Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1136 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Комиссия құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 22 қазандағы
№ 1136 қаулысымен  
бекітілген     

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, төрағының орынбасары
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, хатшы
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі
      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты,  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты  (келісім бойынша)
      «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 22 қазандағы
№ 1136 қаулысымен  
бекітілген     

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеті Бағдарламаны орындаудың негізгі параметрлерін қарау болып табылады.
      5. Комиссияның функциялары:
      1) қызметтік тұрғын үйлерді салу, құрылысын аяқтау және қоныстандыру жұмыс берушілердің қатысуымен жүзеге асырылатын өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды қарау;
      2) республикалық меншіктегі әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге арналған республикалық бағдарламалар әкімшілерінің арасында қаражат бөлу жөніндегі ұсынымдар әзірлеу;
      3) Бағдарлама шеңберінде кешенді дамыту үшін айқындалған тірек ауылдық елді мекендердің тізбесі және тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыруға арналған қаражатты өңірлер арасында бөлу бойынша ұсыныстарды қарау;
      3-1) республика бойынша және өңірлер бөлінісінде жұмыс орындарын құру жоспарларын қарау;
      4) қаржыландыру лимиттерін келісу және Бағдарлама бағыттары және өңірлер бойынша қаражат бөлу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      5) жыл қорытындысы бойынша облыс әкімдерінің жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық және кедейлік деңгейі жоспарларының іске асырылуы және Бағдарламаны іске асыру жөніндегі есептерін тыңдау болып табылады;
      6) басқа өңірлердің бөлінген және (немесе) бөлінетін қаражаттан бас тартуы, сондай-ақ тиісті құжаттаманы ұсынбауы нәтижесінде қалыптасқан сомаларды өңірлер арасында қайта бөлу бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссияның белгіленген тәртіппен және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      2) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
      3) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпарат сұратуға;
      4) Отырыстарда Комиссияның қарауына жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерін тыңдауға;
      5) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасының орынбасары оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
      9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      11. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды деп саналады.
      12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуға және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      12-1. Дауыс беру парақтарымен қоса Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

5. Комиссия қызметін тоқтату

      13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссия қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 22 қазандағы
№ 1136 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң күші жойылған кейбір
шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 357 қаулысы.
      2. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 460 қаулысы.
      3. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 460 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 263 қаулысы.
      4. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 179 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады