша және банкроттық басқарушыға ағымдағы төлемдер сомасын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға еңбекақы төлеуді қамтиды.
      Әкімшілік шығыстарға сонымен қатар, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салық қызметі органы банкроттық рәсім қолданылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезең үшін есептеген, салық төлеушінің салықтық есептілікке сәйкес есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жатады.
      Кредиторлар комитетінің банкроттық басқарушымен жасасқан келісімі шегіндегі әкімшілік шығыстар сомасын басқарушы олардың пайда болуына қарай төлеуі мүмкін.
      2. Бірінші кезекте өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша; алименттерді өндіріп алу бойынша; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша және табыстың ұсталған берешектерді міндетті зейнетақы жарналарын төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы мен өтемақыларды төлеу бойынша; авторлық шарттар бойынша қанағаттандырылады.
      Бірінші кезектегі талаптарды өтеу осы тармақта баяндалған тәртіпте жүзеге асырылады.
      3. Екінші кезекте осы Заңның 107-бабында көзделген жағдайларда банкроттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген кепілдік мүлкімен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.
      4. Үшінші кезекте салықтар және бюджетке басқа да төленетін міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі.
      5. Төртінші кезекте азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі, сондай-ақ осы Заңның 105-бабының 4-тармағында және 107-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар қанағаттандырылады.
      6. Бесінші кезекте шығындардың орнын толтыру және тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өтемақыны) өндіріп алу жөніндегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.

      104-бап. Кредиторлармен есеп айырысу қағидасы

      1. Алдыңғы кезектегі талаптар толық қанағаттандырылғаннан кейін әрбір кезектің талаптары қанағаттандырылады.
      Кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
      Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналары бойынша кредитордан басқа кредитор оны банкроттық басқарушы ұсынған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде мүлікті талапты өтеу есебіне заттай қабылдауы туралы өзінің жазбаша келісімін (келіспейтінін) білдіруі тиіс. Кредитордың жазбаша келісімін белгіленген мерзімде ұсынбауы мүлікті заттай қабылдаудан бас тартуы ретінде танылады.
      2. Кредиторлар комитетінің шешімі бойынша банкроттық басқарушы талаптарды есепке алу кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезегін бұзбаса талаптардың есепке алынуы туралы кредиторға мәлімдеуге міндетті. Есепке жатқызуға тек ақшаны төлеу туралы талаптар бойынша ғана жол беріледі.
      3. Кредиторлардың осы Заңның 90-бабының 3-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін, бірақ тарату теңгерімі бекітілгенге дейін мәлімделген талаптары белгіленген мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған банкроттың мүлкінен қанағаттандырылады.
      4. Кредиторлардың бірінші кезектегі барлық кредиторлармен есеп айырысу аяқталғанға дейін мәлімделген талаптары мүліктік масса есебінен қанағаттандырылуға жатады. Мұндай талаптарды тізілімге енгізгенге дейін кредиторлардың талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады.
      5. Банкрот мүлкінің жеткіліксіздігіне байланысты кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары өтелді деп саналады.
      Көрсетілген сомаларды кредитор банкроттық рәсімнің аяқталғаны туралы сот ұйғарымының негізінде дебиторлық берешек есебінен шығаруы тиіс.

      105-бап. Кредиторлардың бірінші кезектегі талаптарын
               қанағаттандыру сомасы мен тәртібі

      1. Борышкер өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін олардың алдында жауапкершілікте болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа ол жетпіс жасқа толғанға дейін, бірақ кемінде он жыл бұрын төленуге жататын тиісті мерзімдік төлемдерді (борышкер банкрот деп танылған күнге) капиталдандыру арқылы жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпіс жастан асқан болса, ондай жағдайда тиісті уақтылы төленетін төлемдерді капиталдандыру кезеңі он жылды құрайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес айқындалатын соманың төленуі банкроттың тиісті міндеттемесін тоқтатады.
      3. Кредиторлардың бірінші кезектегі банкрот мүлкінің жеткіліксіздігіне байланысты қанағаттандырылмай қалған, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте өтеледі.
      4. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақы төлеу бойынша кредиторлардың талаптары, бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін бірінші кезектегілер құрамында есепке алынады. Бірінші кезектегілер құрамына енгізілетін берешекті есептеу борышкерде банкроттық туралы іс қозғалған жылдың алдындағы күнтізбелік он екі айында қалыптасқан орташа айлық жалақы мөлшеріне сүйене отырып жүргізіледі. Қалған талаптар сомасы төртінші кезек құрамында есептеледі.
      5. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жылдан бастап есептелетін кезеңде қызметкердің еңбекақысын арттыру нәтижесінде қалыптасқан еңбекақы төлеу және өтемақы төлеу бойынша кредиторлардың талаптарын ұлғайту сомалары кредиторлардың талаптары тізілімінде бесінші кезектегілер құрамында есепке алынады.

      106-бап. Кредиторлардың екінші кезектегі талаптарын
               қанағаттандыру сомасы мен тәртібі

      1. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптың сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.
      2. Кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптары кепіл нысанасын өткізуден түскен сома мөлшері шегінде қанағаттандырылады. Талаптардың кепіл нысанасын өткізуден түскен сома мөлшерінен асатын сомасы үшінші кезектегілер құрамына енгізуге жатады.
      3. Кепілді кредитордың кепіл мүлкі заттай қабылдауға келіскен кезде оның талаптарын өтеу осы Заңның 107-бабында көзделген тәртіпте және шарттарда жүргізіледі.

      107-бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру

      1. Банкроттық басқарушы кепіл мүлікке бағалау жүргізу туралы кредиторлар жиналысының шешімінен кейін күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімде кепіл мүлікке бағалау жүргізу және кредиторлар талабын қанағаттандыру үшін кепіл мүлікті кепілді кредиторларға беру туралы келесі кезектегі кредиторлар жиналысына шығару керек.
      2. Кредиторлар жиналысы кепілді мүлікті бағалау нәтижесіне сүйене отыра кепіл мүлікті кепілді кредиторға беруге келісу (келіспеу) туралы шешім қабылдайды.
      Егер жиналыс кепіл мүлікті кепілді кредиторға беруге келісу туралы шешім қабылдаған болса, ондай жағдайда кепілді кредитор кредиторлардың бірінші жиналысының құзыретіне кіретін қалған мәселелер бойынша шешім қабылдаған кезде кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
      Егер, жиналыс кепіл мүлікті кепілді кредиторға беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған болса, ондай жағдайда кепілді кредитор қалған мәселелер бойынша шешім қабылдаған кезде кредиторлар жиналысында дауыс беруге құқылы, кепіл мүлкі мүліктік массаға енгізілуге жатады, ал кепілді кредитордың талаптары осы Заңның 106-бабына сәйкес екінші кезектің құрамында қанағаттандырылуға жатады.
      Кепілді кредитордың кредиторлар жиналысына келмегені, кепілді мүліктен бас тартуымен теңеледі. Кепілді кредитор кепілді мүлікті қабыл алудан бас тартуы кепілді мүлік банкроттың мүліктік массасына енгізіледі және кепілді кредитордың талаптары екінші кезекте қанағаттандырылады.
      Кепілді кредитордың өзіне кепілді мүлікті беруге қарсы дауыс беруі, сондай-ақ кепілді мүлікті қабыл алудан бас тартуымен теңеледі.
      3. Егер, бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне кепілді кредитор төлеген сома шегерілгеннен кейін кепіл мүлкінің бағалау құны кепілді кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген талабынан артық болса, онда айырмасын кепілді кредитор бағалауды өткізген күннен бастап он күннен кешіктірмей банкроттың мүліктік массасына қайтарады.
      Егер, кепіл мүлкінің бағалау құны кредиторлардың бірінші кезектегі талаптарын қанағаттандыру есебіне кепілді кредитордың төлеген сомамен қоса кредиторлардың талаптары тізіліміне енгізілген кепілді кредитордың талаптарынан аз болса, ондай жағдайда кепілді кредитордың талаптары кредиторлардың талаптарын тізіліміне айырмасы мөлшерінде енгізіледі және үшінші кезектің құрамында қанағаттандырылуға жатады.
      4. Кепілді кредитор кепіл мүлкін бағалауды өткізген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде кредиторлардың бірінші кезектегі талаптарын және кепіл мүлікті сақтауға және ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды өтеуге міндетті. Егер, кредиторлар жиналысы бірнеше кепілді кредиторларға қатысты оларға кепіл мүлікті беру туралы шешім қабылдаған жағдайда кредиторлардың бірінші кезектегі талаптарын өтеуді осындай кредиторлар олардың кепілдікпен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне тепе-тең жүргізеді.
      Кепіл мүлкін кепілдік кредиторға беру ол кредиторлардың бірінші кезектегі талаптары мен кепіл мүлікті сақтауға және ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды өтегеннен кейін жүргізіледі.
      5. Борышкер банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін шарттық міндеттемелерді орындау кезінде қандай да болмасын сомаларды өтеген жағдайда кепілді кредиторлардың талаптары олардың өтелген бөлігінде қанағаттандырылуға жатпайды.
      Кепілдікке берілген мүліктің жоғалғаны немесе зақымданғаны үшін сақтандыру өтемі болған жағдайда кепілді кредиторлардың талаптары олардың өтелген бөлігіндегі талаптары қанағаттандырылуға жатпайды және бұл талаптардың кез келген өтелмеген бөлігі үшінші кезек шеңберінде өтелуі тиіс.

      108-бап. Кредиторлардың үшінші кезектегі талаптарын
               қанағаттандыру сомасы мен тәртібі

      1. Үшінші кезектегі талаптардың құрамына енгізілетін талаптардың сомасын айқындау кезінде банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған сәтте қалыптасқан салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектер ескеріледі.
      2. Егер борышкер банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғаннан кейінгі кезеңде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді толық көлемде аударылмаған болса, ондай жағдайда сот борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы шешім шығарғанға дейін төленбеген сомалар борышкердің үшінші кезектегі кредиторлардың алдындағы берешегінің жалпы сомасына енгізіледі.

      109-бап. Кредиторлардың төртінші кезектегі талаптарын
               қанағаттандыру сомасы мен тәртібі

      1. Төртінші кезектегі талаптар құрамына енгізілетін талаптар сомасын анықтағанда азаматтық-құқықтық және өзге міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары; осы Заңның 107-бабына сәйкес шыққан кепілді кредиторлар талаптары ескеріледі.
      2. Кредиторлардың төртінші кезектегі мүлкінің жеткіліксіздігіне байланысты қанағаттандырылатын талаптарының сомасына пропорционалды таратылады.

      110-бап.Кредиторлардың бесінші кезектегі талаптарын
              қанағаттандыру сомасы мен тәртібі

      Кредиторлардың мүлкінің жеткіліксіздігіне байланысты өндiрiп алуға жататын тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiм), сондай-ақ осы Заңның 105-бабындағы 5 тармағында көрсетілген кредиторлар талаптары тізіліміне енгізілген қанағаттандырылатын талаптарының сомасына пропорционалды таратылады.

      111-бап. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан
               кейін қалған мүлік

      1. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшаны банкроттық басқарушы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе банкроттың құрылтай құжаттарына сәйкес банкрот мүлкінің меншік иесіне не оның құрылтайшыларына (қатысушыларға) береді.
      2. Банкроттың сатуға ұсынылған, бірақ сатылмай қалған, сондай-ақ кредитор талаптарды қанағаттандыру есебіне қабылдамаған кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген, сондай-ақ егер осындай мүлікті әкімші әкімшілік шығыстарды өтеу есебіне және кредитор талаптарын қанағаттандыру есебіне қабылдамаған жағдайларды қоспағанда, меншік иесіне не банкроттың қатысушыларына (құрылтайшыларына) беріледі.

      112-бап. Банкротты борыштардан босату

      1. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталған соң банкрот атқаруға қойылған және заңды тұлғаны банкрот деп тану кезiнде ескерiлген мiндеттемелер мен өзге талаптарды орындаудан босатылады.
      Банкрот деп танылған дара кәсіпкер кредиторлармен есеп айырысуды аяқтағаннан кейін, өмір немесе денсаулыққа зиян келтіргені үшін банкрот деп жарияланған тұлға олардың алдында жауапты болған азаматтардың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жеке сипаттағы өзге де талаптарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметке байланысты қалған міндеттемелерді орындаудан босатылады.
      2. Егер банкрот оңалту және банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл бойы өзінің мүлкінің бір бөлігін жасырса немесе жасыру мақсатында басқа адамға берсе, бухгалтерлік кітаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажетті есептік ақпаратты бүгіп қалса немесе жалғаннан жасаса борыштардан босату алмайды.

      113-бап. Банкроттық басқарушының қорытынды есебі

      1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн банкроттық басқарушы өз қызметi туралы қорытынды есептi, тарату теңгерімі мен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiктi пайдалану туралы есептi қоса сотқа ұсынады.
      Қорытынды есептiң нысанын уәкiлеттi орган бекiтедi.
      2. Сот банкроттық басқарушының қорытынды есебiн және тарату теңгерімін бекiтедi және олар табыс етiлген сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен кешiкпейтiн мерзiмде банкроттық рәсімнің аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
      Банкроттық рәсім аяқталғаннан кейiн сот бiр апталық мерзiмде банкроттық басқарушының бiрiншi кезектегi кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары туралы мәлiметтер бар бекiтiлген қорытынды есебiнен үзiндi көшiрмені уәкiлеттi органға жiбередi.
      Банкроттық рәсімді аяқтау туралы ұйғарымда банкроттық басқарушыға сыйақы төлеуге және банкроттың өткізілмей қалған мүлкiне байланысты реттелмеген мәселелер де шешiлуi тиiс. Сот ұйғарымның көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкiлеттi органға, мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына, сондай-ақ банкроттың талаптары қанағаттандырылмаған кредиторларына жiбередi.

      114-бап. Банкротты таратуды аяқтау

      1. Бұл туралы заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлердiң мемлекеттiк тiркелiмдерiне жазба енгiзiлгеннен кейін, банкроттың таратылуы аяқталды, ал банкрот жұмыс iстеуiн тоқтатты деп саналады.
      2. Банкротты заңды тұлғалардың тiркелiмiнен алып тастау туралы бұйрықтарды заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдар сотқа және уәкiлеттi органға, сондай-ақ банкроттың орналасқан жерi бойынша салық органына жiбередi.

7-тарау. Банкроттықтың жеңілдетілген рәсімдері

      115-бап. Таратылған борышкердің банкроттығы

      1. Осы Заңның 39-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталған кезде заңды тұлғаның органы немесе тарату комиссиясы сотқа борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Тарату комиссиясы көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде ол туралы заңды тұлға-борышкердiң басқарушы органын хабардар етуге мiндеттi.
      2. Сот iсті қозғаған сәттен бастап борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне және оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) осы Заңның 49-бабында көзделген салдарлар қолданылады.

      116-бап. Істі соттың қарауы

      1. Таратылатын заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы iсті қозғаған сот бiр айлық мерзiмде борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм шығарады.
      2. Егер iстi қарау кезiнде борышкердегi бар мүлiк (активтер) барлық кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратыны анықталса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Соттың шешiмi борышкердi әдеттегi тәртiпте таратуды жалғастыруға негiз болып табылады.

      117-бап. Борышкерді тарату тәртібі

      Осы Заңның 86-113-баптарында көзделген тәртiпте борышкердi таратуды банкроттық басқарушы жүзеге асырады.

      118-бап. Борышкердi банкроттық тәртiпте таратудан бас
               тартудың салдарлары

      1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тәртiбiнде таратылуы тиiс болатын мән-жайлардың болуына қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе және заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандырмау заңды тұлғаның тоқтатылуы туралы жазбаны заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзуден бас тартуға негiз болып табылады.
      2. Кредиторлар осы Заңға немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес борышкердің өтелмеген мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн болса, борышкер мүлкiнiң меншік иесiне, құрылтайшыларға (қатысушыларға), тарату комиссиясына (таратушыға) қанағаттандырылмай қалған талаптарын қоюға құқылы.

      119-бап. Кредитордың өтiнiшi бойынша таратылатын
               борышкердiң банкроттығы

      1. Меншiк иесiнің, заңды тұлғаның құрылтайшыларының (қатысушыларының) оны тарату туралы шешiм қабылдауы кредитордың мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуiне кедергi болып табылмайды.
      2. Борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда осы тараудың ережелерi қолданылмайды, ал борышкердiң таратылуы осы Заңның 88-113-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      120-бап. Банкротты уәкілетті органның банкроттық рәсімді
               қозғамастан таратуы

      1. Осы Заңның 56-бабының 2-тармағына сәйкес тарату рәсімін өткізу уәкілетті органға жүктелген кезде әкімшінің осы Заңмен көзделген құқықтары мен міндеттері уәкілетті органға ауысады.
      2. Банкротта активтер, сондай-ақ осы Заңның 7-бабына сәйкес жарамсыз деп тануға жататын мәмілелер болмаған жағдайда уәкілетті орган бір айлық мерзімде қорытынды есепті және тарату теңгерімін келісу үшін кредиторлар жиналысына беруге міндетті.
      3. Уәкілетті орган:
      1) кредиторлар жиналысымен келіскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қорытынды есеп пен тарату теңгерімін бекіту үшін сотқа ұсынуға;
      2) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банк шоттарын жабуға, салық төлеуші куәлігінің және қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкілерін (олар болған кезде) салық органына тапсыруға міндетті.
      4. Борышкерді таратуды жүргізу барысында мүлік массасы және (немесе) бұдан бұрын шығарылған мүлікті мүлік массасына қайтару анықталған кезде, уәкілетті орган жаңадан ашылған мән-жайлар мен банкроттық рәсімді қозғау бойынша банкроттық рәсімді қозғамай борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін қайта қарау туралы сотқа жүгінуге міндетті.

8-тарау. Қала салушы заңды тұлғалар банкроттығының
ерекшеліктері

      121-бап. Қала салушы борышкер-заңды тұлғалардың
               банкроттығы

      1. Қала салушы ұйым болып табылатын борышкер-заңды тұлға осы тарауда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Заңда белгіленген тәртіпте және жағдайларда банкрот деп танылуы мүмкін.
      2. Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте жүргізіледі.

      122-бап. Банкроттық туралы істі қарау

      1. Қала салушы ұйымның банкроттығы туралы iстi қараған кезде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің атынан әкiмнің уәкiлеттiк берген өкiлi iске қатысушы тұлға деп танылады. Сот қала салушы ұйымның банкроттығы туралы iс қозғалғаннан кейiн бұл туралы әкiмнiң өкiлiн және уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
      2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне, сондай-ақ борышкердiң пiкiрiне өзге де тұлғалардың оны банкрот деп тану туралы өтiнiшiне борышкердiң қала салушы заңды тұлғаларға жататындығын растайтын құжаттар қоса беріледі.
      3. Борышкер - қала салушы ұйымның банкроттығы туралы iстi қарауға даярлау кезінде судья қала салушы ұйымдар тiзбесiнен үзінді-көшiрме сұратып алады.

      123-бап. Кредиторлардың талаптарын өтеу

      1. Қазақстан Республикасы, әкiмшiлiк-аумақтық бірлік сот тиiстi шешiм шығарғанға дейiн кез-келген уақытта барлық кепiлмен қамтамасыз етілген кредиторлардың және борышкер - қала салушы ұйымның азаматтық-құқықтық міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптарын бiр мезгiлде өтеудi жүзеге асыруға құқылы.
      2. Кредиторлардың талаптары осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiпте өтелген жағдайда банкроттық туралы iс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады.
      3. Борышкер - қала салушы ұйымның кредиторлар алдындағы талаптарын Қазақстан Республикасының, әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің өтеуі борышкердiң мүлкiн алып қоюмен не олардың өзгеше жолмен сатып алуымен қоса жүргізілуі мүмкін емес.

9-тарау. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің оңалту және
банкроттық ерекшеліктері

      124-бап. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің банкроттығы

      1. Ауыл шаруашылығының өндірушісі болып табылатын борышкер осы тарауда белгiленген ерекшелiктерді ескере отырып, банкрот деп танылуы мүмкiн.
      2. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің дәрменсiздiгi анықталған кезде олар бойынша орындалу мерзiмi оның алдындағы жылдан ерте басталмаған мiндеттемелер ескерiледi. Бұл ретте, осы мерзiмде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар не мiндеттемелердiң мерзімінде орындалмауының себептерi болып табылған ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туындаған, банкроттық рәсiмi қозғалған жылдың алдындағы жыл есепке алынбайды.

      125-бап. Кредитордың мәлiмдемесiне немесе борышкердiң
               пiкiрiне қосымша тiркелетiн құжаттар

      Кредитордың мәлiмдемесiне немесе борышкердiң пiкiрiне осы Заңда көзделген құжаттардан басқа мыналар қосымша беріледі:
      1) жердiң кадастрлық сипаттамасы;
      2) банкроттық рәсiмi қозғалған жылдың алдындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар не табиғи-климаттық жағдайлар туралы деректер.
      Борышкер кредитордың, салық және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе прокурордың мәлiмдемесiне берген пiкiрiнде өзiнiң дәрменсiздiгiн мойындаған жағдайда қосымша құжаттарды ұсыну мiндеттi болмайды.
      Борышкер банкрот деп танылған немесе оған оңалту рәсiмдерi қолданылған жағдайда қосымша құжаттарды алуға байланысты шығыстар әкiмшiлiк шығыстарға жатқызылады.

      126-бап. Оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн ұзарту

      Егер табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың не ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізу мүмкiн болмаса, ондай жағдайда, сот оңалту рәсiмiн жүргізу мерзімін бiр жылдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.

      127-бап. Банкроттық рәсім

      1. Осы Заңның 86-бабының 1-тармағында белгіленген банкроттық рәсімді жүргізу мерзімін сот кредиторлар жиналысының келісімімен банкроттық басқарушының қолдаухаты бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
      2. Банкроттық басқарушы кредиторлар комитетінің келісімімен банкроттың мүліктік массасының құнын қолдау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, оларға:
      1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жерлерді қорғау жөніндегі іс-шаралар;
      2) себу және жинау жұмыстары, жануарларды, құстарды, араларды молайту және өсіру, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығының өнімдерін қайта өңдеу;
      3) борышкердің мүлкін сату үшін тиісті күйде ұстаумен байланысты іс-шаралар жатады.
      Мүліктік массаның құнын қолдау бойынша шығыстар әкімшілік шығыстарға жатады.

      128-бап. Мүліктік массаны қалыптастыру және сату

      1. Банкроттық басқарушы банкроттың жер пайдалану құқығының тиісті ресімделуін қамтамасыз етуге міндетті, бұл ретте жұмсалған шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
      2. Банкроттың мүлкін сату осы Заңның 102-бабына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, негізгі қызмет түрін міндетті түрде сақтай отырып, банкроттың мүлкін сату жоспарына мүліктік массаны бірыңғай лотпен аукцион нысанында өткізілетін сауда-саттыққа бастапқы шығару бойынша қосымша шарттар енгізіледі.
      3. Егер аукцион өткізілмесе не оның қатысушыларының бір де біреуі бірыңғай лотты сатып алмаса, мүлікті сату бөлек лоттармен жүзеге асырылады,бұл ретте бірыңғай өндірістік кешенге кіретін мүлікті бөлек лотқа кіргізуге жол берілмейді.
      Егер бірыңғай өндірістік кешен кіретін лот бойынша аукцион өткізілмесе не оның қатысушыларының бір де біреуі бірыңғай лотты сатып алмаса, одан әрі оны сату бөлек лоттармен жүзеге асырылады.
      4. Банкроттық басқарушы мүлікті бірыңғай лотпен, сондай-ақ бірыңғай өндірістік кешенге кіретін мүлікті бірыңғай лотпен сату бойынша өткізілген сауда-саттықтың қорытындылары туралы ақпаратты сатып алу-сату шарты жасалған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға жіберуге міндетті.
      5. Мүліктік массаны бөлек лоттар бойынша сатып алушы болмаған кезде кредиторлар өз талаптарын осы Заңның 103-бабында белгіленген мүліктік массаны бөлудің кезектілігіне сәйкес олардың талаптарының сомасына тепе-тең заттай банкроттың мүлкі есебінен қанағаттандыруға құқылы.
      6. Мүліктік массаны сату бойынша аукцион өткізудің уақыты мен орнын кредиторлар жиналысының келісімімен банкроттық басқарушы айқындайды.

10-тарау. Қорытынды ережелер

      129-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік

      Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      130-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң оны алғашқы ресми жариялағаннан кейінгі күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      2. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4- құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129 құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады