Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1219 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 439-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ережеде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Агенттіктің заңды орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс.»;
      15-тармақтың 12) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады