Электрмен жабдықтау жабдығы мен алаңнан тыс желілерін Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 100 Қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес электрмен жабдықтау жабдығы мен алаңнан тыс желілер республикалық меншіктен «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қабылдап алу-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің        
2013 жылғы 7 ақпандағы  
№ 100 қаулысына    
қосымша        

Республикалық меншіктен «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілетін электрмен жабдықтау жабдығы мен алаңнан тыс желілер
ТІЗБЕСІ

Электр жабдығының атауы

Орналасқан жері

Техникалық сипаттамалары

Теңгерімдік құны теңгеде

Типі, маркасы

Қуаттылығы

Саны

1

2

3

4

5

6

Кабельдік желілер

«Батыс» КС ЖТҚ-6кВ-дан ТП 3611 ТҚ-6кВ-ға дейін жер астындағы орда төселген

АП в Внт-LS1x400/50L=2400

6кВ

14400 м

65424900

«Sihroteks» 7SJ6225 қорғаушы блогы және А1805 есептегіші бар «Siemens» жоғары вольтті ұяшығы

«Батыс» КС ЖТҚ-6кВ

КМ 1 Ф


2 дана

17180185

Жоғары вольтті ұяшықтар, оның ішінде 1250А «Siemens» арналған ЗАН-5 вакуумды ажыратқыштары бар ұяшықтар, секциялық айырғыштары бар ұяшықтар

№ Е9-62 көшесі, 9-үйдегі «ҚР Парламенті ШБ Автошаруа-шылығы» РМК аумағындағы ТКС 3611

КСО2-10


6 дана

4 дана

2 дана



17080306

Күштік трансформатор

№ Е9-62 көшесі, 9-үйдегі «ҚР Парламенті ШБ Автошаруа-шылығы» РМК аумағындағы ТКС 3611

ТСЛ-1600 кВа 6/0,4 кВ

2х1600 кВа


2 дана


10994861

ЖИЫНЫ





110680252

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады