"Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 355 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Yкiметiнiң 29.09.2016 № 546 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 23 сәуiрдегi № 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 14, 189-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.";

      көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 355 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
№ 540 қаулысына
қосымша

Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның
құрамы

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
министрі, төраға

Нысанбаев
Ерлан Нұралыұлы

-

Қазақстан Республикасының Қоршаған
ортаны қорғау вице-министрі, төрағаның
орынбасары

Жаксалиев
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар вице-министрі,
төрағаның орынбасары

Жәкенов
Мұхтар Сейфоллаұлы

-

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің Су ресурстары
комитеті су ресурстарын пайдалану және
қорғау басқармасының бастығы, хатшы

Смайылов
Жанболат Амангелдіұлы

-

Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар вице-министрі

Әбсаттаров
Қайрат Бектайұлы

-

Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникация вице-министрі

Әбішев
Ислам Әлмаханұлы

-

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі Су ресурстары
комитетінің төрағасы

Әшімбетов
Нұржан Кемерұлы

-

Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Кошелев
Владимир Леонидович

-

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
орынбасары

Алпыспаев
Талғат Тұрсынұлы

-

"KEGOC" акционерлік қоғамының "Шығыс
өңіраралық электр желілері" филиалының
директоры (келісім бойынша)

Курий
Юлия Анатольевна

-

"AES Өскемен гидроэлектрстанциясы"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
және "AES Шүлбі гидроэлектрстанциясы"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің атқарушы директоры
(келісім бойынша)

Свамбаев
Рысқан Тиышпекұлы

-

Болат Нұржанов атындағы "Екібастұз
МАЭС-1" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бас директоры
(келісім бойынша)

Әженов
Әлімуәлет Абзалұлы

-

"Ұлы Ертіс-Великий Иртыш" су
пайдаланушылары қауымдастығының
төрағасы (келісім бойынша)

Белов
Владимир Александрович

-

"Екібастұз МАЭС-2 станциясы"
акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)

Коблов
Сергей Михайлович

-

"Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің Бұқтырма
гидроэнергетикалық кешенінің директоры
(келісім бойынша)

Сыздықов
Қанат Тұрлыбекұлы

-

"Ертіс" су пайдаланушылар және су
тұтынушылар қауымдастығының президенті
(келісім бойынша)

Лавриненко
Юрий Иванович

-

"KAZLOGISTIKS" көліктік-логистикалық
қауымдастығы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады