"Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 815 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 239-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.»;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жыл сайын, 10 маусымға және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiне ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөнiнде қабылданған шаралар және ағаш пен бұта тұқымдыларын плантацияда өсiру туралы ақпарат берсiн.»;
      3-тармақтың бірінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi:»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Ж. Қаппаровқа жүктелсін.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2004 года № 460 "О запрете рубок главного пользования в хвойных и саксауловых насаждениях на участках государственного лесного фонда и мерах по их сохранению"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2013 года № 815. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 января 2016 года № 43

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.01.2016 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2004 года № 460 «О запрете рубок главного пользования в хвойных и саксауловых насаждениях на участках государственного лесного фонда и мерах по их сохранению» (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 19, ст. 239) следующие изменения:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Запретить:
      1) рубки главного пользования в хвойных насаждениях на участках государственного лесного фонда Республики Казахстан до 31 декабря 2013 года;
      2) все виды рубок в саксауловых насаждениях на участках государственного лесного фонда Республики Казахстан до 31 декабря 2018 года.»;
      подпункт 3) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      «3) представлять ежегодно к 10 июня и 10 января в Комитет лесного и охотничьего хозяйства Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан информацию о принятых мерах по охране лесов от незаконных порубок и плантационном выращивании древесных и кустарниковых пород.»;
      абзац первый пункта 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Комитету лесного и охотничьего хозяйства Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан:»;
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      «5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан Каппарова Н. Д.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов