"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы    

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1814 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы
№ 438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1814
қаулысына
Баспасөз-релиз

      2012 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметовпен «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылған.
      Осы нормативтік-құқықтық актіні қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің ережесін сәйкестендіру болып табылады.
      Жоғарыда аталған қаулыны қабылдау келенсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, оны іске асыру бюджет қаражатын талап етпейді.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық ғарыш агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз