Байланыс формасы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.03.2015 № 119 қаулысымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 3 тамыздағы
№ 779 қаулысымен  
бекітілген     

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
      2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;
      5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган
(бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
      3. Тізілімді жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді анықтау және тізілімге енгізу болып табылады.
      4. Тізілімді жүргізу мақсаттары:
      1) көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру;
      2) көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді есепке алу және талдау.
      5. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді.

2. Тізілімді жүргізу тәртібі

      6. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;
      2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
      3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;
      4) тізілімге оның мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) тұрғысынан мониторинг жүргізу;
      5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту).
      7. Тізілімге енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыруға бағдарланған болуы;
      2) дара тәртіппен жүзеге асырылуы;
      3) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша жүзеге асырылуы;
      4) көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағдарлануы.
      8. Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
      9. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда жыл сайын, 1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      10. Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:
      1) тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге жыл сайын түгендеу жүргізеді;
      2) 1 маусымнан және 1 қарашадан кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныстар береді.

3. Тізілімнің құрылымы

      11. Тізілім:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
      2) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті (жеке және (немесе) заңды тұлға); мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын; көрсетілетін қызметті берушінің атауын;
      3) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауын және/немесе мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетілген жағдайда, «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсетуді;
      4) мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;
      5) мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуын көздейді.
      12. Тізілім сыныптамасы:
      1) қоғамдық қатынастар саласына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін бөлімдерден;
      2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін кіші бөлімдерден;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлерінен тұрады.
      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейдегі кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгілер түріндегі сегізмәнді жеке сыныпталған код беріледі.
      Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:
      1) бірінші бөлік – 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласындағы бөлімді білдіреді;
      2) екінші бөлік – 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;
      3) үшінші бөлік – 3 цифрдан тұрады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші бөлім ішіндегі реттік нөмірін білдіреді.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке сыныпталған кодты уәкілетті орган береді.
      15. Тізілім сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
тізілімін жүргізу қағидаларына  
1-қосымша              

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және
(немесе) толықтырулар енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін
қызмет туралы мәліметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Көрсетілетін қызметті алушылардың санаты

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Өтініштерді қабылдауды және ресімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын ұйымдар

1

2

3

4

5

6

























      кестенің жалғасы

Ақылы болуы

оның ішінде:

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Ескертпе (тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негізі)

құқықтық негізі

төлем мөлшері

7

8

9

10

11

12

























Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
тізілімін жүргізу қағидаларына   
2-қосымша             

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы

      Ескерту. 2-қосымшаға орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Үкіметінің 27.05.2014 № 553 қаулысымен.

Бөлім


Кіші бөлім



Атауы

001


Құжаттау


00101

Жеке басын және мәртебесін куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды алу


00102

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес құқықтарды қамтамасыз ететін құжаттарды алу

002


Жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу


00201

Жеке тұлғалардың мәртебесін, тұрғылықты жерін, Т.А.Ә. және басқа деректерін тіркеу/ауыстыру


00202

Шетелде болу


00203

Қазақстан Республикасына келу

003


Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу


00301

Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу

004


Отбасы және балалар


00401

Отбасы құру


00402

Туу, қамқоршылық және бала тәрбиелеу


00403

Бала үшін білім және бос уақыт


00404

Баланы асырап-бағу және қамтамасыз ету

005


Мүлік және зияткерлік меншік құқығы


00501

Жылжымалы мүлік


00502

Жылжымайтын мүлік


00503

Зияткерлік меншік


00504

Мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

006


Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау


00601

Медициналық көмек


00602

Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


00603

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы


00604

Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

007


Еңбек және әлеуметтік қорғау


00701

Халықты жұмыспен қамту


00702

Жұмыспен қамту саласындағы рұқсат құжаттарын беру


00703

Әлеуметтік қамтамасыз ету, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру


00704

Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау


00705

Әлеуметтік қызметтер


00706

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

008


Білім және ғылым


00801

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім


00802

Білім және ғылым саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


00803

Білім және ғылым саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

009


Бизнес және кәсіпкерлік


00901

Бизнесті немесе жеке кәсіпкерлікті бастау


00902

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы


00903

Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


00904

Өнімдердің жекелеген түрлерін өндіруге рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


00905

Өнімдердің жекелеген түрлерін сатып алуға, сатуға және сақтауға рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


00906

Кәсіпкерлік қызметті қолдау

010


Туризм


01001

Туризм саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

011


Көлік және коммуникация


01101

Автомобиль көлігі


01102

Әуе көлігі


01103

Теміржол және су көлігі


01104

Көлік және коммуникация саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

012


Қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, табиғи ресурстар


01201

Қоршаған ортаны қорғау


01202

Су ресурстарын пайдалану


01203

Орман ресурстарын пайдалану


01204

Жануарлар әлемін пайдалану


01205

Жер қойнауын пайдалану

013


Ауыл шаруашылығы


01301

Ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер


01302

Ауыл шаруашылығы саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

014


Өнеркәсіп, индустрия және технология


01401

Отын және энергетика


01402

Технологиялар


01403

Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


01404

Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

015


Мұнай-газ саласы


01501

Мұнай-газ саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


01502

Мұнай-газ саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

016


Салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет


01601

Салықтық әкімшілендіру


01602

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік


01603

Аудиторлық қызмет

017


Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау


01701

Банктер қызметі саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


01702

Зейнетақы қорларының қызметі саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


01703

Сақтандыру қызметтерінің нарығы саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


01704

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

018


Кеден ісі


01801

Кеден ісі саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

019


Қауіпсіздік, қорғаныс және сот төрелігі


01901

Қауіпсіздік, сот төрелігі және қорғаныс саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


01902

Қауіпсіздік, сот төрелігі және қорғаныс саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

020


Бәсекелестікті қорғау


02001

Бәсекелестікті қорғау саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

021


Дін


02101

Дін саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

022


Жер қатынастары, геодезия және картография


02201

Жер қатынастары


02202

Геодезия және картография

023


Мәдениет, ақпарат және байланыс


02301

Байланысты ұйымдастыру және ұсыну саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


02302

Ақпарат


02303

Мәдениет

024


Төтенше жағдайлар


02401

Төтенше жағдайлар саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

025


Дене шынықтыру және спорт


02501

Дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

026


Сәулет-қала құрылысы қызметі


02601

Сәулет-қала құрылысы саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


02602

Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

027


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық


02701

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

028


Сыртқы саясат және сыртқы істер


02801

Сыртқы саясат және сыртқы істер саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

029


Табиғи монополияларды реттеу


02901

Табиғи монополияларды реттеу саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

030


Мемлекеттік қызмет


03001

Мемлекеттік қызмет саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

031


Басқалары


03101

Ғарыш кеңістігін пайдалану


03102

Апостиль қою


03103

Статистикалық ақпарат беру


03104

Мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттік меншік


03105

Анықтамалар беру

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады