Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттік мекемесін тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1083 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы
экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесін тарату
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
10 қазандағы № 1083 қаулысына баспасөз-хабарламасы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1083 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі №469-IV Заңының 32-бабының 3-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.
      Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1382 қаулысы жоғарыда көрсетілген қалымен күшін жойды.
      Қаулының мақсаты «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1531 қаулысының қабылдануына байланысты «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесін тарату болып табылады.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз