Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 854 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелерінің және оның қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «2. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 3-жол алынып тасталсын;
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 2-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда:
      «62791» деген сандар «62765» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оқу орталығы 35» деген жол алынып тасталсын;
      «Түзеу мекемелері 9987» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Түзеу мекемелері 9996».
      4. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесін қаржыландыру республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат пен штат санының бекітілген лимиті шегінде жүргізіледі деп айқындалсын.
      5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 126 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 7, 70-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады