"Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 657 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:
      12 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi - iссапар) қызметкердiң орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау үшiн, сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыруға және қайта даярлануға белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады.
      Мемлекеттiк мекеменiң құрамына кiретiн бөлiмшелер басқа елдi мекенде орналасқан жағдайда жұмысы жеке еңбек шартымен (осы мемлекеттiк мекеменiң бұйрығымен) негізделген құрылымдық бөлiмше тұрақты жұмыс орны болып саналады.
      2. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi бұйрықтың (өкiмнiң) негiзiнде баратын жерi мен мекеменiң атауын, iссапардың мерзiмi мен мақсатын көрсете отырып, орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда - осы мемлекеттiк мекемелердiң басшылары жүргiзедi. Iссапарға жiберiлген қызметкерге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы қол қойған iссапар куәлiгi берiледi.
      3. Қызметкерлер іссапарының мерзiмiн орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекемелердiң басшылары анықтайды, алайда ол, жолда жүру уақытын есептемегенде, 40 күннен (біліктіліктің кәсіби деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда, сондай-ақ егер іссапар жедел-іздестіру қызметіне байланысты болса) аспауы тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк жағдайында iссапар мерзiмi орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - осы мемлекеттiк мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Жергiлiктi жерге iссапарға жiберiлген кезде, одан iссапарға жiберiлген қызметкердiң тұрғылықты жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болса, мынадай тәртiппен шығыстар өтеледi:
      1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда растаушы құжаттарды көрсеткен кезде осы Ереженiң 9-тармағында көзделген мөлшерде тұрғын үй-жайды жалдау туралы, тәулiкақы және көлiктiк шығыстар өтеледi;
      2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрғылықты жерiне күн сайын қайтып келсе, онда жол жүру билеттерi болған кезде тәулiкақыны (тәулiкақының орнына үстемеақы) төлемей, тек қана көлiктiк шығыстар өтеледi.
      Қызметкер күн сайын iссапар орнынан тұрғылықты жерiне қайтып келуi мәселесiн әрбiр нақты жағдайда қашықтықтың ұзақтығын, көлiк қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға жiберiлетін адам жұмыс iстейтiн орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекеменiң басшысы шешедi.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады