Газды қайтару жөніндегі мәміленің бағаларын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 420 қаулысы

      «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 7 қаңтардағы Табиғи газды қарызға алу туралы келісімге сәйкес «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамының уәкілетті ұйымы арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы 2013 жылы газды экспортқа өткізу кезінде 2011 жылғы қараша – 2013 жылғы сәуірде пайдаланылған және «АлматыГазТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген газды «Азиялық Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайтару мақсатында Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен жабдықтау үшін Орта Азиялық газының бірдей көлемін:
      1) 300 000 000 текше метрге дейінгі көлемдегі түркімен газын Қарашығанақ кен орнының өңделген газына қарсы жеткізу жолымен Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін әкелместен, «Түркіменстан – Қытай» магистральдық газ құбырының «Багтыярлык» газ өлшеу станциясында өлшей отырып, Түркіменстан/Өзбекстан шекарасында – 1000 текше метрі үшін 105 АҚШ доллары;
      2) 1 336 000 000 текше метрге дейінгі көлемдегі өзбек газын Қарашығанақ кен орнының өңделген газына қарсы жеткізу жолымен Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін әкелместен, «Түркіменстан – Қытай» магистральдық газ құбырының «Баймұрат» газ өлшеу станциясында өлшей отырып, Өзбекстан/Қазақстан шекарасында – 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары болып белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.10.2013 № 1150 қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады