Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 29 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1552 қаулысымен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 29 қаулысы туралы баспасөз-релизі

      2013 жылғы 24 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі С. Ахметовпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына қол қойылды.
      Осы қаулыны қабылдау мақсаты «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1072 қаулысымен сәйкес келтіру болып табылады.
      Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысымен бекітілген «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне, осы мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталыктары арқылы көрсету бөлігінде өзгерістер енгізілгенін көздейді.
      Жоғарыда көрсетілген қаулының қабылдануы жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардапқа әкеліп соқпайды, іске асырылуы бюджеттен шығын қажеттілігін талап етпейді.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз