Жеңіл дистилляттар мен өнімдерді, керосинді, газойлдер мен басқа да мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 652 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен жасалатын сыртқы сауданы қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес, мұнай өнімдерінің ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде арнайы бензиндерді (КО СЭҚ ТН коды 2710 12 210 0 - 2710 12 250 0), жеңіл дистиляттар (октандық саны 80-нен аспайтын мотор бензиндеріне арналған КО СЭҚ ТН коды 2710 12 410 0) мен тұрмыстық пеш отынын (КО СЭҚ ТН коды 2710 12 410 0) қоспағанда, жеңiл дистилляттар мен өнiмдердi (КО СЭҚ ТН коды 2710 12), керосиндi (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0 - 2710 19 250 0), газойлдерді (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 420 0 - 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 - 2710 20 190 0) және басқа да мұнай өнiмдерiн (КО СЭҚ ТН коды 2710 20 900 0) әкетуге тыйым салынсын.
      2. Мерзімі 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін дистилляттарды әкетуге қатысты сандық шектеулер 100000 тонна (октандық саны 80-нен аспайтын мотор бензиндеріне арналған КО СЭҚ ТН коды 2710 12 410 0 (зерттеу тәсілі бойынша) көлемінде белгіленсін.
      Осы қаулыға қосымшаға сәйкес (октандық саны 80-нен аспайтын мотор бензиндеріне арналған КО СЭҚ ТН коды 2710 12 410 0) жеңіл дистиляттарды әкетуге квота бөлінсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен келісім бойынша бекітілген қосымшаға сәйкес лицензиялар беруді жүзеге асырсын;
      2) Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шараларды қолдануы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін және ұсыныстарды оның қарауына енгізсін.
      6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күннің ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.
      7. Осы қаулы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 1 шілдедегі
№ 652 қаулысына   
қосымша       

Жеңіл дистилляттарды әкетуге арналған квоталарды бөлу

Р/с

Атауы

Көлемі, тонна

1

2

3

1

«ҚазМұнайГаз – Қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамы

100000

Жиыны:

100000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады