Байланыс формасы

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің корпоративтік басқару стандарттарын енгізу және Кеден одағы шеңберінде инвестициялық бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі кешенді жұмыс жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 643 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 103 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің корпоративтік басқару стандарттарын енгізу және Кеден одағы шеңберінде инвестициялық бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі кешенді жұмыс жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
      1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) жыл қорытындысы бойынша 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1092 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1092 қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жыл қорытындысы бойынша 1 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1092 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 643 қаулысымен   
бекітілген      

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің
корпоративтік басқару стандарттарын енгізу және Кеден одағы
шеңберінде инвестициялық бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту
жөніндегі кешенді жұмыс жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1092 қаулысымен.

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжанатын шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1-бағыт.
Корпоративтік басқару мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарға корпоративтік басқаруды енгізу

1.

ЕҚДБ тарапынан корпоративтік басқару реформасын және құқықтық аспектілер бойынша техникалық көмекті жүзеге асыруға жәрдемдесу (өтеусіз негізде) жөніндегі жобаны қаржыландыру мәселесі шешілгеннен кейін Қазақстан Республикасының корпоративтік басқару мәселелері жөнінде заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жұмыс тобын құру

Жұмыс тобын құру туралы ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы
қыркүйек

талап етілмейді

2.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК хаттамасы

ҰБ (келісім бойынша),
ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині

2015 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

3.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 17 мамырдағы № 86 бұйрығымен бекітілген Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар үшін корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ҰЭМ бұйрығы

ҰЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша),
«КАZNЕХ INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2016 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

4.

«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқаруды бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасын әзірлеу және бекіту

ҰЭМ
бұйрығы

ҰЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»
АҚ (келісім бойынша

2016 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

5.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқаруды енгізуге мониторинг жүргізу

Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне
мониторинг
бойынша
есеп

ҰЭМ

2016 жылдан бастап жыл сайын, 25 желтоқсанға қарай

талап етілмейді

2-бағыт:
Инвестициялық ахуалдың тартымдылығын арттыру

6.

Инвестициялық қызмет субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу процесіне қатысушылардың тобын кеңейту, оның ішінде шетелдік инвесторлармен және мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерімен консультациялар жүргізу тетіктерін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, ӨДМ, ИЖТМ, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

7.

Экономиканың басым салаларына инвесторлар үшін заңнаманың өзгеруінен кепілдіктер беру мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, ИЖТМ, Әділетмині, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

8.

Нормативтік құқықтық актілерді өзгерту жөніндегі жоспарларға, қабылданған заңнамалық жаңалықтарға, сондай-ақ тиісті мамандандырылған веб-сайттарда және мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің интернет-ресурстарында ақысыз негізде ағылшын тілінде инвесторлардың мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының барлық заңнамалық және заңға тәуелді актілерін жариялауға қатысты ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, ИЖТМ, СІМ, Әділетмині, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

9.

Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының және Ресей Федерациясының инвестициялық саясатына, оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларына және бағдарламалық құжаттарына салыстырмалы талдау жүргізу

ҰЭМ-ге
ақпарат

ИДМ

2016 жылғы
наурыз

талап етілмейді

10.

Қазақстанның жүргізіліп отырған инвестициялық саясаты шеңберінде Кеден одағы мен Бірыңғай мүмкіндіктерін талдау және қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін осы әлеуетті барынша пайдалану бойынша шаралар әзірлеу

ҰЭМ-ге
ақпарат

ИДМ, ӨЭМ

2016 жылғы
наурыз

талап етілмейді

11.

Қолданыстағы және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасында көзделген алып тастауларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, ККМ, ИЖТМ, Әділетмині, Қаржыминi, МГМ, Еңбекминi, ӨДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ұйымдар, холдингтер

2014 жылғы
маусым

талап етілмейді

3-бағыт:
Шетелдік инвесторлардың халықаралық коммерциялық төрелікке қолжетімділігін кеңейту

12.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетелдік инвесторлардың халықаралық коммерциялық төрелікке қолжетімділігін кеңейту мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, Әділетмині, СІМ

2013 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

4-бағыт:
Қызметтердегі, тауарлар мен жұмыс күшіндегі жергілікті қамтуға қойылатын талаптардың икемділігін және шынайылығын қамтамасыз ету

13.

Инвесторлардың қатысуымен және тікелей шетелдік инвестицияларды тарта отырып, шағын және орта бизнестің даму мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, ӨДМ, ИЖТМ, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

2013 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

5-бағыт:
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін кеңейту бөлігінде МЖӘ дамыту

14.

Көлік, денсаулық сақтау, білім және ғылым, сумен жабдықтау салаларында МЖӘ «пилоттық» жобаларын енгізу мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, БҒМ, ККМ, ДСМ, ӨДМ

2014 жылғы
маусым

талап етілмейді

6-бағыт:
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау

15.

Зияткерлік меншікті сақтау, қорғау және дамыту саласында заңнаманы жетілдірудің Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартудағы ықпалына талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, Әділетмині

2014 жылғы
маусым

талап етілмейді

16.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне Заң жобасын енгізу

Әділетмині

2013 жылғы
қыркүйек

талап етілмейді

7-бағыт:
Бизнесті жауапты жүргізу тәжірибесін дамыту

17.

«Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы» ЭЫДҰ Декларациясына Қазақстан Республикасының қосылуы мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, Әділетмині, СІМ, ИЖТМ

2013 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

18.

Ұлттық байланыс орталығы жұмыс органының қызметін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2013 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

19.

Инвесторлар қызметінің экологиялық және басқа қаржылық емес көрсеткіштеріне ақпаратты ашу бойынша қойылатын талаптарды тарату мүмкіндігін, атап айтқанда, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және эмитент-компаниялардың қоршаған ортаны қорғау, еңбек қатынастары заңнамасын сақтау туралы, сондай-ақ іске асырылатын бизнесті жауапты жүргізу саясатына қатысты ақпаратты жариялау бойынша міндеттемелеріне толықтырулар енгізу арқылы зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, Әділетмині, Еңбекмині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

20.

Бизнесті жауапты жүргізу тәжірибесін дамытудың негізгі тәсілдерін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы
маусым

талап етілмейді

8-бағыт:
Шетелдік инвесторлардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ресурстарына қолжетімділігін кеңейту

21.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдік инвесторларға жалға берудің ең ұзақ мерзімін ұлғайту мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, ӨДМ, Қоршағанортамині, АШМ

2013 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

9-бағыт:
Сауда саясатын ырықтандыру

22.

Экспорттық-импорттық операциялар кезінде талап етілетін құжаттардың тізімін қысқарту және олардың құнын төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, Қаржымині

2014 жылғы
маусым

талап етілмейді

23.

Кеден шекарасы қиылысатын жерлерде мемлекеттік бақылау түрлерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, Қаржымині, АШМ

2014 жылғы
маусым

талап етілмейді

24.

Кедендік деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесін, оның ішінде электрондық декларациялау жүйесін енгізуді қамтамасыз ету, ағылшын тілінде нұсқаулықтың болуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, Қаржымині

2014 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

25.

Сыртқы сауда саласында экспорттық-импорттық операциялар шеңберінде «Бірыңғай электрондық терезе» жүйесін енгізуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, Қаржымині

2014 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

10-бағыт:
Шетелдік инвесторларға әкімшілік және сыбайлас жемқорлық жүктемесін төмендету үшін жағдайлар жасау, шетелдік инвесторлардың ұлттық нарыққа шығуын неғұрлым тиімді сүйемелдеуді қамтамасыз ету

26.

Әкімшілік жүктемені төмендету және тиісті біліктілігі бар шетелдік мамандар үшін шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жеңілдету мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, Еңбекмині, ӨДМ, ИЖТМ, Әділетмині

2013 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

27.

http://www.invest.gov.kz веб-сайтында басым салаларда рұқсаттар алу (оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға) рәсімдері жөнінде өзекті егжей-тегжейлі ақпараттың болуын қамтамасыз ету

ИЖТМ-ге ақпарат

Еңбекмині, СІМ, ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылға дейін тоқсан сайынғы негізде

талап етілмейді

28.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстанның ЭЫДҰ Стамбул жоспары ұсынымдарын орындауын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭСЖКА (келісім бойынша), ЭБЖМ, Әділетмині, Қаржымині, ӨДМ, МГМ, ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), МҚӘА (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша), ОСК (келісім бойынша)

2014 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

11-бағыт:
Инвестициялар үшін салық және кеден режимін жақсарту

29.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын (Қазақстан Республикасының Салық кодексі, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) халықаралық тәжірибені ескере отырып, экономиканың басым секторларына (өңдеу өнеркәсібі) инвесторлар үшін инвестициялық артықшылықтардың түрлерімен толықтырудың орындылығын зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, ИЖТМ, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы
маусым

талап етілмейді

12-бағыт:
Мемлекеттің экономикадағы қатысуын және экономиканың жеке секторларында (телекоммуникация, БАҚ, банк секторы, көлік) шетелдік инвесторлар үшін кедергілерді азайту

30.

Барлық мемлекеттік кәсіпорындарға талдау жүргізу және жеке секторға беру үшін компаниялар тізбесін айқындау арқылы мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірудің жаңа кезеңін жүргізудің орындылығын зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы
маусым

талап етілмейді

31.

Мемлекеттің қатысу үлесі бақылау пакетінен аз болған кезде бағалы қағаздарға тұрақты қосымша эмиссия жүргізуді, сондай-ақ мемлекеттің мажоритарлы қатысуы кезінде акциялар пакетін сатудың орындылығын зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы
маусым

талап етілмейді

32.

Мемлекет 50 %-дан артық қатысатын компанияларға жеке кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға шектеу енгізудің орындылығын зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, мүдделі МО, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы
маусым

талап етілмейді

33.

Мемлекеттің компания капиталына ықтимал қатысу рәсімдері мен нақты шарттар тізбесін айқындай отырып, «Мемлекет меншігіне алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің орындылығын зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы
маусым

талап етілмейді

34.

Әлеуетті сатып алушыларға мемлекет қатысатын қандай да бір кәсіпорынды жекешелендірудің болжамды жоспарына енгізу туралы мәселені қарауға бастамашылық ету құқығын беруді болжайтын жекешелендірудің өтінімдік қағидатын енгізудің орындылығын зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы
маусым

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЭСЖКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы)
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
      МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі
      Қоршағанортаминi – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      Еңбекминi – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Қаржыминi – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
      ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
      ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
      «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ – «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы
      МЖӘ – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
      ЕҚДБ – Еуропа Қайта құру және Даму банкі
      «Атамекен» одағы» ҚҰЭП - «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы
      ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады