Мемлекеттiк мүлiктi республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне берудiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 639 қаулысы

      «Мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Алматы қаласы әкiмiнiң «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi» мемлекеттiк мекемесінің балансындағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу» жобалау-сметалық құжаттамасын республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiмен және Алматы қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi қабылдау-тапсыру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 20 маусымдағы
№ 639 қаулысына    
қосымша        

Республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне
берiлетiн мемлекеттiк мүлiктiң тiзбесi

Р/с

Мүлiктiң атауы

Көлемі

Баланстық құны

1

2

3

4

1.

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу» жобалау-сметалық құжаттамасы

4103 бет

250 000 000
(екі жүз елу миллион) теңге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады