"Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 431 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 756 қаулысымен.

      "Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 431 қаулысы бойынша пресс-релиз

      2013 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен "Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан әрі -қаулы) қол қойылды.

      Қаулы кәсіпкерлікті қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер ҚР Өңірлік даму министрлігіне берілгеніне байланысты әзірленді.

      Осыған орай, қаулымен жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескере отырып Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі - ВАК-ның құрамы) құрамының жаңа редакциясы жазылған.

      Осылайша, ВАК-ның құрамы Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрімен толықтырылды.

      Қаулыны қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражат шығындарын талап етпейді, қандай да бір теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды және әкімшілік кедергілерді азайтуға ықпал жасайтын болады.

      Қазақстан Республикасының

      Өңірлік даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз