"Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013 - 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 826 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013- 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 385 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Республикалық бюджеттен 2013 - 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру:
      1) «2013 - 2015 жылдарға арналған карантиндік зиянды организмдердің фитосанитариялық қауіп-қатерлерін талдау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша;
      2) «2013 - 2014 жылдарға арналған жаңғыртылған энергия көздерін қолдану арқылы Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту мен жайылымдарды тиімді пайдалануға ғылыми-эксперименталдық негіздеме» ғылыми-техникалық жобасы бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады