Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1457 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 247 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1457 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 680-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) құрылымында ұйымдастырылады.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiмен айналысатын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен тұрады.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды тұлғаларының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге, арнайы құралдар мен қызметтік қаруды алып жүруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады