Сыйға тарту шарты бойынша ғимаратты іргелес жер учаскесімен жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдауға келісу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 1162 қаулысы

      «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 7-үй мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,4194 га іргелес жер учаскесі бар, теңгерімдік құны 87 982 228,42 (сексен жеті миллион тоғыз жүз сексен екі мың екі жүз жиырма сегіз) теңге 42 тиын ғимаратты республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады