"Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 630 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 511 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 630 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Комиссияның жұмыс органы болып табылады»;
      2) көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 22 мамырдағы
№ 511 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 630 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын
әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға

Нокин
Серік Кеңесұлы

-

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі, төрағаның орынбасары

Дембай
Салауат Маханбетұлы

-

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің директоры, хатшы

Ақпомбаев
Иманжүсіп Латкенұлы

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

Егемберді
Ерғали Қуандықұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Нысанбаев
Ерлан Нұралыұлы

-

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

Жақсалиев
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

-

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Қырықбаев
Арман Оразбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

Смайылов
Жанболат Амангелдіұлы

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

Толыбаев
Марат Еркінұлы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Толымбаев
Берік Зиябекұлы

-

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі

Төкежанов
Болат Тұрғанұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Тұрғымбаев
Ерлан Заманбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Ашуев
Айдын Жұмабекұлы

-

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары

Омаров
Мұрат Ескелдіұлы

-

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады