"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 218 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн  қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ  құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелерi арқылы тасымалдау,  топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикi газды  жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында:
      1) тауарлық газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
      2) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
      3) тауарлық газды Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшiн газ таратушы жүйелерi арқылы тасымалдау;
      4) сұйытылған газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыны қосатын кранға дейін газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
      5) тауарлық газды сақтау;
      6) шикi газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады