Байланыс формасы

"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 283 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмi:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 255-1, 353-1, 353-2, 353-3, 353-4, 353-5 және 472-1-жолдармен толықтырылсын:

      «

255-1

Кеден одағының аумағы шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы геологиялық ақпаратты әкетуге арналған рұқсат

Жеке және заңды тұлғалар

ИЖТМ

ИЖТМ

ИЖТМ-ның аумақтық бөлімшелері

Қағаз түрінде (рұқсат)

                                                                    »;

      «

353-1

Преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолдану кезінде тауардың шыққан елін айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау

Жеке және заңды тұлғалар

Қаржымині

Қаржымині

Қаржыминінің Кедендік бақылау комитеті

Қағаз түрінде (шешім)

353-2

Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау

Жеке және заңды тұлғалар

Қаржымині

Қаржымині

Қаржыминінің Кедендік бақылау комитеті

Қағаз түрінде (шешім)

353-3

Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомаларының болуын растау

Жеке және заңды тұлғалар

Қаржымині

Қаржымині

Кедендік бақылау және Кеден департаменттері

Қағаз түрінде (растау)

353-4

Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін беру

Жеке және заңды тұлғалар

Қаржымині

Қаржымині

Кедендік бақылау және Кеден департаменттері

Қағаз түрінде (салыстыру актісі)

353-5

Тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде белгіленген уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу көзделген жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде жіктеу туралы шешімді беру

Заңды тұлғалар

Қаржымині

Қаржымині

Қаржыминінің Кедендік бақылау комитеті

Қағаз түрінде (шешім)

                                                                   »;

      «

472-1

Жарылыс жұмыстарын немесе жарылыс материалдарымен жұмыс жүргізуге рұқсат беру

Заңды тұлғалар

ТЖМ

ТЖМ

ТЖМ-ның аумақтық бөлімшелері

Қағаз түрінде (рұқсат)

                                                                   ».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады