"Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 305 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 94 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.02.2014 N 94 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабы 2-тармағына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-115-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 305 қаулысымен   
бекітілген      

«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е-лицензиялау» www.elicеnse.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасы;
      2) «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 3) тармақшасы;
      3) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы;
      4) «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1506 қаулысымен бекітілген бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі (бұдан әрі – біліктілік талаптары) негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және стенділерінде;
      3) порталда орналастырылады;
      Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      Тұтынушы лицензияны қағаз тасығышта алуға, қайта ресімдеуге немесе телнұсқасын алуға жергілікті атқарушы органға өтініш білдірген жағдайда лицензия немесе лицензияның телнұсқасы электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, жергілікті атқарушы орган басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетіледі:
      1) тұтынушы жергілікті атқарушы органға не порталда өтініш білдіргеннен бастап;
      лицензия беру үшін – он жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін – жеті жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқасын беру үшін – екі жұмыс күні ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - отыз минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты - отыз минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету (лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру) үшін мемлекеттік қызметті тұтынушы «Салық және бюджетке басқа да бюджеттік міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген мөлшерде және тәртіппен бюджетке қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлейді.
      Лицензиялық алымды төлеу бюджеттік сыныптауыш коды – 105402, төлем тағайындау коды - 911 деректемелері бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
      Портал арқылы лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға электрондық құжат нысанында сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жұмыс кестесі:
      1) жергілікті атқарушы органдарда – «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыс күндері мен мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) порталда - тәулік бойы.
      10. Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушылардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жабдықталған тұтқалар, баспалдақ сүйеніштері мен пандустар көзделеді.
      Порталда мемлекеттік қызмет тұтынушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      жергілікті атқарушы органдарға:
      1) лицензияны алу үшін:
      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      өтiнiш берушi заңды тұлға жарғысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) және мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің* немесе анықтамасының көшірмелері;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар.
      Өтiнiш берушi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігіндегі немесе анықтамасындағы ақпаратты уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде олардың көшірмелерін ұсыну қажет етілмейді;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      лицензияны қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      осы стандартқа 2-қосымша сәйкес нысан бойынша өтініш;
      лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде көшірмелерін түпнұсқасымен салыстырады, кейіннен түпнұсқаларды тұтынушыға қайтарады.
      Порталда:
      1) лицензия алу үшін:
      тұтынушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      өтiнiш берушi заңды тұлғаның жарғысы және мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі* немесе анықтамасы электрондық құжаттар нысанында электронды сұрауға тіркеледі;
      ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат;
      біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар.
      Өтiнiш берушi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігіндегі немесе анықтамасындағы ақпаратты уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде олардың көшірмелерін ұсынуы қажет етілмейді;
      2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:
      мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат;
      3) лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі лицензия және ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені жөніндегі құжат туралы мәліметтерді жергілікті атқарушы органдар портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды құжаттар нысанында алады.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін күшінде болады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш бланкісін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінен не Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурстарынан немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарынан алуға болады.
      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электронды сұрау салу нысанын толтыру қажет.
      13. Жергілікті атқарушы органдар арқылы мемлекеттік қызмет алу кезінде, құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайларда орналасқан жергілікті атқарушы органдардың кеңселеріне тапсырылады.
      Портал арқылы өтініш білдірген кезде электронды сұрау салуды жіберу тұтынушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.
      14. Тұтынушыға жергілікті атқарушы органдар арқылы қызмет көрсетілген кезде мыналар:
      1) құжаттарды қабылдау нөмірі және күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілетін құжаттардың саны мен атауы;
      4) мемлекеттік қызмет алу күні (уақыты) және құжаттардың берілетін орны;
      5) құжаттарды қабылдаған жергілікті атқарушы органның жауапты адамының тегі, аты, әкесінің аты;
      6) мемлекеттік қызмет алушының байланыс деректерін, атауын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Портал арқылы өтініш білдірген кезде тұтынушыға порталдағы «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама есеп жіберіледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі өтініште көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жіберіледі не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тұтынушыға (тұтынушының сенімхат бойынша өкіліне) беріледі.
      Портал арқылы өтініш білдірген кезде қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті тұтынушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      2) лицензия беруге, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      3) өтiнiш берушiнің бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) тұтынушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      5) тұтынушының лицензия алуына сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың тыйым салуы.
      Мемлекеттік қызметті тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жергілікті атқарушы органнан не электронды құжат түрінде порталдағы «жеке кабинетінен» алады.
      Егер жергілікті атқарушы орган белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген, қайта ресімдемеген, лицензияның телнұсқасын бермеген не лицензияны немесе лицензияның телнұсқасын беруден дәлелді бас тартпаған жағдайда, оларды беру мерзімі өткен күннен бастап лицензия немесе лицензияның телнұсқасы берілді деп есептеледі.
      Жергілікті атқарушы орган лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті лицензияны немесе лицензияның телнұсқасын беруге міндетті.
      Жергілікті атқарушы орган лицензияны немесе лицензияның телнұсқасын бермеген жағдайда бес жұмыс күні өткеннен кейін лицензия немесе лицензияның телнұсқасы алынды деп есептеледі. Өтініштің қабылданғаны туралы өтініш беруші алған хабарлама лицензия алынғанға дейін лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың заңды екенін растайтын құжат болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) қарапайымдылық таныту, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдепті болу;
      3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      4) қызмет көрсету мерзімдері мен күту уақытын қысқартуға күш салу;
      5) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттік қызметті тұтынушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсетуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органдардың заң қызметтерінің мамандары жүзеге асырады.
      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым тиісті әкімнің атына тұтынушының таңдауы бойынша:
      1) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы органның кеңсесіне;
      2) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында орналастырылған әкімнің блогына;
      3) Портал арқылы өтініш білдіруі жолымен беріледі.
      Шағымды жергілікті атқарушы органның кеңсесіне тапсырған кезде, шағым жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері.
      22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті әкімнің атына, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері.
      Портал дұрыс жұмыс істемеген жағдайда шағым call-орталығының (1414) телефоны бойынша беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына жолданады.
      Шағымда мемлекеттік қызметті тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, шағым берген күні көрсетіледі және тұтынушының қолы қойылады.
      Шағым берілген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш себептері және талаптары көрсетіледі.
      25. Шағым жергілікті атқарушы органның кеңсесіне берілген кезде тұтынушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талонды беру шағымның қабылданғанын растауы болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесіндегі лауазымды адамдардан алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарау нәтижесі туралы белгі) тұтынушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттік қызметті тұтынушы қосымша ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінен, сондай-ақ Министрліктің www.minagri.gov.kz немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарынан ала алады.

«Мақта қолхаттарын беру арқылы
қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсетуге лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның    
телнұсқаларын беру» мемлекеттік
қызметтер көрсету стандартына
1-қосымша          

Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының мекенжайлары

Р/с

Жергілікті атқарушы органдардың атаулары

Орналасқан жерінің мекенжайы

Байланыс деректері

Интернет–ресурс

1

2

3

4

5

1.

«Ақмола облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 85

телефондары: 8 (7162) 25-07-72, 25-55-11
электрондық поштасы: akm_shu_disp@mail.ru, kanz_akim@akmo.kz

www.akmo.kz

2.

«Алматы облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесі, 38

телефоны: 8 (7282) 27-08-18
электрондық поштасы: obl_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@global.kz

www.zhetysu-gov.kz

3.

«Атырау облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

телефоны: 8 (7122) 35-45-03
электрондық поштасы: atirauagro@mail.ru

www.atyrau.gov.kz

4.

«Ақтөбе облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40

телефондары: 8 (7132) 56-03-07, 54-17-39
электрондық поштасы: sh_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz

www.akto.kz

5.

«Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40

телефондары: 8 (7232) 26-42-48, 24-23-04, 20-42-42
электрондық поштасы: ispaevt@yandex.ru

www.akimvko.gov.kz

6.

«Жамбыл облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 119

телефондары: 8 (7262) 43-28-94, 45-88-31, факс: 45-42-05, 45-46-28

www.zhambyl.kz

7.

«Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Орал қаласы, Достық көшесі, 179

телефондары: 8 (7112) 51-35-41, 45-29-27
электрондық поштасы: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-admotdel@rambler.ru

www.westkaz.kz

8.

«Қарағанды облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39

телефоны: 8 (7212) 42-10-80
электрондық поштасы: dsh_canc@krg.gov.kz

www.karaganda-region.kz

9.

«Қостанай облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66

телефоны: 8 (7142) 57-50-03
электрондық поштасы: dsh-zem@kostanay.kz

www.kostanay.gov.kz

10.

«Қызылорда облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 76

телефоны: 8 (7242) 26-26-44
электрондық поштасы: sh_kyzyl@mail.ru

www.e-kyzylorda.gov.kz

11.

«Маңғыстау облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, 1-үй

телефоны: 8 (7292) 31-17-77
электрондық поштасы: so.mangistau@rambler.ru

www.mangystau.kz

12.

«Павлодар облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 49

телефоны: 8 (7182) 32-25-67
электрондық поштасы: kense.dsh@pavlodar.gov.kz

www.pavlodar.gov.kz

13.

«Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58

телефондары: 8 (7152) 46-24-52, 36-07-45
электрондық поштасы: akimat@SKO.kz, dshag@mail.ru, akimat@petr.kz

www.sko.kz

14.

«Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесі

Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесі, 6

телефоны: 8 (7252) 53-03-33
электрондық поштасы: dsh_uko@mail.ru

www.ontustik.gov.kz

«Мақта қолхаттарын беру арқылы
қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсетуге лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның    
телнұсқаларын беру» мемлекеттік
қызметтер көрсету стандартына
2-қосымша          

_____________________________________________________________________
                (жергілікті атқарушы органның атауы)
_____________________________________________________________________
          (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

                           Өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________ бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны
беруді, лицензияны қайта ресімдеуді, лицензияның телнұсқасын беруді
сұраймын (қажетінің астын сызу керек)
      Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны ___________________________________________________.
2. Құрылған жылы ___________________________________________________.
3. Мекенжайы ________________________________________________________
                     (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №,
_____________________________________________________________________
                           телефон, факс)
4. Есеп айырысу шоты _______________________________________________.
                        шот №, банктің атауы мен орналасқан жері)
5. Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________

Басшы ______________         ________________________________________
          (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

Мөр орны

20__ жыл «___» ____________

«Мақта қолхаттарын беру арқылы
қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсетуге лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның    
телнұсқаларын беру» мемлекеттік
қызметтер көрсету стандартына
3-қосымша          

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа мен тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Келесі жылғы көрсеткіштің нысаналы мәні

Есепті жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі)




2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың % (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың % (үлесі)




3.2. Электронды форматта қол жеткізуге болатын ақпарат қызметтер % (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымдану тәртібінің қазіргі тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың % (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Арнайы қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың % (үлесі)




Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2013 года № 305. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2014 года № 94

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.02.2014 № 94 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьями 9-115-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги «Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утвержден        
постановлением Правительства 
Республики Казахстан   
от 29 марта 2013 года № 305 

Стандарт государственной услуги
«Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на
оказание услуг по складской деятельности с выдачей
хлопковых расписок»

1. Общие положения

      1. Государственная услуга «Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок» оказывается местными исполнительными органами областей (далее – местные исполнительные органы) по адресам, указанным в приложении 1 к настоящему стандарту, а также через веб–портал «электронного правительства» www.e.gov.kz или веб–портал «Е–лицензирование» www.elicense.kz (далее – портал).
      2. Форма оказываемой государственной услуги: частично автоматизированная.
      3. Государственная услуга оказывается на основании:
      1) подпункта 2) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О развитии хлопковой отрасли»;
      2) подпункта 3) статьи 25 Закона Республики Казахстан от 11 января 2007 года «О лицензировании»;
      3) статьи 29 Закона Республики Казахстан от 11 января 2007 года «Об информатизации»;
      4) квалификационных требований и перечня документов, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2012 года № 1506 «О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок» (далее - квалификационные требования).
      4. Полная информация о порядке оказания государственной услуги располагается на:
      1) интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее-Министерство)- www.minagri.gov.kz;
      2) интернет–ресурсах и стендах местных исполнительных органов, по адресам, указанным в приложении 1 к настоящему стандарту;
      3) портале.
      Также информация о порядке оказания государственной услуги представляется по телефону call-центра (1414).
      5. Результатом оказываемой государственной услуги являются выдача лицензии, переоформление, выдача дубликата лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок (далее – лицензия) либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) уполномоченного должностного лица.
      В случае обращения потребителя в местный исполнительный орган за получением лицензии, переоформлением, получением дубликата лицензии на бумажном носителе, лицензия или дубликат лицензии оформляются в электронном формате, распечатываются, заверяются печатью и подписываются руководителем местного исполнительного органа.
      6. Государственная услуга оказывается юридическим лицам (далее - потребитель).
      7. Государственная услуга оказывается в следующие сроки:
      1) с момента обращения потребителя в местный исполнительный орган либо на портал:
      для выдачи лицензии – не позднее десяти рабочих дней;
      для переоформления лицензии – в течение семи рабочих дней;
      для выдачи дубликата лицензии – в течение двух рабочих дней;
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче необходимых документов – не более тридцати минут;
      3) максимально допустимое время ожидания в очереди при получении результата государственной услуги – не более тридцати минут.
      8. За оказание государственной услуги (выдачу лицензии, переоформление, выдачу дубликата лицензии) потребитель государственной услуги оплачивает в бюджет лицензионный сбор за право занятия деятельностью в размере и порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)».
      Оплата лицензионного сбора осуществляется в наличной и безналичной форме через банки второго уровня и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, по следующим реквизитам: код бюджетного классификатора - 105402, код назначения платежа - 911.
      В случае подачи запроса на получение лицензии, переоформление, получение дубликата лицензии через портал в форме электронного документа, оплата осуществляется через платежный шлюз «электронного правительства» (далее - ПШЭП).
      9. График работы при оказании государственной услуги:
      1) в местных исполнительных органах – ежедневно с 9.00 до 18.00 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.00 часов, кроме выходных и праздничных дней, установленных Законом Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан».
      Прием осуществляется в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания;
      2) на портале – круглосуточно.
      10. Для оказания государственной услуги в местных исполнительных органах создаются условия для ожидания и подготовки необходимых документов (кресла для ожидания, места для заполнения документов оснащаются стендами с перечнем необходимых документов и образцами их заполнения), принимаются меры противопожарной безопасности. Для обеспечения беспрепятственного доступа потребителей с ограниченными физическими возможностями предусматриваются оборудованные поручни, пандусы и перила.
      На портале государственная услуга предоставляется в «личном кабинете» потребителя.

2. Порядок оказания государственной услуги

      11. Для получения государственной услуги потребитель представляет следующие документы:
      в местные исполнительные органы:
      1) для получения лицензии:
      заявление по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту;
      копии устава (нотариально засвидетельствованной в случае непредставления оригинала для сверки) и свидетельства* или справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица заявителя;
      копию документа, подтверждающего уплату в бюджет лицензионного сбора за право занятия отдельными видами деятельности, за исключением случаев оплаты через ПШЭП;
      документы, подтверждающие соответствие квалификационным требованиям.
      Представление копии свидетельства* или справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица заявителя не требуется при наличии возможности получения информации, содержащейся в них, из соответствующих государственных информационных систем посредством портала в форме электронных документов, удостоверенных ЭЦП уполномоченных должностных лиц.
      2) для переоформления лицензии:
      заявление по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту;
      копию документа, подтверждающего уплату в бюджет лицензионного сбора за право занятия отдельными видами деятельности при переоформлении лицензии;
      3) для получения дубликата лицензии:
      заявление по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту;
      копию документа, подтверждающего уплату в бюджет лицензионного сбора за право занятия отдельными видами деятельности при выдаче дубликата лицензии.
      При приеме документов работник местного исполнительного органа сверяет подлинность оригиналов с копией, после чего возвращает оригиналы потребителю.
      На портале:
      1) для получения лицензии:
      заявление в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП потребителя;
      устав и свидетельство* или справку о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица в форме электронных документов, прикрепленных к электронному запросу;
      информацию об оплате в бюджет лицензионного сбора через ПШЭП;
      документы, подтверждающие соответствие квалификационным требованиям.
      Представление свидетельства* или справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица заявителя не требуется при наличии возможности получения информации, содержащейся в них, из соответствующих государственных информационных систем посредством портала в форме электронных документов, удостоверенных ЭЦП уполномоченных должностных лиц.
      2) для переоформления лицензии:
      заявление в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП получателя государственной услуги;
      информация об оплате в бюджет лицензионного сбора через ПШЭП;
      3) для выдачи дубликата лицензии:
      заявление в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП получателя государственной услуги;
      информация об оплате в бюджет лицензионного сбора через ПШЭП.
      Сведения о лицензии и документе об оплате в бюджет лицензионного сбора через ПШЭП, содержащиеся в государственных информационных системах, местный исполнительный орган получает посредством портала в форме электронных документов, удостоверенных ЭЦП уполномоченных должностных лиц.
      Примечание: * свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств», является действительным до прекращения деятельности юридического лица.
      12. Бланк заявления на оказание государственной услуги можно получить в канцеляриях местных исполнительных органов по адресам, указанным в приложении 1 к настоящему стандарту, либо на интернет–ресурсах Министерства–www.minagri.gov.kz или местных исполнительных органов, указанных в приложении 1 к настоящему стандарту.
      Для получения государственной услуги через портал необходимо заполнить форму электронного запроса.
      13. При получении государственной услуги через местные исполнительные органы документы сдаются в канцелярии местных исполнительных органов, расположенные по адресам, указанным в приложении 1 к настоящему стандарту.
      При обращении через портал отправка электронного запроса осуществляется из «личного кабинета» потребителя. Запрос автоматически направляется в местные исполнительные органы.
      14. При оказании услуги через местные исполнительные органы потребителю выдается расписка о приеме соответствующих документов с указанием:
      1) номера и даты приема документов;
      2) вида запрашиваемой государственной услуги;
      3) количества и названий приложенных документов;
      4) даты (времени) получения государственной услуги и места выдачи документов;
      5) фамилии, имени, отчества ответственного лица местного исполнительного органа, принявшего документы;
      6) наименования, контактных данных получателя государственной услуги.
      При обращении через портал потребителю в «личный кабинет» на портале направляется уведомление – отчет о принятии запроса для оказания государственной услуги с указанием даты и времени получения потребителем результата государственной услуги.
      15. Результат оказания государственной услуги направляется по почте на адрес, указанный в заявлении, либо выдается потребителю (представителю потребителя по доверенности) по адресам, указанным в приложении 1 к настоящему стандарту.
      При обращении через портал результат оказания услуги потребителю государственной услуги направляется в «личный кабинет» на портале.
      16. Основанием для отказа в оказании государственной услуги являются:
      1) занятие видом деятельности запрещено законами Республики Казахстан для данной категории субъектов;
      2) не внесен лицензионный сбор за право занятия отдельными видами деятельности в случае подачи заявления на выдачу лицензии, переоформление, выдачу дубликата лицензии;
      3) заявитель не соответствует квалификационным требованиям;
      4) в отношении потребителя имеется вступивший в законную силу приговор суда, запрещающий ему заниматься отдельным видом деятельности;
      5) запрещение судом на основании представления судебного исполнителя потребителю получать лицензии.
      Мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги потребитель государственной услуги получает в местном исполнительном органе либо в «личном кабинете» на портале в виде электронного документа.
      В случаях, если местный исполнительный орган в установленные сроки не выдал заявителю лицензию, не переоформил, не выдал дубликат лицензии либо не предоставил мотивированный отказ в выдаче лицензии, переоформлении, выдачи дубликата лицензии, то с даты истечения срока их выдачи лицензия или дубликат лицензии считаются выданными.
      Местный исполнительный орган не позднее пяти рабочих дней с момента истечения срока выдачи лицензии, переоформления, выдачи дубликата лицензии обязан выдать заявителю соответствующую лицензию или дубликат лицензии.
      В случае невыдачи местным исполнительным органом лицензии или дубликата лицензии по истечении пяти рабочих дней, лицензия или дубликат лицензии считаются полученной. Подтверждением законности осуществления лицензируемого вида деятельности до получения лицензии является полученное заявителем уведомление о приеме заявления.

3. Принципы работы

      17. При оказании государственной услуги должностные лица местных исполнительных органов руководствуются следующими принципами:
      1) проявлять скромность, не подчеркивать и не использовать свое должностное положение;
      2) быть вежливыми и корректными;
      3) представлять исчерпывающую информацию об оказываемой государственной услуге;
      4) прилагать усилия для сокращения сроков оказания услуг и времени ожидания;
      5) обеспечить сохранность, защиту и конфиденциальность информации о содержании документов потребителя;
      6) обеспечить сохранность документов, которые потребитель государственной услуги не получил в установленные сроки.

4. Результаты работы

      18. Результаты работы по оказанию государственной услуги потребителям измеряются показателями качества и эффективности согласно приложению 3 к настоящему стандарту.
      19. Целевые значения показателей качества и эффективности государственной услуги, по которым оценивается работа должностных лиц местных исполнительных органов, ежегодно утверждаются приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

5. Порядок обжалования

      20. Разъяснение порядка обжалования действий (бездействий) должностных лиц местных исполнительных органов, а также оказание содействия в подготовке жалобы осуществляются специалистами юридической службы местных исполнительных органов, находящихся по адресам, указанным в приложении 1 к настоящему стандарту.
      Информацию о порядке обжалования работы портала можно получить по телефону call–центра: (1414).
      21. В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги, жалоба подается на имя соответствующего акима путем обращения по выбору потребителя:
      1) в канцелярию местного исполнительного органа по адресам, указанным в приложении 1 к настоящему стандарту;
      2) на блог акима, расположенный на интернет–ресурсе соответствующего местного исполнительного органа, указанного в приложении 1 к настоящему стандарту;
      3) через портал.
      При сдаче жалобы в канцелярию местного исполнительного органа жалоба подается в рабочие дни с 9.00 до 18.00 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.00 часов, выходные дни: суббота, воскресенье и праздничные дни, установленные Законом Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан».
      22. В случае некорректного обслуживания, жалоба подается на имя соответствующего акима по адресам, указанным в приложении 1 к настоящему стандарту, в рабочие дни с 9.00 до 18.00 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.00 часов, выходные дни: суббота, воскресенье и праздничные дни, установленные Законом Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан».
      В случае некорректной работы портала, жалоба подается по телефону call–центра: (1414).
      23. В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги, потребитель государственной услуги имеет право обратиться в суд в установленном законодательством порядке.
      24. Жалоба адресуется должностному лицу, в компетенцию которого входит разрешение поставленных в жалобе вопросов.
      В жалобе указываются фамилия, имя, отчество, почтовый адрес потребителя государственной услуги, дата подачи жалобы и подпись потребителя.
      При подаче жалобы указываются должность, фамилии и инициалы должностных лиц, чьи действия или бездействия обжалуются, мотивы обращения и требования.
      25. При сдаче жалобы в канцелярию местного исполнительного органа подтверждением принятия жалобы является выдача потребителю, подавшему жалобу, талона с указанием даты и времени, фамилии и инициалов должностного лица, принявшего жалобу. Информацию о ходе рассмотрения жалобы можно получить у должностных лиц канцелярии соответствующего местного исполнительного органа.
      При отправке жалобы через портал информация о ходе рассмотрения жалобы (отметка о доставке, регистрации, исполнении, результате рассмотрения) доступна в «личном кабинете» потребителя.
      Рассмотрение жалоб осуществляется в порядке и сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 12 января 2007 года «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц».
      26. Дополнительную информацию потребитель государственной услуги может получить в канцеляриях местных исполнительных органов, а также на интернет–ресурсах Министерства–www.minagri.gov.kz или местных исполнительных органов, указанных в приложении 1 к настоящему стандарту.

Приложение 1            
к стандарту государственной услуги  
«Выдача лицензии, переоформление,  
выдача дубликатов лицензии     
на оказание услуг по складской деятельности
с выдачей хлопковых расписок»     

            Адреса местных исполнительных органов областей


п/п

Наименование
местных исполнительных органов

Адрес
месторасположения

Контактные данные

Интернет-ресурс

1

2

3

4

5

1.

Государственное учреждение
«Акимат Акмолинской области»

город Кокшетау, улица Абая, 85

телефоны:
8 (716-2) 25-07-72, 25-55-11;
электронная почта:
akm_shu_disp@mail.ru,
kanz_akim@akmo.kz

www.akmo.kz

2.

Государственное учреждение
«Акимат Алматинской области»

город Талдыкорган,
улица Тәуелсіздік, 38

телефоны:
8 (7282) 27-08-18
электронная почта:
ob_dsh@almaty-reg.kz,
tkoblakimat@global.kz

www.zhetysu-gov.kz

3.

Государственное учреждение
«Акимат Атырауской области»

город Атырау,
улица Айтеке би, 77

телефоны:
8 (7122) 35-45-03
электронная почта:
atirauagro@mail.ru

www.atyrau.gov.kz

4.

Государственное учреждение
«Акимат Актюбинской области»

город Актобе,
проспект Абулхайыр хана, 40

телефоны:
8 (7132) 56-03-07, 54-17-39;
электронная почта:
sh_zemledelie@mail.ru,
do.aktobe@minagri.kz

www.akto.kz

5.

Государственное учреждение
«Акимат Восточно-Казахстанской области»

город Усть-Каменогорск,
улица М. Горького, 40

телефоны:
8 (7232) 26-42-48, 24-23-04, 20-42-42
электронная почта:
ispaevt@yandex.ru

www.akimvko.gov.kz

6.

Государственное учреждение
«Акимат Жамбылской области»

город Тараз,
проспект Абая, 125

телефоны:
8 (7262) 43-28-94, 45-88-31,
факс 45-42-05, 45-46-28

www.zhambyl.kz

7.

Государственное учреждение
«Акимат Западно-Казахстанской области»

город Уральск,
улица Достык, 179

телефоны:
8 (7112) 51-35-41, 45-29-27
электронная почта:
dshzko-zemotdel@rambler.ru,
dshko-admotdel@rambler.ru

www.westkaz.kz

8.

Государственное учреждение
«Акимат Карагандинской области»

город Караганды,
бульвар Мира, 39

телефоны:
8 (7212) 42-10-80
электронная почта:
dsh_canc@krg.gov.kz

www.karaganda-region.kz

9.

Государственное учреждение
«Акимат Костанайской области»

город Костанай,
проспект Аль-Фараби, 66

телефоны:
8 (7142) 57-50-03
электронная почта:
dsh-zem@ kostanay.kz

www.kostanay.gov.kz

10.

Государственное учреждение
«Акимат Кызылординской области»

город Кызылорда,
улица Жахаева, 76

телефоны:
8 (7242) 26-26-44
электронная почта:
sh_kyzyl@mail.ru

www.e-kyzylorda.gov.kz

11.

Государственное учреждение
«Акимат Мангистауской области»

город Актау,
14 микрорайон, дом 1

телефоны:
8 (7292) 31-17-77
электронная почта:
so.mangistau@rambler.ru

www.mangystau.kz

12.

Государственное учреждение
«Акимат Павлодарской области»

город Павлодар,
улица Академика Сатпаева, 49

телефоны:
8 (7182) 32-25-67
электронная почта:
kense.dsh@pavlodar.gov.kz

www.pavlodar.gov.kz

13.

Государственное учреждение
«Акимат Северо-Казахстанской области»

город Петропавловск,
улица Конституции Казахстана, 58

телефоны:
8 (7152) 46-24-52, 36-07-45;
электронная почта:
dshagr@mail.ru,
akimat@SKO.kz,
akimat@petr.kz

www.sko.kz

14.

Государственное учреждение
«Акимат Южно-Казахстанской области»

город Шымкент,
улица Таукехана, 6

телефоны:
8 (7252) 53-03-33.
электронная почта:
dsh_uko@mail.ru

www.ontustik.gov.kz

Приложение 2             
к стандарту государственной услуги  
«Выдача лицензии, переоформление,  
выдача дубликатов лицензии     
на оказание услуг по складской деятельности
с выдачей хлопковых расписок»   

         В __________________________________________________________
             (наименование местного исполнительного органа)
        от _________________________________________________________
          (полное наименование юридического лица, реквизиты БИН)

                                    Заявление

Прошу выдать лицензию, переоформить лицензию, выдать дубликат
лицензии на осуществление деятельности по _________________________
(нужное подчеркнуть)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Сведения об организации:
1. Форма собственности ____________________________________________.
2. Год создания ___________________________________________________.
3. Адрес __________________________________________________________
               (индекс, город, район, область, улица, № дома,
___________________________________________________________________
      телефон, факс)
4. Расчетный счет _________________________________________________.
                    (№ счета, наименование и местонахождение банка)
5. Прилагаемые документы:_________________________________________

Руководитель ______________   ____________________________________.
                (подпись)    (фамилия, имя, отчество (при наличии))

      Место печати

      «____» ____________ 20 __ г.

Приложение 3             
к стандарту государственной услуги  
«Выдача лицензии, переоформление,  
выдача дубликатов лицензии     
на оказание услуг по складской деятельности
с выдачей хлопковых расписок»   

                   Таблица. Значения показателей качества
                            и эффективности

Показатели качества и эффективности

Нормативное
значение
показателя

Целевое
значение
показателя
в
последующем
году

Текущее
значение
показателя
в отчетном
году

1

2

3

4

1. Своевременность

1.1. % (доля) случаев предоставления услуги в установленный срок с момента сдачи документа




2. Качество

2.1. % (доля) получателей государственной услуги, удовлетворенных качеством процесса предоставления услуги




3. Доступность

3.1. % (доля) получателей государственной услуги, удовлетворенных качеством и
информацией о порядке предоставления услуги




3.2. % (доля) услуг информации, которые доступны в электронном формате




4. Процесс обжалования

4.1. % (доля) получателей государственной услуги, удовлетворенных существующим
порядком обжалования




5. Вежливость

5.1. % (доля) получателей государственной услуги, удовлетворенных вежливостью персонала