Бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 624 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 624 қаулысымен   
бекітілген      

Бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін
мемлекеттік қызметтердің тізбесі

Р/с

Бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу өлшемдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Орталық мемлекеттік орган

1

2

3

4

1.

Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

ІІМ

Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару

ІІМ

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру

ІІМ

2.

Қазақстан Республикасының тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою

Еңбекмині

Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру

Еңбекмині

3.

Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу және патент беру

Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі

Қаржымині

Дара кәсіпкерлерге патент беру**

Қаржымині

4.

Бала туу

Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Әділетмині

Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау

Еңбекмині

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

БҒМ

      Ескертпе:
      ** мемлекеттік қызмет патент құны есебін ұсыну кезінде көрсетіледі (өтінішсіз)

      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Әділетмині   - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      БҒМ          - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                     министрлігі
      Еңбекмині    - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                     әлеуметтік қорғау министрлігі
      Қаржымині    - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ІІМ          — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады