Қорғаныс мұқтажы үшiн жер учаскелерін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 775 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3) тармақшасына және 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жер учаскелері елді мекен жерлері санатынан қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қарағанды аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қарағанды аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданы 43,96 гектар жайылым түріндегі ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
      3. Қарағанды облысының әкімі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     C. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 тамыздағы
№ 775 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қарағанды
аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне
елді мекен жерлері санатынан тұрақты жер пайдалану құқығында
берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Р/с

Берілетін жер учаскесінің жер санаты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы ауданы, гектар

Оның ішінде:

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

ауыл шаруашылығы алқаптары (жайылым)

басқа

1

2

3

4

5

6

7

1.

Саран қаласы Ақтас кенті елді мекендерінің жерлері

Қарағанды облысы, Саран қаласы, Ақтас кенті

7,6380

-

7,6380

44803 «в» әскери бөлімі № 1 әскери қалашығының мүліктік кешенін пайдалану және оған қызмет көрсету үшін

2.

Саран қаласы Ақтас кенті елді мекендерінің жерлері

Қарағанды облысы, Саран қаласы, Ақтас кенті

0,0236

0,0120

0,0116

«Ақтас-Бытовая» ҚС-тен 22750 әскери бөліміне дейін ЭБЖ-10 кВ объектісінің құрылысы және оған қызмет көрсету үшін

3.

Жезқазған қаласы елді мекендерінің жерлері

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

44,65

43,95

0,7

01740 әскери бөлімінің № 1 әскери қалашығын пайдалану және оған қызмет көрсету үшін


Барлығы:

52,31

43,96

8,35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады