"Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысы.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.

      2. "Бәйтерек" холдингі қызметінің негізгі мәні өзіне меншік құқығымен тиесілі және сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акциялар пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) басқару, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тиімді басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру болып айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 952 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар

      министрлігіне құрылатын қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 86550000 (сексен алты миллион бес жүз елу мың) теңге бөлінсін.

      4. Қоса беріліп отырған:

      1) акцияларының мемлекеттік пакеттері қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.

      6. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының жүз пайыз пакетіне, "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысудың жүз пайыз үлесіне және осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының пакетіне айырбас ретінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" (бұдан әрі – Қор) акционерлік қоғамының меншігіне берілсін.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, қоғамның жарғысын әзірлеу мен бекітуді, оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының пакеттері республикалық меншікке қабылданғаннан кейін оларды қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге беруді;

      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен;

      4) қоғам, "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берудi;

      5) "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттiк қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берудi;

      6) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевті қоғамның басқарма төрағасы етіп тағайындауды;

      7) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар, Денсаулық сақтау министрліктерімен және Қормен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      7-1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес құрамда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін сайлауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Қаулы 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2016 № 294 қаулыларымен.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысымен
бекiтiлген

Акцияларының мемлекеттік пакеттері "Бәйтерек" ұлттық басқарушы
холдингі" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын
төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2021 № 958 қаулысымен.

Р/с

Атауы

Акцияларының мемлекеттік пакеті

1

2

3

1.

"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы

100 %

2.

"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы

100 %

3.

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" акционерлік қоғамы

98,60186962 %

4.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2021 № 958 қаулысымен.

5.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2021 № 958 қаулысымен.

6.

"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы

100 %

7.

"Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы

100 %

8.

"ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы

100 %

9.

"Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы

100 %

10.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

100 %

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
1-қосымша

Акцияларының мемлекеттік пакеттері "Бәйтерек" ұлттық басқарушы
холдингі" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын
төлеуге берілетін акционерлік қоғамдар

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.09.2020 № 557; 29.12.2021 № 958 қаулыларымен.

Р/с

Атауы

Акцияларының мемлекеттік пакеті

1

2

3

1.

"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы

100 %

2.

"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы

100 %

3.

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" акционерлік қоғамы

98,60186962 %

4.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2021 № 958 қаулысымен.

5.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.09.2020 № 557 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
2-қосымша

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының
меншігіне берілетін республикалық мүлік

Р/с

Мүліктің атауы

1

2

1.

1997 жылғы 14 маусымдағы Ішкі және халықаралық газ тасымалдау жүйелерінің және шаруашылық қызметінің концессиясы шартын бұзу нәтижесінде алынған газ тасымалдау жүйесінің активтері

2.

Үштаған, Шөлтөбе, Бейнеу кенттерінде "Кавказ-15" АГТС-ке тартылған жоғары қысымды газ құбырлары және Сай-Өтес және Тәжен кенттерінде "Кавказ-10" АГТС-ке тартылған жоғары қысымды газ құбырлары

3.

Ресей Федерациясының Алтай аймағы мен Орынбор облысы аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын теміржол көлігінің объектілері және өзге мүлік

4.

Қазақстан Республикасының аумағында:
1) мемлекеттік шекара – Никельтау бекеті (Орск – Никельтау желісі) учаскесінде;
2) мемлекеттік шекара – Тобыл бекеті (Тобыл – Қарталы желісі) учаскесінде;
3) мемлекеттік шекара – Пресногорьков бекеті (Новоишимск - Утяк желісі) учаскесінде;
4) Петропавл станциясы (тек қана) – № 7 блок бекеті (Петропавл – Көкшетау желісі) учаскесінде орналасқан теміржол көлігінің объектілері және өзге мүлік

5.

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қайсенов көшесі 121 мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 71,20 шаршы метр гараж

6.

Бұру ұзындығы 17 771 м. (ӘЖ-10 кВ – 14676 м. электр желілері) магистральды газ құбыры және Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Аққайтым кентіндегі АГТС (АГТСм – 1 дана) операторлары үшін екі пәтерлі тұрғын үй

7.

Батыс Қазақстан облысындағы "Қарашығанақ-Орал" магистральды жоғары қысымды газ құбыры

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
3-қосымша

Акцияларының пакеттері республикалық меншікке қабылданғаннан
кейін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік
қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін
акционерлік қоғамдар

Р/с

Атауы

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі акциялар пакеті

1

2

3

1.

"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы

100 %

2.

"Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы

100 %

3.

"ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы

100 %

4.

"Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы

100 %

5.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

100 %

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
4-қосымша

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының
директорлар кеңесінің құрамына сайланатын Қазақстан
Республикасы Үкіметінің мүшелері

      Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
5-қосымша

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

      Ескерту. Қаулы 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.05.2022 № 314 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2022 № 737; 27.09.2023 № 838; 28.02.2024 № 131 қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-158, 21-159, 21-160-жолдармен толықтырылсын:

      "21-158. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ

      21-159. "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ

      21-160. "СК-Фармация" ЖШС".

      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-10-жолмен толықтырылсын:

      "227-10. "СК-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 237-50, 237-51-жолдармен толықтырылсын:

      "237-50. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

      237-51. "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2022 № 1028 қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.11.2022 № 935 қаулысымен.

      8. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 6 сәуiрдегi № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық басқарушы холдингтер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

      "3. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы".

      9. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.10.2018 № 656 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады