"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 318 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

жоба

ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

      Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын реттейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) әртараптандыру – зейнетақы активтерiн жоғалтып алу қатерiн азайту мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес оларды әртүрлi қаржы құралдарына орналастыру;
      2) баспасөз басылымы – тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымдары;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      4) ең төменгi зейнетақы – тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген зейнетақы төлемдерiнiң ең төменгi мөлшерi;
      5) ерiктi зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен салымшылардың өз бастамасы бойынша зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салатын ақшасы;
      6) ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi – ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;
      7) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы – ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзiнiң меншiктi қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      8) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын кәсiптер тiзбесi бойынша қызметкерлердiң пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары салатын ақша;
      9) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi – қызметкердің зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы төлемінің мөлшерi;
      10) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшысы – қызметкердiң пайдасына өзінің жеке қаражаты есебінен міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын заңды тұлға;
      11) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – бiр тараптан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен және салымшы және (немесе) зейнетақы төлемдерiн алушы жасасатын, екiншi тараптан ерікті зейнетақы жарналарын, жинақтарын және төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;
      12) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті уәкілетті органның лицензиясының негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушы;
      13) жеке зейнетақы шоты – салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және зейнетақы төлемдері жүргізілетін міндетті зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынатын жеке атаулы шоты;
      14) жинақтаушы зейнетақы қоры – тиісті лицензия негізінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын лицензиясының қолданысы осы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатылған заңды тұлға;
      15) зейнетақы аннуитетi шарты – сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) соған сәйкес сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенетін, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) пайдасына өмiр бойы немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенетін сақтандыру шарты;
      16) зейнетақы – уәкiлеттi ұйымнан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;
      17) зейнетақы активтерi – зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ осы заңда көзделген өзге де мақсаттарға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
      18) зейнетақы жинақтары – мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды, шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында ескерілетін оның ақшасы;
      19) зейнетақы төлемдерi:
      уәкiлеттi ұйымнан – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне барабар түрде жүзеге асырылатын ақша төлемдері;
      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан – зейнетақы төлемдерiн алушыларға зейнетақы жинақтарын төлеу;
      20) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi – алушы) – уәкiлеттi ұйымнан зейнетақы төлемдерi тағайындалған және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке тұлға;
      21) инвестициялық портфельді басқарушы – инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметтің осыған ұқсас түрін жүзеге асыратын шетелдік ұйым;
      22) инвестициялық декларация – инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық қызметтiң мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерiн, зейнетақы активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;
      23) инвестициялық кiрiс – зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған (алуға жататын) ақша;
      24) инвестициялық портфель – зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдарының жиынтығы;
      25) кастодиан-банк – бірыңғай зейнетақы қоры үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі немесе қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды және солар бойынша құқықтарды растауды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың сақталуы жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, құжаттық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асыратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры үшін екінші деңгейдегі банк;
      26) кастодиандық шарт – кастодиан-банк пен оның клиентi жасаған қаржы құралдары мен ақшаны жауапкершiлiкпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
      27) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi – Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа жетуі бойынша берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;
      28) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидасы) – салымшы (алушы) ұсынылған шартқа тұтастай қосылу ретінде қабылдай алатын қосылу шарты;
      29) мiндеттi зейнетақы жарналары – осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салынатын ақша;
      30) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек – есептелген, ұстап қалынған (есебiне жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары;
      31) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi – агент) – шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, сондай-ақ филиалдары, өкiлдiктерi арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға;
      32) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi – салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлем мөлшерi;
      33) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
      34) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      35) уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар – уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;
      36) пруденциялық норматив – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн экономикалық талаптар;
      37) сақтандыру ұйымы – уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      38) сатып алу сомасы – зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
      39) уәкiлеттi орган – қаржылық нарықпен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      40) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;
      41) үлестес тұлғалар – шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бiр-бiрiнiң (тұлғалардың бiрi) қабылдайтын шешiмдерiне, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ұлттық басқарушы холдингтiң ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң құрамында болуы тұлғалардың бiр-бiрiне қатысты үлестес екенiн айқындау үшiн негiз болып табылмайды.

      2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

      3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      4-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер

      1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейiнгi кезеңдерде зейнетақы төлемдерi осы Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      2. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алып келген;
      2) осы Заңның 11-бабына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына;
      3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемiн, сондай-ақ мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiне кезең-кезеңiмен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленедi.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар азаматтардың тiлегi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылуы мүмкiн.
      3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.
      4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және/немесе оны төлеудi жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 15-бабының 5-тармағының ережелерi қолданылады.

      5-бап. Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк

      1. Мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде айқындалған, алушының зейнетақы төлемдерiн алу құқығы кезiндегi инфляция деңгейiн ecкepe отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
      2. Зейнетақы жинақтарының сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:
      1) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен шоғырландыру;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты тиісті талаптар белгілеу арқылы реттеу;
      4) тиісті талаптар белгілеу арқылы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;
      5) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер белгілеу арқылы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;
      6) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлеріне және басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтау жөнінде қойылатын талаптарды белгілеу;
      9) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржы құралдары мен ақшаны ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен үлестес емес кастодиан-банктерде сақтау талабын белгiлеу;
      10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
      11) әртараптандыру және зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде тәуекелдi азайту жөнiндегi талаптарды белгiлеу;
      12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiн белгілеу;
      13) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
      14) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының тиiстi мемлекеттiк органдар алдында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ұдайы есептілігі;
      15) салымшы мен алушыға оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат берiп отыру;
      16) салымшыға (алушыға) ерікті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен өзiнiң зейнетақы жинақтарын бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру мүмкiндiгiн беру;
      17) зейнетақы жинақтарын алушының таңдауы бойынша толық көлемде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;
      18) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен зейнетақы активтерін есепке алу және бағалауды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледi.

      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi зейнетақымен қамсыздандыру саласында:
      1) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
      2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыру, сондай-ақ Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекiтедi;
      3) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және аудару тәртiбi мен мерзiмдерiн бекiтедi;
      4) судья терiс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшiн қосымша белгiленген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекiтедi;
      5) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидасын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiтедi;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді қабылдайды;
      7) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      7-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi

      Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган:
      1) салымшылар өз қаражаты есебiнен қызметкерлер пайдасына ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын кәсiптерінiң тiзбесiн әзiрлейдi;
      2) Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерлерiн жыл сайын арттыру тәртiбiн әзiрлейдi;
      3) Орталықтан төленетiн зейнетақыларды бiр жарым еселік мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу үшiн сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыс тiзбесiн әзiрлейдi;
      4) толық маусым iшiндегi жұмыс зейнетақы тағайындау үшiн бiр жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн әзiрлейдi;
      5) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидасын және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн әзiрлейдi;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және аудару тәртiбi мен мерзiмдерiн әзiрлейдi;
      7) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты, тұрған жерi белгiсiз бұрынғы қызметкерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару қағидасын әзiрлейдi;
      8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталыққа электрондық құжат айналымын пайдалана отырып салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жасалған және қолданысын тоқтатқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары туралы мәліметтер табыс ету қағидасын әзірлейді;
      9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн әзiрлейдi;
      10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      8-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:
      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау бөлiгiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жинақтарын аудару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыны өндіріп алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      4) осы Заңның 35-бабының 2-тармағында көрсетілген сенім білдірілгендерге талаптарды және оларды таңдау тәртібін белгілейді;
      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2-тарау. Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыру тәртібі

      9-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

      Азаматтарға осы Заңда белгiленген жағдайлар туындаған кезде Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығына кепiлдiк берiлген.
      Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге өздеріне еңбек сiңiрген жылдары үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы берiледi.

      10-бап. Орталықтан төлемдер алуға құқығы бар азаматтар санаттары

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарға;
      2) осы Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар адамдарға - еңбек өтіліне барабар мөлшерде;
      3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленедi.
      2. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алушы, соның iшiнде мемлекеттiк базалық зейнетақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем Орталықтан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi.
      3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегi болған, Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не оны жерлеудi жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген отыз бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi.

      11-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi:
      2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда;
      2014 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 58,5 жасқа толғанда;
      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 59 жасқа толғанда;
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 59,5 жасқа толғанда;
      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 60 жасқа толғанда;
      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 60,5 жасқа толғанда;
      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 61 жасқа толғанда;
      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 61,5 жасқа толғанда;
      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 62 жасқа толғанда;
      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 62,5 жасқа толғанда;
      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – әйелдерге 63 жасқа толғанда тағайындалады.
      2. Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 5 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
      ерлер – жалпы жұмыс өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда, 50 жасқа жеткенде;
      әйелдер – жалпы өтілі 20 жылдан кем болмаған жағдайда, 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындатуға құқылы.
      3. 5 және одан да көп бала тауып, оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдер осы Заңның 10-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы.
      4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемде осы баптың 1-тармағында белгiленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:
      1) ерлерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 25 жыл еңбек өтілі болғанда және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан ерлерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте, осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған кезде есептеледi;
      2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек өтілі болғанда және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте, осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған кезде есептеледi.
      5. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы баптың 1-тармағында аталған азаматтар санаттарына олардың 1998 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек өтілінің болуына қарай, Орталықтан толық көлемiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған кезде және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн қызметтен босатылған кезiнен бастап тағайындалады.
      6. Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегi төлемдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек өтіліне барабар үлес ретiнде есептеледi. Бұл ретте, осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi.

      12-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу кезеңi

      Орталықтан зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған айына қоса төленедi.

      13-бап. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу

      1. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:
      1) еңбек шарты бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;
      2) әскери қызмет;
      3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызмет;
      4) мемлекеттiк қызмет;
      5) кәсiпкерлiк қызмет;
      6) бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және өзгенiң көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;
      7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;
      8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;
      9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiн ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;
      10) еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша басып алынған аумақта және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде өздерi басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың (жасына қарамастан) сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;
      11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;
      12) бұрынғы кеңестік мекемелердiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы алғанда 10 жылдан аспайтын кезеңi;
      13) офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар, келiсiмшарт бойынша қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер зайыптарының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ 10 жылдан аспайтын кезеңi;
      14) арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерi зайыбының (жұбайының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде оның бiрге тұрған, бiрақ 10 жылдан аспайтын кезеңi;
      15) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқу;
      16) әскерилендiрiлген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлiмдерiнде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;
      17) әлеуметтiк сақтандыруға аударымдар төлеген жағдайда өзге де жұмыс.
      2. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:
      1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емдеуде болған уақыт – әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмiн есептеу үшiн белгiленген тәртiппен;
      2) әскери бөлiмдердегi жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретiндегi жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет – екi есе мөлшерде;
      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы уақыт – үш есе мөлшерде;
      4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты – екi есе мөлшерде;
      5) Ұлы Отан соғысы кезiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса – екi есе мөлшерде;
      6) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектей отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты – үш есе мөлшерде;
      7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiнгi кезеңде жұмыс iстеп, әскери қызмет атқару – үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгiсi – бiр жарым есе мөлшерде;
      8) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауырған адамдарды емдеу жөнiндегi мекемелердегi жұмыс – екi есе мөлшерде; сот медициналық сараптаманы және патология-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдарда – Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жұмыс тiзбесi бойынша – бiр жарым есе мөлшерде;
      9) толық навигациялық кезең iшiнде су көлiгiндегi жұмыс бiр жыл iстеген жұмыс үшiн есептеледi;
      10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалары кәсiпорындарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс өтіліне есептеледi.

      14-бап. Еңбек өтілін растау

      1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады.
      2. Еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешiмiнiң негiзiнде белгіленеді.
      3. Осы Заңның 13-бабының 1-тармағы 5) және 17) тармақшаларына сәйкес қызметтi жүзеге асырған азаматтардың еңбек өтілі Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн жүзеге асырылған сақтандыру жарналарын төлегенi туралы құжаттармен расталады.

      15-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу

      1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемде есептеу осы Заңның 16-бабына сәйкес белгiленетiн орташа айлық кiрiстiң 60 пайызы есебiнен жүргiзiледi.
      2. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан қатарынан кез келген 3 жыл iшiндегi орташа айлық табыс негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
      «Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде алған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi.
      3. «Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi жұмыс берушi беретiн табыс туралы анықтамамен расталатын табысқа сәйкес белгiленедi.
      Зейнетақы төлемдерiн есептеуді зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш жасаған күнi уәкiлеттi орган белгiлеген, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген табыс мөлшерiн негiзге ала отырып жүргiзедi.
      4. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қажеттi еңбек өтілінен тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 пайызға өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 пайызынан аспауға тиiс.
      5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң, әскери қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының, прокуратура, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдардың және көрсеткiштердiң № 1 тiзiмi бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерi бойынша жеңiлдiктi шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдерi мөлшерiн қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленетін отыз тоғыз еселенген айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс бес пайызынан аспайды.

      16-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн табысты анықтау

      1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекақы төлеудiң барлық түрлерi және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн өзге де табыстар енгiзiледi.
      2. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшiндегi табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшiндегi табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады.
      3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленетін отыз тоғыз еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.

      17-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш беру тәртiбi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қажеттi өтілі мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жерi бойынша Орталыққа берiледi.
      2. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауды зейнетақы төлемдерiн тағайындаушы орган жүргiзедi.
      3. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындаушы орган зейнетақы тағайындау мәселелерi бойынша түсiндiрме беруге және азаматтардың тиiстi құжаттарды ресiмдеуiне көмек көрсетуге мiндеттi.

      18-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды қарау мерзiмдерi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды қарауды зейнетақы төлемдерiн тағайындаушы орган құжаттар табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
      2. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындаушы орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бұл туралы өтініш берушiге хабарлайды.
      3. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан бас тартылған жағдайда, зейнетақы төлемдерiн тағайындаушы орган бас тартудың себептерiн жазбаша түрде негiздеп, ұсынылған құжаттарды өтініш берушiге қайтаруға мiндеттi.
      4. Зейнетақы төлемдерiн тағайындаушы органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға болады.

      19-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау мерзiмдерi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi зейнетақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.
      2. Өтініш пен қажеттi құжаттарды Орталыққа бiр мезгiлде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш берген күн болып есептеледi.

      20-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк монополия

      1. Орталық мемлекеттiк монополияға жататын мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, жәрдемақы төлемдерiн, бiржолғы және өзге де төлемдердi төлеудi ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) деректер базасын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру;
      3) салымшы зейнетақы төлемдерiне құқық алған кезде нақты енгiзген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерiн келесi қаржы жылына инфляцияның болжамды деңгейiн ескерiп анықтау;
      4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербес есепке алу;
      5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;
      6) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған және (немесе) жеке сәйкестендiру нөмiрi жоқ (немесе) деректемелерiнде қателер жiберiлген тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке қайтару;
      7) агенттердің өтініштері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке қайтару;
      8) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға агенттердiң Орталық шотына аударған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомаларын және (немесе) солар бойынша өсімпұлдар төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыру және табыс ету;
      9) Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органның төлемдердi тағайындауы үшiн зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы, біржолғы және өзге де төлем алушылар iстерiнiң макетiн қалыптастыруды;
      10) зейнетақы, жәрдемақы, біржолғы және өзге де төлемдердi алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру және оларды дербестендiрiлген есепке алу;
      11) зейнетақы жарналарын және (немесе) солар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара iс-қимыл жасау;
      12) орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру;
      13) Қазақстан Республикасы заңнамасының құпиялықты сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын ескере отырып, Орталықтың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорының пайдаланушылары болып табылатын орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қол жетімділігін ұйымдастыру;
      14) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиялығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Орталықтың қызмет түрлерi бойынша ақпараттық қызметтер ұсыну;
      15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерi.
      2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      21-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi ағымдағы ай үшiн жүргізіледі.
      2. Жұмыс iстейтiн зейнеткерлердiң осы Заңның 15-бабы 5-тармағында және 64-бабында көзделген шектеулер мен жағдайларды ескере отырып, зейнетақыны толық мөлшерде алуға құқығы бар.
      3. Зейнетақы төлемдерi нотариат куәландырған сенiмхат бойынша жүргізілуі мүмкiн.
      4. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.

      22-бап. Өткен уақыт үшiн зейнетақы төлемдерiн алу

      1. Есептелген, бiрақ алушы талап етпеген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алуға өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақыт үшiн төленедi.
      2. Зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi.

      23-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу

      1. Зейнетақы тағайындау кезiндегi қателiктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерiн алушының өтiнiшi негiзiнде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен жасалуы мүмкiн.
      2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жасалады.
      3. Зейнетақыдан төленуге тиiстi соманың 50 пайыздан астамын ұстап қалуға болмайды.

3-тарау. Зейнетақы жарналарын төлеу

      24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу

      1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын осы Заңда белгiленген мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиiс.
      2. Осы Заңның 11-бабы 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
      3. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар, егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған;
      2) осы Заңның 65-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдерi тағайындалған әскери қызметшiлер, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар босатылады.
      5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
      6. Ұстап қалынған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын Орталыққа:
      1) заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер (шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнайы салық режимiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар қызметкерлерге төленетiн табыстардан – табыстарды төленген айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей;
      2) дара кәсiпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн және шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнайы салық режимiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өз пайдасына - есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей;
      3) арнайы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмде;
      4) оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде;
      5) патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер – патент құнын төлеу үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде;
      6) Орталық – әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей аударады.
      7. Мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының және осы Заңның 28-бабы 1-тармағына сәйкес есептелген өсiмпұлдың толық және уақтылы төленуiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
      8. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
      9. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақы шарттарының болмауына байланысты, тұрған жерi белгiсiз бұрынғы қызметкерлердiң табыстарынан ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттер 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген өсiмпұлмен қоса, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджетке аударады. Бұл ретте 2005 жылғы 1 қаңтардан кейiн есебiне жазылған өсiмпұл есептен шығаруға жатады.
      Бюджетке аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары мен өсiмпұлдар сомаларын – бұрынғы қызметкерлер, ал олар қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда мұрагерлерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес талап ете алады.
      10. Заңды тұлға-резиденттің шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агент ретінде қаралуы мүмкін.

      25-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиiстi мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын қызметкердiң ай сайынғы табысының он пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.
      2. Қазақстан Республикасының судьялары үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына республикалық бюджет қаражаты есебiнен судьяның ай сайынғы кiрiсiнiң он пайызы мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы жарналары қосымша белгiленедi.
      Судья терiс себептер бойынша қызметiнен босатылған кезде көрсетiлген жарналар алып қойылады және республикалық бюджетке аударылады.
      3. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз пайдасына төлеуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары мәлiмделетiн табыстың он пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң кемінде он пайызы және ең төменгi жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнiң он пайызынан жоғары емес болып белгiленедi.
      Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң он пайызынан кем емес және ең төменгi жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнiң он пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап есептелуге және төленуге тиiс.
      Дара кәсiпкер, адвокат, жеке сот орындаушысы және жеке нотариус жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн дербес айқындайтын табыс мәлiмделетiн табыс болып табылады.

      26-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі

      1. Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналары кәсiптерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қызметкердiң пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын қызметкердің ай сайынғы табысының бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      27. Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі

      1. Ерікті зейнетақы жарналарын салымшы – жеке тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына олармен ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезінде өз пайдасына өз табысы есебiнен енгiзедi.
      2. Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы ерікті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға құқылы.
      3. Алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарының салымшылары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
      4. Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi.

      28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны және аударылмағаны үшiн жауапкершiлiк

      1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр мерзiмi өткен күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) уәкiлеттi орган белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесiнiң 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиiс.
      2. Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
      Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
      Егер мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сомадан аспайтын болса, мұндай хабарлама жiберiлмейдi.
      3. Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тiзiмдерiн табыс етуге мiндеттi.
      Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органының инкассалық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
      Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.
      Агенттiң банк шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органдары теңгелей шығарған инкассалық өкiмдерi негiзiнде агенттiң шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргiзiледi.
      4. Салық органдарының өкiмi бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдар мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
      Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) агент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін бермеген және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектің болған жағдайда – Заңның осы бабының 2-тармағында көзделген хабарламаны табыстаған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомалары шегінде жүргізіледі.
      2) міндеті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда – Заңның осы бабының 2-тармағында көзделген хабарлама табысталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларына тоқтата тұру жүргізіледі.
      Салық органының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы жояды.
      5. Агенттiң банк шоты болмаған немесе агенттiң банк шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.
      7. Салық қызметi органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында салық төлеушi агенттiң жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес-сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегi туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзiмде өтелмеген берешегi бар агенттердiң тiзiмдерiн жариялайды.

      29-бап. Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтер беру

      1. Агенттер тоқсан сайын, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, төлеушi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есепке жазылған әлеуметтiк аударымдар жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тапсырады.
      Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
      2. Мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есептелген) және аударылған сомалары бойынша есеп айырысу салық органдарына осы Заңның 24-бабының 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдар бойынша берілмейді.
      3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының бастапқы есебiн жүргiзуге мiндеттi.
      4. Агент есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған міндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей табыс етіп отыруға мiндеттi.

4-тарау. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері

      30-бап. Зейнетақы жинақтарын төлеуді ұйымдастыру
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы шоттарында зейнетақы жинақтары бар алушыларға жүргізіледі.
      2. Осы Заңның 11-бабы 1-3-тармақтарында, 24-бабының 4-тармағында аталған адамдардың, сондай-ақ егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердiң өз таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерi түрiнде және (немесе) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетiнiң шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебiнен сақтандыру төлемдерi түрiнде aлуға құқығы бap.
      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) белгіленген кесте бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.
      3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiнің сомасы ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен кем болмауы керек.
      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры деректемелері зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы алушының өтінішінде көрсетілетін алушының банктік шотына зейнетақы төлемдерін аударады.
      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын айырбастау сомаларын қоспағанда, оларды аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының есебінен жүзеге асырылмайды.

      31-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерi

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдардың:
      1) осы Заңның 11-бабы 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда;
      2) ерлер – елу бес жасқа және әйелдер елу жасқа толғанда, осы Заңның 59-бабы 2-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болғанда;
      3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердiң;
      4) осы Заңның 65-бабының 1-тармағында аталғандардың;
      5) Қазақстан Республикасынан шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды табыс еткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiне құқығы бар.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

      32-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерi

      1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн зейнетақы төлемдерiне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар мына адамдардың:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған кәсіптердің тізбесіне кіретін кәсіп бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі болған кезде елу жасқа толған;
      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
      2. Ерiктi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

      33-бап. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерi

      1. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:
      1) елу жасқа толған;
      2) мүгедек болып табылатын;
      3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
      2. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

5-тарау. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құқықтық жағдайы

      34-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін ұйымдастыру

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналары мен зейнетақы жинақтары төлемдерін тартуды жүзеге асырады.
      Өзге адамдарға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасауға тыйым салынады.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атауы «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қамтуға тиіс.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атауын «БЖЗҚ» деген аббревиатураны пайдаланып қысқартуға жол беріледі.
      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, заңды тұлғаларға өздерінің атауларында «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қай тілде болмасын толық және қысқартылған түрінде қолдануға тыйым салынады.
      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
      7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының органдары, олардың функциялары мен өкілеттіктері, олардың шешімдерді қалыптастыру және қабылдау тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасының Үкіметінде, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысы мен ішкі құжаттарында айқындалады.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның өкілі дауыс беру құқығымен тұрақты негізде кіреді.
      8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының:
      1) ерікті зейнетақы жарналарын тартуға;
      2) өз қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;
      3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен салымшының (алушының) жазбаша өтініші бойынша сотта оның мүддесін білдіруге;
      4) өз мұқтажы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруге;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында филиалдары мен өкілдіктерін ашуға;
      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры:
      1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;
      3) зейнетақы жинақтарын және төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
      4) салымшыға және алушыға жылына кемiнде бiр рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез келген сұралатын күнгі оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақы алмай ақпарат беруге және осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi зейнетақы қағидасында айқындалады.
      Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидасына сәйкес тұрғылықты жерінің өзгергенi туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) өткен жылғы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жiбермейді.
      5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялауға;
      6) салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мәселелері жөнінде өтеусіз консультациялық қызмет көрсетуге;
      7) алушының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидасын бұзғаны үшiн жауапты болуға;
      9) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленген тәртіппен аударуға;
      10) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасуға;
      11) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын ерікті зейнетақы жарналары есебінен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен аударуға;
      12) бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында және қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгілеген тәртіппен және мерзімде өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңнамасында жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;
      13) өзінің барлық салымшыларына (алушыларына) тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
      14) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы Орталықпен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;
      15) өз қызметінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалануға;
      16) ақпарат сақтауға арналған резервтік орталығы болуға;
      17) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қосқанда, жыл сайын бағдарламалық-техникалық қамсыздандыру аудитін жүргізуге;
      18) ішкі аудит қызметі болуға міндетті.
      10. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
      1) осы Заңда көзделген қызмет түрлерін қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
      2) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетілетін қаржы көмегін қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен өтеусіз негізде қаржы көмегін көрсетуге;
      4) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді кепiлге беруге;
      5) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;
      6) қарыз қаражатын тартуға;
      7) қарыздарды кез келген тәсілмен беруге;
      8) кез келген түрдегі кепілдемелер мен кепілдіктерді беруге;
      9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен еңбек шартын жасаспаған тұлғаларды осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындау үшін тартуға;
      10) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар құруға және оның қызметіне қатысуға тыйым салынады.

      35-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқа адамға оған сеніп тапсырылған зейнетақы активтерін активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа және осы Заңға сәйкес басқаруға қажетті іс-қимылдарды жасауды тапсыруға құқылы. Бұл ретте сенімгерлікпен басқарушы өзі таңдап алған сенім білдірілген адамның іс-әрекеті үшін де өзінің іс-әрекетіндей жауап береді.
      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы бекітеді.

      36-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңесін құру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің функциялары:
      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген құралдардың тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлеу және осы тізбені мақұлдау болып табылады.
      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің дербес құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      4. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің отырыстары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңесі туралы ережеде белгіленген мерзімдерде өткізіледі.
      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес шешімі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады.

      37-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидасы

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт болып табылатын зейнетақы қағидаларын әзірлейді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы жинақтары салымшыларының (алушыларының) құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт қосылу шарты болып танылады.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидасын, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      2. Салымшының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында дербес зейнетақы шотын ашуы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша жасалған өтініш негізінде жүзеге асырылады.
      3. Салымшының дербес зейнетақы шотын ашуы туралы өтініштің негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт туралы мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу үшін Орталыққа электронды хабарлама жібереді.
      Салымшы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтың міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт туралы мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу туралы электронды хабарламасын алған күнінен бастап міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

      38-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодианды шартқа сәйкес тек Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі шоттарында сақталады және есепке алынады.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында уәкілетті орган айқындайтын шетелдік кастодиандардан шот ашуға құқылы.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операцияларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен есепке алуды жүргізеді және ай сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына оның шоттарының жай-күйі туралы хабарлайды.

      39-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) және агенттердің құқықтары мен міндеттері

      1. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар:
      1) өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға;
      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының іс-қимылына сот тәртібімен шағымдануға;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы төлемдерін алуға;
      4) өзінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұраға қалдыруға;
      5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетер кезінде зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алуға;
      6) өзінің зейнетақы жинақтарының есебінен сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасауға;
      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасауға;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Агенттер Орталықтан қызметкерде жеке зейнетақы шотының болуы туралы растаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен алуға құқығы бар.
      3. Міндетті зейнетақы жарналары немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу үшін жеке тұлға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беруге міндетті.
      4. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлауға;
      2) осы Заңда көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасауға;
      3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
      5. Агенттер және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде және тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке енгізуге) және төлеуге міндетті.

      40-бап. Салымшының (алушының) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шарты

      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен шарт бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және салымшының (алушының) арасында ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгілік шартқа сәйкес жазбаша нысанда жасалады.
      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаудың тәртібі мен үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

6-тарау. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтық жағдайы

      41-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін ұйымдастыру

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін уәкілетті орган берген ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензия негізінде жүзеге асырады және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен және жағдайларда ерікті зейнетақы жарналарын тартады.
      2. Қазақстан Республикасының резиденттері – жеке тұлғалар, заңды тұлғалар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және (немесе) акционерлері бола алады.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.
      3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы «ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерден тұруға тиісті.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауын «ЕЖЗҚ» деген аббревиатураны пайдаланып қысқартуға жол беріледі.
      Заңды тұлғаларға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, өз атауында «ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді толық және қысқартылған түрінде қандай да бір тілде болмасын қолдануға тыйым салынады.
      4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) ерікті зейнетақы жарналарын тартуға;
      2) өз қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;
      3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен салымшының (алушының) жазбаша өтініші бойынша сотта оның мүддесін білдіруге;
      4) өз мұқтажы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруге;
      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен жасалған активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға;
      6) уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті дербес жүзеге асыруға;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасы және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      5. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) алушыларға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен зейнетақы төлемдерін жүргізуге;
      2) зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
      3) салымшыға және ақпарат алушыға ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген тәртіппен оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беруге және осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсім бойынша анықталады.
      4) салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсетуге;
      5) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
      6) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшiн жауап беруге;
      7) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленген тәртіппен аударуға;
      8) бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында және қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгілеген тәртіппен және мерзімде өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңнамасымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;
      9) Қазақстан Республикасы заңнамасының шарттарына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
      6. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
      1) нәтижесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе инвестициялық декларацияда белгiленген талаптар бұзылатын мәмiлелер жасасуға;
      2) осы бапта белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
      3) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;
      4) зейнетақы активтерiн өтеусiз иелiктен шығару жөнiнде инвестициялық шешiмдер қабылдауға;
      5) зейнетақы активтерiн өз мiндеттемелерiн немесе үшiншi тұлғалардың осы инвестициялық қордың активтерiн басқару жөнiндегi қызметiмен байланысты емес мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн пайдалануға;
      6) өзiне тиесiлi активтердi зейнетақы активтерiнiң құрамына сатуға (беруге);
      7) активтердi кредитке сатуға;
      8) инвестициялық декларацияға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу жағдайларын қоспағанда, зейнетақы активтерiнiң есебiнен қайтарылуға тиiстi ақшаны немесе өзге де мүлiктi қарыз шарттарының талаптарымен алуға;
      9) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және инвестициялық декларацияға сәйкес шығыстарды өтеу мен сыйақы алу жағдайларын қоспағанда, өзi басқаратын зейнетақы активтерiн сатып алуға;
      10) жарнамада және бұқаралық ақпарат құралдарында ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір жылға жетпейтін кезең ішіндегі кірістілігі туралы ақпаратты көрсетуге;
      11) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді кепiлге беруге;
      12) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;
      13) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының борыштық бағалы қағаздарды иемденуін қоспағанда, кез келген тәсілмен қарыз беруге тыйым салынады.
      7. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциялық нормативтер белгіленеді. Пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәні, есептеу әдістемесі, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      42-бап. Салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шарты

      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен шарт ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшының (алушының) арасында ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгілік шартқа сәйкес жазбаша нысанда жасалады.
      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаудың тәртібі мен үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      43-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн кастодиан-банкте сақтау және есепке алу

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi кастодиандық шартқа сәйкес ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен үлестес емес кастодиан-банктің шотында сақталады және есепке алынады.
      2. Кастодиандық шарт кастодиан-банк және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады.
      3. Үлгілік кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
      4. Кастодиан-банк ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкiлеттi орган мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ете отырып, шектеу қоюға (орындамауға) мiндеттi.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктің бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      5. Кастодиан-банк зейнетақы активтерiн шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық табыс алу жөнiндегi барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйi туралы ай сайын хабардар етiп отырады.
      6. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бiр кастодиан-банкi болуға тиiс.
      7. Кастодиандық шарт ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органының тиiстi шешiмi негiзiнде кастодиан банк хабардар етiле отырып және зейнетақы активтерiн жаңа кастодиан-банкке беру рәсiмi аяқталғаннан кейiн шартты бұзудың белгіленген күнiне дейiн күнтізбелік жиырма күн ішінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының талап етуiмен бiржақты тәртіппен бұзылады.
      8. Жаңа кастодиан-банкпен кастодиандық шарт жасаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы қазақ және орыс тiлдерiнде екi баспасөз басылымында тиiстi жарияланымдар арқылы өз салымшылары мен агенттерiн хабардар етедi.
      9. Кастодиандық шарт бұзылған сәттен бастап алты айға дейiнгi мерзiмде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен бұрынғы және жаңа кастодиан банктер арасында бұрынғы кастодиан банктің оған келiп түсетiн зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан банкке аударуы туралы тиiстi шарт жасалады.

      44-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы  қағидасы мен инвестициялық декларациясы

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидасы:
      1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды өзгерту немесе тоқтату тәртiбiн;
      2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен талаптарын;
      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының алушылар мен салымшылар алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiн;
      4) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беру тәртiбiн;
      5) салымшыларға ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлері және кастодиан банк туралы мәліметтер ұсынуды;
      6) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшелiктерiн қамтитын зейнетақы қағидасын белгiлейдi.
      2. Зейнетақы активтерін инвестициялау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне және инвестициялық декларацияға сәйкес дербес жүзеге асырылады.
      3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидасын және инвестициялық декларацияларды, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органы бекiтедi.

      45-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша қосылу нысанында жүзеге асырылады. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      Мемлекет, Ұлттық әл-ауқат қоры және (немесе) уәкiлеттi орган қатысатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзу ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалады.
      Уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсаты ол берілген күннен бастап тоғыз ай бойы қолданыста болады.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар:
      1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;
      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың белгіленетін болжамды талаптары, тәртібі мен мерзiмдерi;
      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк теңгерімін қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қоса беріледi.
      Уәкiлеттi орган ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхатты құжаттардың толық топтамасы берiлген күнінен бастап үш ай iшiнде қарауға тиiс.
      2. Қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары мен алушыларын алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
      3. Қайта ұйымдастырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      4. Қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына берілуге тиіс.

      46-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту

      Уәкiлеттi органның ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден мына негiздердiң кез келгенi:
      1) көзделiп отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесiнде салымшылар мен алушылар мүдделерiнің бұзылуы;
      2) көзделiп отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
      3) қайта ұйымдастыруға уәкiлеттi органның рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі бойынша бас тартылады.

      47-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын тарату

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры:
      1) уәкiлеттi органның өзi белгiлеген тәртiппен берген рұқсаты болған кезде ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылады.
      2. Ерікті және мәжбүрлеп таратуды жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

48-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде тарату

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті таратылуға рұқсат алу туралы өтінішхатын уәкілетті орган тиісінше ресімделген құжаттарды алған күнінен бастап үш ай ішінде қарауға тиіс.
      Өтiнiшхатқа мынадай құжаттар:
      1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi тарату туралы шешiмi;
      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің болмауын растайтын құжаты;
      3) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқ екендігін куәландыратын бухгалтерлік теңгерім мен оған түсіндірме жазба қоса берiлуге тиiс.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті таратылуға рұқсат алу туралы өтінішхатына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің болмауын растайтын құжатқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қойып, олар қордың мөрімен расталуға тиіс.
      2. Уәкiлеттi орган ерiктi таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешiмiн негiздеуге және бас тартуды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi мен акционерлерiнiң назарына жеткiзуге тиіс.
      3. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiз бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.

      49-бап. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияның қолданылуын тоқтату ерекшеліктері

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензиядан айырылған жағдайда, салымшылардың ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      2. Ерікті жинақтаушы зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияны ерікті қайтару ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өтінішінің негізінде жүзеге асырылады және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры аталған қызмет түрі бойынша міндеттемелердің барлығын орындағаннан кейін ғана жүргізіледі.
      3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы жарналарын тарту, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияны ерікті түрде қайтару қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

7-тарау. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін жүзеге асыру тәртібі

      50-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті  жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi: зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiс, өсiмпұл ретiндегі түскен қаражат және комиссиялық сыйақыларды шегерiп тастағаннан кейін залалдарды өтеу есебiнен қалыптастырылады.
      2. Жеке және заңды тұлғалардың зейнетақы активтерiне құқықтары осы Заңмен көзделген заттық құқықтар тобына жатады.
      3. Салымшының, алушының, Орталықтың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан банктiң және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарына, өсiмпұлдарға, зейнетақы активтерi мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе олардан өндiрiп алуға санамаланған субъектілер таратылған және/немесе (банкрот болған жағдайларда жол берiлмейдi.
      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi тек мына мақсаттарға ғана:
      1) тiзбесiн уәкiлеттi орган мен инвестициялық декларация айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға;
      2) зейнетақы төлемдерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;
      3) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитетi шарты бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымына аударуға;
      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын аударуға;
      5) қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға;
      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңда белгiленген жағдайда және мөлшерде комиссиялық сыйақы төлеуге жұмсалуы мүмкiн.
      5. Алушы, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар және осы Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жетпеген адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеуді жүзеге асырған адамға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жерлегенi үшiн республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген елу еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде бiржолғы төлем жасайды.

      51-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы есепке алу және есептiлiк

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бухгалтерлiк есептi жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға өз қаражаты және зейнетақы активтерi бойынша қаржылық есептеменi және бастапқы статистикалық деректердi бөлек бередi.
      2. Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналары және зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарының есебi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен бөлек жүргiзіледi.
      3. Жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерін және жинақтарды есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және оны рұқсатсыз кіруден қорғауды қамтамасыз ету үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын бағдарламалық қамсыздандыру түрінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер қолданылады.
      Зейнетақы активтерiн және жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
      4. Салымшылардың (алушылардың) ерікті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізеді.
      5. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жарналары есебінің дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық кірістің жеке зейнетақы шотына есептелуіне уәкілетті орган бақылау жасайды.
      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бухгалтерлiк есепте және есеп берудi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi мен олардың сақталу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

     52-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін құрады, ол:
      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
      2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясатты және рәсімдерді;
      3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді;
      4) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының органдарына ұсынудың ішкі рәсімдерін;
      5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемдерін қамтуға тиіс.
      Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      53-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақылары

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы:
      1) инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан;
      2) зейнетақы активтерінің айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
      2. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры комиссиялық сыйақысының шектi шамасын ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта:
      1) инвестициялық табыстың он бес пайызынан;
      2) айына зейнетақы активтерiнiң 0,05 пайызынан аспайтын шекті шамада белгiлейдi.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысын алу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленеді.
      3. Комиссиялық сыйақының шамасы жылына бiр реттен жиi емес өзгертiлуi мүмкiн.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасын жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы бекітеді.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кемінде екi ресми баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау арқылы салымшылар мен алушыларды күнтiзбелiк жыл басталардан кемiнде бiр ай бұрын хабарландыруға тиiс.

      54-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті  жинақтаушы зейнетақы қорының аудитi

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқылы аудиторлық ұйым жүргiзедi.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi коммерциялық құпияны құрамайды.
      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігі бойынша;
      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша жыл сайынғы аудиторлық есебi бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiне қатысты бухгалтерлік есепке алуды жүргiзу және қаржылық есептiлiктiң жасалу тәртiбiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiк мәніне тексеруді қамтиды.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудиторлық есебi бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      55-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды:
      1) директорлар кеңесін – басқарушы органды;
      2) басқарманы – атқарушы органды қалыптастырады.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып: бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген уәкілетті органға ұсынылатын құжаттарға қол қою құқығы бар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері деп танылады.
      2. Мыналар:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс өтілі және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызметтер көрсету және (немесе) оны реттеу саласында, және (немесе) экономика және қаржы саласында реттеу және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарда жұмыс өтілі жоқ;
      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ (кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы);
      4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы - жеке тұлғасы, ірі қатысушысы - заңды тұлғаның бірінші басшысы болып табылған тұлға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
      Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін он жыл бойы қолданылады;
      5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
      3. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін кемінде бес жыл;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл жұмыс өтілі болуы қажет.
      Директорлар кеңесі мүшелері, сондай-ақ тек қана бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс өтілінің болуы талап етілмейді.
      Осы тармақта айқындалған жұмыс өтіліне қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
      4. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімін алғанша күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бұл адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Уәкілетті органның келісімінсіз бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің міндетін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанда оны ауыстыруға) тыйым салынады.
      Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      6. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      7. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, аталған адам өзін уәкілетті органның осы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      8. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:
      1) келісімнің берілуіне негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
      2) басшы қызметкерге және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш не одан да көп рет) қолдану;
      3) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзуы;
      4) уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;
      5) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алу үшін негіз болып табылады.
      Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      56-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.
      2. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.
      Бұл талап уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган жарнамада қамтылған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға не оларды мұндай жарнаманы жариялаған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есебiнен нақтылауға құқылы.
      3. Зейнетақы активтерiнің кірістілігі туралы ақпарат тиiстi инвестициялық кiрiс алынған кезеңдi көрсету арқылы ғана берілуі мүмкiн.

      57-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясы

      1. Зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы мәлiметтердi қамтиды.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және Орталық зейнетақы жинақтарының құпиялылығына кепiлдiк бередi.
      2. Өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтерге қол жеткізуге мүмкіндік алған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Орталықтың, халыққа қызмет көрсету орталықтарының лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшiн, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      3. Зейнетақы жинақтарының құпиясы зейнетақы жарналарын төлеушi салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.
      4. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар:
      1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына – олар жүргiзiп отырған қылмыстық iстер бойынша;
      2) соттарға – сот ұйғарымының негiзiнде олар жүргiзiп отырған iстер бойынша;
      3) сот орындаушыларына – сот орындаушысының сот санкция берген қаулысының негізінде олардың жүргізуіндегі атқарушылық құжаттар бойынша;
      4) салық органдарына – тексерiлiп отырған тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      5) уәкілетті органға – салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселелер бойынша не олардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргiзуiне байланысты;
      6) прокурорға – оның қарауындағы материал бойынша өз құзыретi шегіндe тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;
      7) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға – «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртіппен;
      8) салымшының (алушының) өкілдеріне – нотариат куәландырған сенiмхат немесе сот шешімінің негiзiнде;
      9) Орталыққа – мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын қалыптастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті кәсіптік жарналарының зейнетақы төлемдеріне алушының құқық алу сәтіне инфляция деңгейін есепке ала отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуын есептеу үшiн;
      10) орталық атқарушы органға – салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
      11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға;
      12) алушының не нотариат куәландырған сенімхат немесе сот шешімінің негізінде оның өкілінің өтініші негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына берiлуi мүмкiн.
      5. Алушының жеке зейнетақы шотының болуы, олардағы ақша қалдықтары мен қозғалыстары туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда жазбаша сұрау бойынша өсиетте аталған адамдарға, олардың қарауындағы мұрагерлік iстер бойынша ұйғарым негізiнде соттарға берiледi.
      6. Жеке зейнетақы шотының болуы және ондағы ақша туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда олардың қарауындағы мұрагерлiк iстер бойынша нотариат кеңселерiнe, жеке нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге беріледi.

      58-бап. Уәкілетті орган қолданатын ықпал етудің шектеулі шаралары және санкциялар

      1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығын тапқан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздіктері анықталған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ықпал жасаудың мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:
      1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;
      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы акционерлер алдында мәселе қоюға;
      3) міндеттеме-хатты ұсыну туралы талап жіберуге;
      4) міндетті түрде қол қойылуға тиіс жазбаша келісім жасасуға құқылы.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттеме-хатында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды мойындау фактісі, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басшылығының оларды қатаң белгіленген мерзімде жою және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды болдырмау жөнінде кепілдігі қамтылуға тиіс.
      3. Жазбаша келісім Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы және осы бұзушылықтарды жою жөнінде бірінші кезектегі шараларды бекіту жөнінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкілетті орган арасында жасалады.
      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттеме-хаттың, жазбаша келісімнің немесе жазбаша нұсқаманың осы құжатта көрсетілген мерзімде орындалғандығы жөнінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      5. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      6. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына оған бұрын қолданған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.
      7. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және өндіртіп алуға;
      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры лицензияларының қолданылуын тоқтата тұруға не одан айыруға;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде, сонымен бір уақытта бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 55-бабында көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
      8. Уәкілетті орган мынадай негіздердің кез келгені бойынша ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы:
      1) лицензия беруге болған негіздеме ақпараттың дәйексіздігі;
      2) лицензия берілген сәттен бастап ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің басталуын бір жылдан астам уақытқа кешіктіруі;
      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен шарттар бойынша міндеттемелерді жүйелі түрде (күнтізбелік соңғы он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайда) орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы;
      4) уәкілетті орган белгілеген нормативтерді және орындауға міндетті басқа да ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (күнтізбелік соңғы он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы;
      5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақылық қағидаларында және (немесе) инвестициялық декларациясында көзделген ережелерді жүйелі түрде (күнтізбелік соңғы он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайда) бұзуы;
      5-1) уәкілетті орган қолданған ықпал етудің шектеулі шараларының талаптарын орындамауы;
      5-2) уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімге қол қоюдан бас тартуы;
      6) жүргізілген аудит туралы аудиторлық ұйымдардың есебінде көрсетілген бұзушылықтарды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймауы;
      7) есептілік пен мәліметтер бермеу немесе қасақана дәйексіз есептілік пен мәліметтер беру;
      8) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзуы.
      9. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жаңа салымшыларды (алушыларды) тартуға тыйым салуға әкеп соғады.
      10. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы уәкілетті орган қабылдаған шешімді ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы күнтізбелік он күн ішінде салымшылар мен алушылардың назарына жеткізеді.
      11. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры лицензия қолданысын тоқтата тұрудың себептерін белгіленген мерзімде жоймаса, уәкілетті органға лицензиядан айыруы үшін негіз болып табылады.
      12. Өзіне қатысты уәкілетті орган ықпал етудің шектеулі шараларын немесе санкция қолданған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға, оның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Уәкілетті органның аталған шешімдеріне шағымдану, олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

8-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру тәртібі

59-бап. Сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері

      1. Осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарында және 31-бабының 1-тармағы 3) тармақшасында аталған адамдар сақтандыру ұйымымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасауға құқылы. Бұл ретте, сақтандыру ұйымынан төленетiн айлық сақтандыру төлемiнің мөлшері зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күнге ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.
      2. Осы Заңның 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасаған жағдайда зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар.
      Осы тармақта аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы төлейдi. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шарты айлық сақтандыру төлемiнің мөлшерi зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күнге ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмаған жағдайда жасалады.
      3. Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан өзінің зейнетақы жинақтарының елу пайызынан аспайтынын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгi мерзiмге зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар.
      Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі салымшыға (алушыға) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа келгенде белгіленген кесте бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.
      4. Осы Заңның 32-бабының 1-тармағы 1) тармақшасында аталған адамдардың міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасаған кезде ғана осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгі мерзiмге зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бap.
      5. Осы баптың 2, 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа келгенде белгіленген кесте бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.
      6. Сақтандыру төлемдерін сақтандыру ұйымы деректемелері зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілетін сақтанушының банктік шотына аударады.
      Сақтандыру төлемдерінің сомасын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      60-бап. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу

      1. Зейнетақы аннуитетiнiң үлгi шартын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
      2. Зейнетақы аннуитетi шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында осы Заң талаптарында айқындалған мерзiмге жасалады.
      3. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасушы адам сақтандыру ұйымын таңдауға ерiктi.
      4. Зейнетақы аннуитетi шарты алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде жасалады.
      5. Зейнетақы аннуитетi шарты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған сәттен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
      6. Зейнетақы аннуитетi шартын жасаған адамның оны жасасқан күннен бастап екi жыл ішінде бұзуға құқығы жоқ.
      Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитетi шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға болады. Зейнетақы аннуитетi шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда:
      онда көзделген сатып алу сомасы, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстары сомасы шегерiлiп төленген сақтандыру сыйлықақысы сомасынан кем болмауы керек;
      жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен айқындалған мөлшерден төмен болмайды.
      7. Егер осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарында, 31-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сомасынан асатын болса, аталған айырма салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде осы Заңда белгіленген тәртіппен төленеді не салымшы (алушы) басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін пайдаланады.

      61-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтанушының:
      1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есебімен танысуға;
      2) осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарында, 31-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 32-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы осы шарт бойынша сақтандыру сыйақысын төлеуге зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткіліксіз болса ерікті зейнетақы жарналары, сондай-ақ салымшының (алушының) ақшасы қолданылуы мүмкін;
      3) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есебін жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
      4) зейнетақы аннуитеті шарты жоғалған жағдайда оның көшірмесін алуға құқығы бар.
      2. Сақтанушы:
      1) зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осы шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
      2) зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасаған күннен бастап күнтiзбелік он күн iшiнде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитетi шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан бiржақты тәртiппен бас тартуға мiндеттi.
      3. Сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру сыйлықақысы сомасын бiр рет және толық көлемде алады.
      4. Сақтандыру ұйымы:
      1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есебімен таныстыруға;
      2) зейнетақы аннуитетi шартын үш данада ресiмдеуге мiндеттi, оның екеуі сақтанушыға берiледi;
      3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде зейнетақы аннуитетi шартында көрсетілген сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;
      4) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру төлемдерi уақытылы жүзеге асырылмаған кезде сақтанушыға кешiктiрiлген әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 пайызы мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;
      5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасыға не қайтыс болған адамды жерлеген адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ кемінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

      62-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударудың  тәртiбi

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мiндеттемелердің орындалуын кешiктiрген жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алушы алдында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.

      63-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемдерін есептеуді жүзеге асыру

      1. Сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемiн есептеуді уәкiлеттi орган белгiлеген әдiстемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсiз сарапшы жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша iс жүргiзуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері мерзімдік сақтандыру төлемдерін және сақтанушының қалауы бойынша біржолғы сақтандыру төлемін қамтиды.
      Мерзімдік сақтандыру төлемдері осы Заңның 60-бабының талаптарына сәйкес зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімі бойынша ай сайын, тоқсан сайын немесе өзге де тәртіппен, бірақ жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.
      Сақтандыру ұйымы бірінші мерзімдік сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
      4. Біржолғы сақтандыру төлемінің мөлшері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасына қарай, мынадай:
      1) егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 7 000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының он пайызынан аспайтын;
      2) егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 7 000 еселенген мөлшерінен асып кеткенімен, айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының жиырма пайызынан аспайтын;
      3) егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген мөлшерінен асып кетсе, сақтандыру сыйлықақысы сомасының отыз пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.
      Біржолғы сақтандыру төлемі бірінші зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде бір рет жүзеге асырылады.
      5. Зейнетақы аннуитеті шартын жасау жөніндегі делдалдық қызметтерді сақтандыру ұйымына осы сақтандыру ұйымымен еңбек шартын жасаған адам ғана көрсете алады.
      6. Сақтандыру ұйымы осы баптың 4-тармағында көзделген талаппен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшерін сақтандыру ұйымының біржолғы сақтандыру төлемін есепке алмастан есептейді.

9-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарын зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері

      64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы

      1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылғандардың:
      1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толғандардың;
      2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына, өз еркі бойынша және денсаулық жағдайына байланысты босатылғандардың;
      3) арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлерi, прапорщиктерi (мичмандары), құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлері, орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ әскери қызметтi келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына жетуiне, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты босатылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екi жылы мен алты айын әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында үздiксiз қызмет атқарған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
      2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алуға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде тағайындалады.
      3. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
      4. Әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тiркелген осы санаттағы адамдар үшiн әскери және құқық қорғау қызметтерiнде тұрудың тиiстi шектi жасына толуына байланысты еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

      65-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері

      1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері:
      1) осы Заңның 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға әскери қызмет өтілі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болғанда толық көлемде;
      2) осы Заңның 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдарға әскери қызмет өтілі, арнаулы мемлекеттік құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтін болса толық емес көлемде тағайындалады.
      2. Орталықтан толық көлемде төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың елу пайызы есебінен белгіленеді.
      3. Орталықтан толық емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдарының және еңбек өтілінің әр жылына шаққанда осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың екі пайызы есебінен белгіленеді.
      4. Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сiңiрген жылдарының әр жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың екi пайызына, еңбек өтілінің әр жылы үшiн бiр пайызына көбейтiледi. Жиырма бес жылдан астам жалпы еңбек өтiлiнiң әр жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың бiр пайызына көбейтiледi.
      5. Осы баптың 1 – 4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерiн осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың алпыс бес пайызынан асыруға болмайды. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарға айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерiн республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жүз төрт еселенген мөлшерiнен асыруға болмайды.

      66-бап. Еңбек сіңірген жылдарды есептеу

      Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен есептеп шығарылады.
      Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, күнтізбелік жылдар бойынша есептеледі.

      67-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай қаражаттың мөлшері

      1. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай қаражаттың мөлшері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күнге белгіленеді.
      2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери немесе қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай қаражаттың мөлшеріне лауазымдық жалақысы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені бойынша жалақысы (қосымша ақы) кіреді.
      3. Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай қаражаттың мөлшері соңғы қызмет атқарған жерінің тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасында расталады.

      68-бап. Зейнетақы төлемдерін тағайындау және оны жүзеге асыру мерзімдері

      1. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тағайындалған зейнетақы төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босатылған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.
      2. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тиісті қызметтерді қамтуға көзделген қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргізіледі.
      3. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға жеке зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдері зейнетақы шартына сәйкес жүргізіледі.
      4. Әскери қызметшілер, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті және прокуратураның, Кеден комитеті, Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын арнаулы мемлекеттік органдардың және прокуратура органдарының, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
      5. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.

      69-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі

      1. Әскери қызметшiлер, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақталып бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі бар әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы қызмет өтілі бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметтегi, құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі он жылға жетпейтiн әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн бюджет қаражаты есебiнен осы Заңның 67-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаттың жиырма пайызы мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.
      Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленедi.

      70-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен  қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар

      1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
      2. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтары, сыныптық шендері бар және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен осы Заңда айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.

      71-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы барларға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар

      1. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында бюджет қаражаты есебiнен төленедi.
      2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
      3. Осы Заңның 11-бабында белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiмен ауыстырылуы мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындаудың шарттары, тәртiбi және мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.

10-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

      72-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      73-бап. Өтпелі ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір ай ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құрады.
      2. Осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен кесте бойынша жүзеге асырылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша беру бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бұрынғы кастодиан-банктердің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, Орталық пен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті өкілдері қол қойған зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдап алу-тапсыру актілерімен рәсімделеді.
      Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге салымшылардың (алушылардың) алдында зейнетақы активтері бойынша берешегі бар жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдап алу-тапсыру актісіне қол қойылатын күнге дейін оны өтеуге міндетті.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы активтері мен міндеттемелерді берумен байланысты шығыстар жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған жинақтаушы зейнетақы қорының жылдық қаржылық есептілігіне аудитті зейнетақы активтерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бергенге дейін жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға ұсынады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудиторлық есебі аудитордың – орындаушының және аудиторлық ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігі туралы тәуелсіз пікірін және осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты есепке алуды жүргізу және есептіліктің жасалуы тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру нәтижелері туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
      3. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтері мен міндеттемелерді зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша беру аяқталғанға дейін:
      1) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын жинақтаушы зейнетақы қорларынан сақтандыру ұйымдарына аудару;
      2) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруді қоспағанда, кестеде айқындалған мерзімдерде бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тоқтатылады.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тартуға және уәкілетті орган берген зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензияның қолданысы зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне осы баптың 1-тармағында көрсетілген барлық уәкілетті өкілдер қол қойған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.
      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 2-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген салымшылармен (алушылармен) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған барлық зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша құқық иеленуші болып табылады.
      Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін салымшылардың (алушылардың) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасаған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына қайшы келмейтін бөліктерінде қолданылады.
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде зейнетақы активтері мен міндеттемелерді зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыруға;
      2) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензияның қолданысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей уәкілетті органға лицензиялардың бланкілерін қайтаруға міндетті.
      7. Осы бапта көзделген талаптарды жинақтаушы зейнетақы қорлары орындамаған жағдайда уәкілетті орган оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға құқылы.
      8. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар уәкілетті органға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға лицензияның бланкін қайтарғаннан кейін инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметі жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
      Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар келіп түскен сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.
      9. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырған ұйымдарға инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны уәкілетті орган осы баптың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде олар ұсынылған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде береді.
      9. Осы Заңның 39-бабының 3-тармағы мен 40-бабында белгіленген талаптар, зейнетақы жинақтары Заңның осы бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген салымшыларға қолданылмайды.
      10. Жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақымен қамсыздандырумен, жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастырумен, жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйлықақысымен, жинақтаушы зейнетақы қорының есебі мен есептілігімен, зейнетақы жинақтарының құпиясы және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарумен байланысты тараптардың бірі болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қорының құқықтық қатынастары жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының қолданысы тоқтатылған сәтке дейін өз қызметін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес реттеледі.
      11. Осы заңға сәйкес уәкілетті орган берген зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға лицензиясының қолданысы осы Заңға сәйкес тоқтатылатын, инвестициялық портфельді басқару лицензиясын алмаған жинақтаушы зейнетақы қорлары, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілген күнге мәжбүрлеп жою процесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес таратылуға тиіс.
      Тарату комиссиясын тағайындауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      74-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi

      1. Осы Заң бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылған күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 34-бабының 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 73-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 128-құжат; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2013 жылғы 6 ақпанда жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады