"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 1256 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оку орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 502-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
      мына:

      «

Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін

500




1881,5

2945,1

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін

539




1 700

3 400

                                                                   »;

      мына:

      «

Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға

500




1505,0

3098,2

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға

537




1 418

2 836

                                                                   »;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оку орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 — 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
      «Магистратураға қабылдау» деген бөлімде:
      мына:

      «

Назарбаев Университеті

140

2106,3

4212,7

                                                                   »;

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Назарбаев Университеті

97

2 500

5 000

                                                                   ».

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады