Байланыс формасы

Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 1146 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 477 қаулысымен

            Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.08.2016 № 477 қаулысымен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
 
Премьер-Министрі
С. Ахметов

      

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 қазандағы
№ 1146 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке
алуы және жүйелендіруі қағидалары

      1. Осы Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары қабылдаған нормативтік құқықтық актілер бойынша олардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі тәртібін айқындайды.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді.
      4. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелендіру заңнаманың қолжетімділігін, оны пайдалану ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
      5. Мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелендіру жөніндегі функцияларды мемлекеттік орган басшысының шешімімен айқындалған мемлекеттік органның тиісті бөлімшесі немесе қызметкері (қызметкерлері) жүзеге асырады.
      Мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді есепке алуды және жүйелендіру тиісті мемлекеттік органның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің қызметкері жүзеге асырады.
      6. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелендіру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
      7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі тұрақты негізде қағаз және электрондық түрде жүргізіледі және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жинақтау мен сақтауды, мемлекеттік органның қызмет бағыттарына сәйкес хронологиялық тәртіппен орналастыруды, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді бақылау жағдайында ұстауды қамтиды.
      8. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Республикалық құқықтық ақпарат орталығы тиісті мемлекеттік органдарға жолдайтын нормативтік құқықтық актінің баспа мәтінінің көшірмесін, оған берілген тіркеу нөмірімен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде алады.
      Нормативтік құқықтық актінің көшірмесін алғаннан кейін мемлекеттік органның жауапты адамы келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу журналына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес атауын, күнін, мемлекеттік тізілімдегі нөмірін көрсете отырып тиісті жазу енгізеді.
      Мемлекеттік органның жауапты адамы журналда тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Нормативтік құқықтық актілердің тізіліміне тиісті мәліметтер енгізеді.
      Нормативтiк құқықтық актілерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілген, нормативтiк құқықтық актілердiң жекелеген бөлiктерiнiң күшi жойылды деп танылған не олардың қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде оның мәтiнiне енгiзiлетiн нормалардың тұжырымын, сондай-ақ актінiң нысаны, қабылданған күнi және нөмiрi туралы ақпаратты нақты көрсететiн белгi енгiзiледi.

  Мемлекеттік органдардың
нормативтік құқықтық актілерді
есепке алуы және
жүйелендіруі қағидаларына
қосымша

Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналы

Р/с

Келіп түскен күні
Кіріс нөмірі
Мемлекеттік тізілімдегі нөмірі
Нормативтік құқықтық актінің атауы
1
2
3
4
5
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады