Байланыс формасы

"Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 369 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансына берсін.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 15 шілдедегі № 1286-р өкімі;
      2) «Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 651 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 270-құжат).
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 16 сәуірдегі
№ 369 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Жекешелендіру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 65 қаулысында:
      «Жекешелендіруге жатпайтын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт жүйесі объектілерінің тізбесі» деген 9-қосымшада:
      реттік нөмірі 87-жол алынып тасталсын.
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері және үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Алматы қаласы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 123-102-жол алынып тасталсын.
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 224-27-жол алынып тасталсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      5. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 563 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 23, 293-құжат):
      1-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      7. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 316-құжат):
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдар тізбесі» деген қосымшада:
      «Өзге де ұйымдар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады