Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң "Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң "Достық үйi - Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1081 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1081 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi – Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – кәсiпорын) таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – мекеме) құрылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, таратылатын кәсiпорын кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүліктi мекемеге берудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Мекеменi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асыратыны белгiленсiн.
      5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      6. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің «Достық үйі – Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1313 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 50, 544-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 403 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      3. «Республикалық мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жалпымемлекеттiк мiндеттердi орындау үшiн қажеттi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлiмдегi 25-тармақ алынып тасталсын.
      4. «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
      1-бөлімде:
      мына:

      «

1.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:

1153


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:

984

                                                                    »

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

1.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:

1190,5


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:

1021,5

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «


Достық үйi - Этносаралық қатынастар орталығы

37,5

                                                                   ».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады