"Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 447 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 368 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.06.2020 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 203-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесінде:

      "Электротехникалық, радиотехникалық, электронды бұйымдар" деген 4-бөлімде:

      "КО СЭҚ ТН коды" деген бағанда:

      мына:

      "8516 40 Электр өтектер"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "8516 40 000 0 Электр үтіктер";

      мына:

      "8516 31 Электр шаш кептіргіштер (фендер)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "8516 31 000 0 Шаш кептіргіштер (фендер)";

      "9504 30 200 0" деген сандар "9504 30 200" деген сандармен ауыстырылсын";

      "Мемлекеттік құпияларды және қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қорғаудың, өңдеудің, сақтаудың және берудің техникалық құралдары, сондай-ақ арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін қамтамасыз етуге арналған аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдарды қамтитын телекоммуникация желілерінің жабдығы" деген 6-бөлімде:

      "КО СЭҚ ТН коды" деген бағанда:

      "8517 62 000 1-ден" деген жол алынып тасталсын;

      "Адамның терісімен, тамақпен және сумен жанасатын халық тұтынатын тауарлар" деген 9-бөлімде:

      "КО СЭҚ ТН коды" деген бағанда:

      "9619 0 110 0" деген сандар "9619 00 110 0" деген сандармен ауыстырылсын;

      "969 00 190 0," деген сандар "9619 00 190 0" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Ықтимал қауіпті өндірістерге арналған бұйымдар" деген 21-бөлімде:

      "КО СЭҚ ТН коды" деген бағанда:

      "7304 29 100 4" деген сандар алынып тасталсын;

      "7304 39 300 0" деген сандар алынып тасталсын;

      "8425 31 000 0" деген сандар "8425 31 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      "8419 50 000 0" деген сандар "8419 50 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Темір жол саласының өнімдері" деген 22-бөлімде:

      "КО СЭҚ ТН коды" деген бағанда:

      "8607 19 0 10" деген сандар "8607 19 100" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген сәйкестік туралы декларациямен сәйкестігін растауға рұқсат етілетін өнімдердің тізбесінде:

      "Медициналық бұйымдар" деген 2-бөлім алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады