Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 413 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.  

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақтың 2) тармақшасында:
      мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;»;
      қырық сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;»;
      елу жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіру;».
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады