"Ұлттық холдингтердiң және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берiлген және (немесе) олардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 928 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Ұлттық холдингтердiң және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берiлген және (немесе) олардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң тiзбесiнде:
      «Меншiгiнде стратегиялық объектiлер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi, пайлары)» деген бөлiмде:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 29-жолмен толықтырылсын:
      «

29

«Серебрянск органикалық емес өндіріс зауыты» ЖШС 100% қатысу үлесі

                                                              ».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады