Көлік құралы паспортының (көлік құралы шанағының паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 895 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Көлік құралы паспортының (көлік құралы шанағының паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісім жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа Көлік құралы паспортының (көлік құралы шанағының паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 905 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 29 тамыздағы
№ 895 қаулысына   
қосымша       

Көлік құралы паспортының (көлік құралы шанағының паспортының)
және өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері
паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық
паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы
КЕЛІСІМ

      Ескерту. Келісім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 905 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы шартты, 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартты негізге ала отырып,
      көлік құралдарының (көлік құралдары шассиінің), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында еркін айналысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау және көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің паспорттарын бірыңғай нысандар бойынша ресімдеу тәртібін айқындау мақсатында
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім мынадай мәселелерді реттейді:
      Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында жасап шығарылған және Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында тіркелуге жататын көлік құралдарына (көлік құралдарының шассиіне), өздігінен жүретін машиналарға және техниканың басқа да түрлеріне берілетін көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын қолдану;
      Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында тіркелуге жататын көлік құралдарына (көлік құралдарының шассиіне), өздігінен жүретін машиналарға және техниканың басқа да түрлеріне ресімделетін көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарын қолдану.

2-бап

      Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер мынаны білдіреді:
      «көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің әкімшісі» - көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдарының шассиі паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелерін пайдалануға енгізуді, пайдалануды, өнімділікті оңтайландыруды, қол жеткізуді қамтамасыз ету мен бақылауды, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, техникалық қамтамасыз ету мәселелерін қадағалауды, жүйелерге қатысушылармен және билік органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды, осы жүйелерге жаңа қатысушыларды қосуды, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің осы жүйелер функциялары саласындағы заңнамасын үндестіру үшін қажетті шараларға бастамашылық жасауды қоса алғанда, осы жүйелерді жобалау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру функциясы жүктелген ұйым;
      «өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің паспорты» - жұмыс көлемі 50 текше сантиметрден асатын іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты 4 кВт-тан асатын электр қозғалтқышы(тары) бар тракторларға, өздігінен жүретін жол-құрылысы, коммуналдық, ауыл шаруашылығы машиналары мен жер үстінде рельссіз жүретін басқа да механикалық көлік құралдарына (жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүруге арналған, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 50 км-ден асатын автомотокөлік құралдарын қоспағанда) және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт;
      «көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты)» - жұмыс көлемі 50 текше сантиметрден асатын іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты 4 кВт-тан асатын және (немесе) ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 50 км электр қозғалтқышы(тары) бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүруге арналған автомотокөлік құралдарына және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт (шассилер тұтынушыларға жеткізіп берілетін жағдайда көлік құралының шассиіне берілетін паспорт);
      «көлік құралдарының электрондық паспорттарының (көлік құралдарының шассиі паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелері» - есептеуіш және коммуникациялық жабдықты, бағдарламалық жасақтаманы, лингвистикалық құралдарды, ақпараттық ресурстарды, жүйе персоналын және осы жүйелерде белгіленген қағидалар бойынша өзара іс-қимыл жасасатын, сондай-ақ осы жүйелердің белгіленген функцияларын орындаудың ақпараттық технологиясын іске асыратын қатысушылар мен пайдаланушыларды қамтитын құрылымдалған кешендер;
      «өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорты» - өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде осы Келісімге сәйкес белгіленген тәртіппен ресімделген өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің паспорты;
      «көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің паспорттары) – көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) жүйесінде осы Келісімге сәйкес белгіленген тәртіппен ресімделген көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты).

3-бап

      Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайды.
      Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу қағидаларын, олардың құрылымы мен форматын Еуразиялық экономикалық комиссия бекітеді.
      Көлік құралдарының электрондық паспорттарының (көлік құралдарының шассиі паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелері қолданысқа енгізілгенге дейін көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандары қолданылады.
      Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарына қойылатын негізгі талаптарды, оларды толтыру тәртібін және көлік құралдары паспорттарының (көлік құралдарының шассиі паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар және техниканың басқа да түрлері паспорттарының бланкілері туралы мәліметтер алмасу тәртібін, сондай-ақ оларды қолдануды бастау мерзімін Еуразиялық экономикалық комиссия бекітеді.
      Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын толтыру кезінде «Ерекше белгілер» деген жолда аумағында нақты көлік құралы (көлік құралының шассиі), өздігінен жүретін машина немесе техниканың басқа да түрі Кеден одағына осы мүше мемлекетте белгіленген талаптарға расталған сәйкестігі кезінде бастапқы айналысқа арналған Кеден одағына мүше мемлекет көрсетіледі.
      Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын қолдану басталғанға дейін көлік құралдарының паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) осы Келісімнің 8-бабына сәйкес ресімделеді.

4-бап

      Осы Келісімді іске асыру мақсатында көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің паспорттарын ресімдеуді, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеуді жүзеге асыратын, Кеден одағына мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін), өздігінен жүретін машиналарды және техниканың басқа да түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) қалыптастырылады.
      Бірыңғай тізілімді қалыптастыру мен жүргізу тәртібін Еуразиялық экономикалық комиссия бекітеді.
      Бірыңғай тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді Еуразиялық экономикалық комиссия жүзеге асырады.

5-бап

      Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарын қолдану басталғанға дейін көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің паспорттарын Бірыңғай тізілімге енгізілген, көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін), өздігінен жүретін машиналарды және техниканың басқа да түрлерін жасаушы ұйымдар (бұдан әрі - жасаушы ұйымдар) өздері жасап шығарған көлік құралдарына (көлік құралдарының шассиіне), өздігінен жүретін машиналарға және техниканың басқа да түрлеріне ресімдейді.
      Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарын қолдану басталғанға дейін көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің паспорттарын Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделген жағдайларда Тараптардың мемлекеттерінің уәкілетті органдары (ұйымдары) да ресімдейді.
      Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарын 2015 жылғы 1 шілдеден бастап Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары (ұйымдары) және Бірыңғай тізілімге енгізілген жасаушы ұйымдар Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін тәртіппен ресімдейді.

6-бап

      Тараптар белгілейтін органдар (ұйымдар) көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарына қойылатын негізгі талаптарға сәйкес көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды айқындайды және оларды көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Тараптар мемлекеттері органдарының, өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Тараптар мемлекеттері органдарының назарына жеткізеді.

7-бап

      Көлік құралдарының электрондық паспорттарының (көлік құралдарының шассиі паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелері көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу процесінің бірыңғай серпінді ақпараттық моделін қолдауды қамтамасыз етеді және осы жүйелерге қатысушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін белгіленген функцияларды орындаудың ақпараттық технологиясын іске асырады. Көрсетілген жүйелер арқылы ақпараттық өрістің біртұтастығы, қолжетімділікті бірыңғай бақылау, деректердің қауіпсіздігін, тұтастығын және анықтығын қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай іс-шаралар қамтамасыз етіледі, осы жүйелерге қатысушылармен және билік органдарымен орталықтандырылған өзара іс-қимыл жасасу, көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу кезеңінде Тараптар мемлекеттерінің заңнамасын үндестіру үшін қажетті қосымша шараларға бастамашылық ету, Тараптар өзара танитын техникалық регламенттердің міндетті талаптарының орындалуын бірыңғай бақылау, сондай-ақ ақпараттың анықтылығын орталықтандырылған тексеру, Тараптардың міндетті талаптарының біртұтастығын қамтамасыз етудің және көлік құралдарының (көлік құралдары шассиінің), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің сәйкестігін бағалаудың бірыңғай нысандары мен қағидаларын қолданудың орталықтандырылған мониторингі ұйымдастырылады.
      Еуразиялық экономикалық комиссия Тараптар мемлекеттерінің бірінің ұйымын көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің әкімшісі ретінде айқындайды.

8-бап

      Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын қолдану басталғанға дейін Тараптар айқындайтын Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарын Ресей Федерациясының уәкілетті органы Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының өтінімдеріне сәйкес көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін) Ресей Федерациясына жеткізу үшін Ресей тарапы айқындайтын тәртіппен Ресей Федерациясы көлік құралдарының паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) бланкілерінің қажетті санымен қамтамасыз етеді.
      Көлік құралының немесе көлік құралы шассиінің Ресей Федерациясының дөңгелекті көлік құралдарын техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын, көлік құралының типін мақұлдаудың немесе көлі құралы шассиінің типін мақұлдаудың болуы Ресей Федерациясы көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) ресімдеу шарты болып табылады.
      Ресей Федерациясының көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) бланкісін толтыруды Ресей Федерациясының уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының жасаушы ұйымдары жүзеге асырады.
      Ресей Федерациясы көлік құралдарының паспорттары (көлік құралы шассиінің паспорттары) бланкілерінің пайдаланылуын есепке алу мен бақылауды Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары жүзеге асырады. Ресей Федерациясының көлік құралдары паспорттарының (көлік құралдарының шассиі паспорттарының) бланкілерін пайдалану туралы мәліметтер алмасуды жүзеге асыру тәртібі Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен келісіледі.

9-бап

      Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
      Егер Тараптар дауды консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы бір Тарап екінші Тарапқа жіберген ресми жазбаша өтініш келіп түскен күннен бастап 6 ай ішінде реттемесе, онда дауды шешу тәсіліне қатысты Тараптар арасында басқа уағдаластық болмаған кезде, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін береді.

10-бап

      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

11-бап

      Осы Келісім ратификациялауға жатады және қол қойылған күннен бастап 60 күн өткен соң уақытша қолданылады және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптар мемлекеттерінің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен кейін күнтізбелік 5 күн өткен соң күшіне енеді.
      Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, оның куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жібереді.

      _______ жылғы « » ________ ________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

        Беларусь               Қазақстан                 Ресей
   Республикасының          Республикасының          Федерациясының
     Үкіметі үшін             Үкіметі үшін            Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады